"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 379-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Вице-министріне жүктелсін.

      5. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 32 бұйрығы;

      2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 32 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 1 шілдедегі № 231 бұйрығы;

      3) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 324-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы.

      6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
Министрі
А. Балаева

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2023 жылғы "__" _________
№ _______ бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – Комитет)" Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ақпарат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттемелерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджетіне жіберіледі.

      13. Комитет құрамына мыналар кіреді:

      1) Баспа бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жұмыс басқармасы;

      2) Теле -, радиоарналардағы ақпараттық жұмыс басқармасы;

      3) Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жөніндегі басқармасы;

      4) Жұртшылықпен байланыс және мемлекеттік органдармен үйлестіру басқармасы;

      5) Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы бақылау басқармасы;

      6) Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасы;

      7) Мемлекеттік ақпараттық саясатты талдауды жүзеге асыру басқармасы;

      8) Телерадио хабарларын тарату саласындағы жобаларды дамыту басқармасы.

2-тарау. Комитеттің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      14. Міндеттері:

      1) бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      2) бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату саласында мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

      4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде меритократия қағидатын сақтау;

      6) телерадио хабарларын таратуды дамыту жөніндегі жобаларды әзірлеуге қатысу;

      7) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану;

      8) өз құзыреті шегінде Комитетке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Құқықтар мен міндеттемелер:

      Комитет құқылы:

      1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау және шығару;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      3) Қазақстан Республикасының ақпарат және бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы;

      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шаралар, кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

      5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарды (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға құқылы;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      Комитеттің міндеттемелеріне мыналар кіреді:

      1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірулер дайындау;

      4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      6) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттың толық, уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу.

      16. Функциялар:

      Баспа бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жұмыс басқармасы:

      стратегиялық:

      Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      реттеуші:

      басқарманың құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      мерзімді баспасөз басылымдарының заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;

      мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивтерін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

      "Үркер" ұлттық сыйлығын беру тәртібін, олардың ақшалай сыйақы мөлшері мен номинацияларын әзірлеу;

      іске асыру:

      жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;

      қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабардар ету тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;

      құзырет шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру;

      құзырет шегінде мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысу;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитет құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға сәйкестікті растайтын талаптар мен құжаттар тізбесін әзірлеу;

      басқарманың құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде іс-әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін бұзуға, ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруге әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттік қызметшілерді жауаптылыққа тарту;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, сараптама қорытындыларды алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын орналастыру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге хабарлама жіберу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      құзырет шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Теле -, радиоарналардағы ақпараттық жұмыс басқармасы:

      стратегиялық:

      Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      реттеуші:

      басқарманың құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      тиісті салаларда келісімдер, меморандумдар және шарттар әзірлеу;

      "Тұмар" ұлттық сыйлығын беру тәртібін, олардың ақшалай сыйақы мөлшері мен номинацияларын әзірлеу;

      міндетті теле -, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларын әзірлеу;

      денсаулық сақтау және жарнама саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі әлеуметтік жарнаманы отандық телеарналарда қалыптастыру және орналастыру қағидаларын әзірлеу;

      ақпараттық өнімдерді жас классификациясына жатқызу қағидалары мен әдістерін әзірлеу;

      жас санаты белгісіне қойылатын талаптарды әзірлеу;

      іске асыру:

      жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;

      қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабардар ету тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;

      құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын келісу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру;

      құзырет шегінде мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Ақпарат комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитет құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      басқарманың құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

      басқарманың құзыреті шегінде іс-әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін бұзуға, ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруге әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттік қызметшілерді жауаптылыққа тарту;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, сараптама қорытындыларды алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын орналастыру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге хабарлама жіберу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      құзырет шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма:

      стратегиялық:

      Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      реттеуші:

      интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау қағидаларын әзірлеу;

      бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      "Үркер" ұлттық сыйлығын беру тәртібін, олардың ақшалай сыйақы мөлшері мен номинацияларын әзірлеу;

      іске асыру:

      ашық бюджеттер интернет-порталында ақпаратты орналастыру;

      бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын шетелдік онлайн-платформалардың және (немесе) лездік хабар алмасу сервистерінің заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу;

      жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;

      қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабардар ету тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру;

