Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2023 № 381-НҚ бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережені 15-тармаққа сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) Ережелерге өзгерістер енгізу туралы тіркеуші органды хабардар етуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министірі
|
Д. Қыдырәлі
|
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің ___ жылғы "__" ________ № ____ бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.";
13-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Гендерлік саясатын үйлестіру басқармасы.";
16-тармақта:
"Жастар саясатын үйлестіру басқармасы" бөлімінде:
"іске асыру" кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы қырық, қырық бірінші және қырық екінші абзацтармен толықтырылсын:
"жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;
қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабардар ету тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;
жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;";
"Отбасы саясатын үйлестіру басқармасы" бөлімінде:
"іске асыру" кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы отыз үшінші және отыз төртінші абзацтармен толықтырылсын:

қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабардар ету тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;";
"Мониторинг және талдау басқармасы" бөлімінде:
"реттеуші" кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"жастардың даму индексін ендіру мен қолдану қағидаларын әзірлеу;";
"іске асыру" кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;
қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабардар ету тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;
жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;";
"Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасы" бөлімінде:
"реттеуші" кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;";
"іске асыру" кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы отызыншы, отыз бірінші және отыз екінші абзацтармен толықтырылсын:
"уақытша бос жүрген жастармен мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тетіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;
мемлекеттік органдардың уақытша бос жүрген жастар санын азайтуға бағытталған іс-шаралар жөніндегі қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Гендерлік саясатын үйлестіру басқармасы:
стратегиялық:
басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
реттеуші:
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, заңнамада оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
іске асыру:
құзырет шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
гендерлік саясат саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;
гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
гендерлік саясатын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
гендерлік саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;
гендерлік саясат саласында республикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
гендерлік саясаты саласындағы үрдістерді жүйелі талдау;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен гендерлік саясат саласындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
гендерлік саясат саласындағы нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;
басқарманың құзыреті шегінде үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде олар өткізетін іс-шараларға тұрақты қатысу;
гендерлік саясат мәселелері жөніндегі брифингтер мен өзге де жария іс-шараларды дайындау;
гендерлік саясат мәселелері бойынша орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге субъектілердің қызметін үйлестіру;
басқарманың құзыреті шегінде қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;
Комитет құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.".
2. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2023 № 379-НҚ бұйрығымен.
3. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2023 № 384-НҚ бұйрығымен.
4. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2023 № 378-НҚ бұйрығымен.