      құзыреті шегінде мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Комитет құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Ақпарат комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік құпияны қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

      басқарманың құзыреті шегінде әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделердің бұзылуына, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қатерге әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттік қызметшілерді тиісті жауаптылыққа тарту;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, сараптама қорытындыларды алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын орналастыру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге хабарлама жіберу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Жұртшылықпен байланыс және мемлекеттік органдармен үйлестіру басқармасы:

      стратегиялық:

      Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      реттеуші:

      басқарма құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгі қағиданы әзірлеу;

      мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;

      белгілі бір аумақта халықтың тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлар беру қағидаларын әзірлеу;

      іске асыру:

      басқарманың құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

      құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;

      құзырет шегінде мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде жастар ұйымдарымен, саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған және іске асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды орналастыру;

      Ақпарат комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      басқарма құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде іс-әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін бұзуға, ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруге әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттік қызметшілерді жауаптылыққа тарту;

      Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, сараптама қорытындыларды алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын орналастыру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге хабарлама жіберу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы бақылау басқармасы:

      стратегиялық:

      Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      реттеуші:

      Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу қағидаларын және оны есептеу әдістемесін әзірлеу;

      сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша арызды қарау қағидаларын әзірлеу;

      телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;

      бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша интернет-ресурстарға, шетелдік онлайн-платформаларға және лездік хабарлар алмасу сервистеріне қолжетімділікті шектеу туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      басқарма құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;

      телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      бақылау:

      Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      бұқаралық ақпарат құралдарында Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүзеге асыру;

      "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау тұрғысынан бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерінің мониторингін жүзеге асыру;

      телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерінің және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тиімділігінің мониторингін жүргізу;

      бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату саласындағы бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар жолдау;

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұзу анықталған кезде нұсқамалар беру;

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру және әкімшілік жаза қолдану;

      белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда нұсқамалар мен хабарламалар жіберу;

      онлайн-платформаның меншік иесінен және (немесе) заңды өкілінен бір тәулікте пайдаланушылар саны туралы ақпаратты сұрату;

      онлайн платформада пайдаланушылар санын анықтау функциялары болмаған жағдайда пайдаланушылар санын анықтау;

      онлайн-платформалардың меншік иелерінен және (немесе) заңды өкілдерінен Қазақстан Республикасының сот актілері, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының сұрау салулары негізінде пайдаланушылар туралы мәліметтерді сұрату;

      іске асыру:

      байланыс операторларына және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 41-1-бабының 1-1 және 2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманың күшін жою және интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау туралы тапсырма беру;

      Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілерімен және байланыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібін айқындау;

      жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;

      қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабардар ету тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;

      құзырет шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды, дамытуды және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;

      Ақпарат комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Комитет құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастыру;

      басқарманың құзыреті шегінде іс-әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін бұзуға, ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруге әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттік қызметшілерді жауаптылыққа тарту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюды беру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, сараптама қорытындыларды алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын орналастыру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге хабарлама жіберу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы рұқсат беру құжаттары басқармасы:

      стратегиялық:

      Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      реттеуші:

      басқарма құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және бұқаралық ақпарат құралдары саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындайтын нормативтік құқықтық актіні әзірлеу;

      телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу және рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;

      Комитет реттейтін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

      іске асыру:

      жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;

      қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабардар ету тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;

      құзырет шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қоюды, қайта есепке алуды жүзеге асыру;

      отандық теле -, радиоарнаны есепке қоюды, қайта есепке қоюды, куәліктің телнұсқасын беруді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді

      баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны тіркеуді, қайта тіркеуді, куәліктің телнұсқасын беруді жүзеге асыру;

      теле -, радиоарналарды бөлу жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензиялар беру;

      есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпараттық агенттіктердің және желілік басылымдардың тізілімін жүргізу;

      Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізу;

      эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарататын субъектілердің тізілімін жүргізу;

      есепке қою үшін өтініш берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптаманы жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;

      ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;

      Комитет құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны көрсетуді электрондық форматқа көшіру жөнінде шаралар қабылдау;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, сараптама қорытындыларды алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын орналастыру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге хабарлама жіберу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Мемлекеттік ақпараттық саясатты талдауды жүзеге асыру басқармасы:

      стратегиялық:

      Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      реттеуші:

      адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу;

      республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлеу;

      өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін әзірлеу;

      Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия және оның құрамы туралы ережені әзірлеу;

      бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу;

      іске асыру:

      жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;

      қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабардар ету тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;

      мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;

      құзырет шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

      басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;

      жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарымен және Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;

      Ақпарат комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      Ақпарат комитетінің құзыреті шеңберінде бюджеттік өтінімді, мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру;

      Комитет құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты іске асыруды жалпы үйлестіру;

      мемлекеттік ақпараттық тапсырыс конкурсын өткізу туралы ақпараттық хабарламаны уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру;

      мемлекеттік ақпараттық тапсырыс мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету;

      мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүргізуге арналған шарттарды әзірлеу;

      басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде іс-әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін бұзуға, ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруге әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттік қызметшілерді жауаптылыққа тарту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, сараптама қорытындыларды алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын орналастыру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге хабарлама жіберу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      құзырет шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Телерадио хабарларын тарату саласындағы жобаларды дамыту басқармасы:

      стратегиялық:

      Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      реттеуші:

      басқарма құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      тиісті салаларда нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      өз құзыреті шегінде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      міндетті теле -, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;

      міндетті теле -, радиоарналардың тізбесін әзірлеу;

      телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлеу;

      ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесін әзірлеу;

      телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу;

      телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу;

      телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын әзірлеу;

      телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесін әзірлеу;

      Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына ережені әзірлеу және ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;

      өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргізу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосу қағидаларын әзірлеу;

      өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлеу;

      телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың (цифрлық эфирлік және жерсеріктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ аналогтік телерадио хабарларын тарату арқылы) таралуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігіндегі қызметін үйлестіру;

      іске асыру:

      жеке қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылау жүргізу;

      қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабардар ету тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (тәсілдерінің) толықтығы бойынша қорытынды беру;

      құзырет шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Министрлік ведомствосының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының аумағында радиохабар таратуды дамыту мәселелері жөніндегі жобаларды әзірлеу;

      цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу тәртібі мен мерзімдерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      көпарналы хабар таратуда таралуына байланысты міндетті теле -, радиоарналардың санын айқындау;

      басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз етуге қатысу;

      Ақпарат комитетінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу бөлігіндегі қызметін үйлестіру;

      міндетті теле-, радиоарналарды және еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды таратуды қаржылық қамтамасыз ету бөлігінде Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының қызметін үйлестіру;

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың телерадио хабарларын тарату саласындағы материалдық-техникалық базаны техникалық жаңғырту мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;

      Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор көрсететін қызметтердің тарифтері бойынша есептерді келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      Комитет құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға сәйкестікті растайтын талаптар мен құжаттар тізбесін әзірлеу;

      басқарманың құзыреті шегінде іс-әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін бұзуға, ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруге әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттік қызметшілерді жауаптылыққа тарту;

      Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы жөнінде ұсыныстар енгізу;

      телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін жиіліктерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

      телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле -, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

      міндетті теле -, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;

      техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу;

      техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақты іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;

      сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, сараптама қорытындыларды алу үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын орналастыру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптамалық кеңестерге хабарлама жіберу;

      қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3-тарау. Комитет басшысының қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның мәртебесі мен өкілеттіктері

      17. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты төраға жүзеге асырады.

      18. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) Министрдің, Министрлік аппараты басшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;

      2) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттемелері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселелерін шешеді;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

      8) мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, орындалған жұмыстар актілеріне, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар шеңберіндегі шарттарға қол қояды;

      9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар не сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің туындауына ықпал ететін іс-әрекеттер тіркелген жағдайларда, бұл туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;

      10) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      12) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы, телерадио хабарларын тарату туралы және байланыс туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде нұсқамалар береді;

      13) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес телерадио хабарларын таратудың бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметпен айналысуға лицензиялар және рұқсаттар береді;

      14) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін атқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      21. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      22. Комитет төрағасының орынбасарлары:

      1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) Министрдің, Министрлік аппараты басшысының, жетекшілік ететін вице-министрдің және Комитет төрағасының тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;

      3) өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      23. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады