БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі деп аталсын.
2. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 33 бұйрығы;
2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 310 бұйрығы;
3) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 324-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы "____" __________ № _____ бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – Комитет) діни қызмет саласын реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитет егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 15 кіреберіс.
9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілерде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. Комитет мынадай құрылымдардан құрылады:
1) Ислам діни бірлестіктерімен байланыс басқармасы;
2) Христиандық және басқа да діни бірлестіктермен байланыс басқармасы;
3) Оңалту жұмыстарын үйлестіру басқармасы;
4) Дінтану сараптамасы басқармасы;
5) Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасы;
6) Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасы;
7) Өңірлік жұмыс және ішкі үйлестіру басқармасы;
8) Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасы;
9) Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы.
2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттіліктері
14. Міндеттері:
1) діни қызмет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
2) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
Ислам діни бірлестіктерімен байланыс басқармасы:
стратегиялық:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
шет мемлекеттердің діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
реттеушілік:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Басқарманың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша діни қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу;
іске асыру:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
республикада конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізуді ұйымдастыру;
Басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, оның іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
сараптамалық қорытындыларды алу үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
Басқарманың құзыреті бойынша мамандардың қажеттіліктері туралы Кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Басқарманың құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу және талдау;
діни қызмет, қоғамдық келісім, қоғамдық институттарды дамыту және қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік әлеуеті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;
Басқарманың құзыреті бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру.
Басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;
Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Христиандық және басқа да діни бірлестіктермен байланыстар басқармасы:
стратегиялық:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
шет мемлекеттердің діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
реттеушілік:
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу;
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Басқарманың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу және келісу;
іске асыру:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
республикада конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізуді ұйымдастыру;
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін және оның институттарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
миссионерлік қызметті келісу;
"Бірлігіміз – әралуандықта" әмбебап қағидаты негізінде конфессияаралық келісімді нығайту саясатын жалғастыруға қатысу;
Басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, оның іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
сараптамалық қорытындыларды алу үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыреті бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Комитет өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсетуі кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауын келісу;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің қызметін зерделеу және талдау;
діни қызмет, қоғамдық келісім, қоғамдық институттарды дамыту және қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік әлеуеті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;
Басқарма құзыреті бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;
Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Оңалту жұмыстарын үйлестіру басқармасы:
стратегиялық:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
шет мемлекеттердің діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
реттеушілік:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Басқарманың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу;
іске асыру:
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
республикада конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізуді ұйымдастыру;
Басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, оның іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
сараптамалық қорытындыларды алу үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
Басқарманың құзыреті бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;
өз құзыреті шегінде діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған алдын алу шараларын іске асыру;
деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтарымен және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасасу;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен діни экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмысы мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Басқарманың құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;
Басқарманың құзыреті бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;
Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
Дінтану сараптамасы басқармасы:
стратегиялық:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
шет мемлекеттердің діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
реттеушілік:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Комитеттің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу;
дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу;
іске асыру:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
республикада конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізуді ұйымдастыру;
Басқарманың құзыреті шеңберінде мемлекеттік Жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, оның іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
сараптамалық қорытындыларды алу үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыреті бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру жөнінде шаралар қабылдау;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету;
Комитет өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсетуі кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;
Басқарманың құзыреті бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру.
Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасы:
стратегиялық:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
шет мемлекеттердің діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
реттеушілік:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Комитеттің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу;
іске асыру:
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
республикада конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізуді ұйымдастыру;
Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, оның іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
сараптамалық қорытындыларды алу үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
Басқарманың құзыреті бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Басқарманың құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
діни білім беру ұйымдарының қызметіне, оның ішінде білім беру саласындағы заңнаманы және діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы сақтау нысанасында мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
"Дінтану", "Исламтану", "Теология" және өзге де мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылымды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласында, сондай-ақ христиандық және басқа да конфессиялар бойынша діни білім беру ұйымдарында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру, оқу әдебиетімен қамтамасыз ету;
мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру салаларында және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жалпы білім беру ұйымдарындағы діни білім беру мәселелері бойынша балалардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
кадрлар даярлау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру, сондай-ақ христиандық және басқа да конфессиялар бойынша діни білім беру ұйымдарында оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету;
Шетелдік теологиялық жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттерге мониторинг жүргізуде тиісті мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;
"Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу және талдау;
Басқарманың құзыреті бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру.
Басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;
Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасы:
стратегиялық:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
шет мемлекеттердің діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
реттеушілік:
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу;
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Комитеттің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
іске асыру:
жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралардың) және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшылық лауазымдағы адамдарының тапсырмаларының, олардан туындайтын қызметтік сипаттағы құжаттардың орындалуына ішкі бақылауды жүргізу;
қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сұрау салуы бойынша хабарлау тәсілінің және реттеуші саясаттың консультативтік құжатын жария талқылауды жүргізу тәсілінің (дерінің) толық екендігі жөнінде қорытынды беру;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ Комитет реттейтін келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды, оның ішінде халықаралық келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу және жасасу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
республикада конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізуді ұйымдастыру;
соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ақпарат орналастыру;
сараптамалық қорытындыларды алу үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
Басқарманың құзыреті бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Басқарманың құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
заңнамада белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;
Басқарманың құзыреті бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру.
Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Өңірлік жұмыс және ішкі үйлестіру басқармасы:
стратегиялық:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
шет мемлекеттердің діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру.
реттеушілік:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Комитеттің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
Комитет реттейтін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының діни қызмет мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;
іске асыру:
діни қызмет саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асырылу мониторингін және олардың нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
республикада конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізуді ұйымдастыру;
Басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу және олардың іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыреті шеңберінде стратегиялық және операциялық жоспарды пысықтауды және келісуді қамтамасыз ету;
сараптамалық қорытындылар алу үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
Басқарманың құзыреті бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;
Басқарманың құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
діни қызмет, қоғамдық келісім, қоғамдық институттарды дамыту және қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік әлеуеті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;
республикадағы діни ахуалды зерделеу және талдау;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органның қызметін қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыреті бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру.
Басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;
Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасы:
стратегиялық:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
шет мемлекеттердің діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
реттеушілік:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Комитеттің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу;
іске асыру:
діни экстремизмнің алдын алу саласында озық халықаралық тәжірибені зерделеу және олар жөнінде ұсыныстар енгізу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
республикада конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізуді ұйымдастыру;
Басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу және олардың іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
сараптамалық қорытындылар алу үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
Басқарманың құзыреті бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Басқарманың құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;
Басқарманың құзыреті бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Дін мәселелері жөніндегі республикалық және өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
Басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;
Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы:
стратегиялық:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
діни қызмет, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
шет мемлекеттердің діни қызмет саласындағы уәкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
реттеушілік:
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекітуге тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Комитеттің құзыретіне жататын нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлеу;
іске асыру:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
республикада конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізуді ұйымдастыру;
Комитеттің құзыреті шегінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және жаңарту;
Басқарманың құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу және олардың іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
сараптамалық қорытындыларды алу үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу;
қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;
Басқарманың құзыреті бойынша мамандардың қажеттілігі туралы Кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;
діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған материалдарды дайындау, Интернет желісінде жариялау және ілгерілету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу саласындағы озық халықаралық тәжірибені енгізу;
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Басқарманың құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, коммерциялық емес ұйымдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;
Басқарманың құзыреті бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;
Комитеттің кадрлық саясатында гендерлік теңдік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттіліктері:
1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен құқықтық актілерді қабылдауға;
2) Комитеттің құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуге;
3) Комитеттің жанында консультативтік-кеңесші органды құруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
5) Комитетке берілген мүшікті басқаруды жүзеге асыруға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
7) Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттіліктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
17. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.
18. Комитеттің төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
20. Комитет төрағасының өкілеттігі:
1) Министрдің, Министрліктің аппарат басшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;
2) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және жұмыскерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Комитеттің жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Комитеттің жұмыскерлері іссапар жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселелерін шешеді;
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Комитеттің атынан өкілдік етеді;
7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
8) мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, орындалған жұмыстар актілеріне, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар шеңберіндегі шарттарға қол қояды;
9) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары немесе әрекеттері белгілі болған жағдайда, ол туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;
10) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебі нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
12) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
21. Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
22. Комитет төрағасының орынбасарлары:
1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үлестіреді;
2) Министрдің, жетекшілік ететін вице-министрдің, Министрліктің апарат басшысының және Комитет төрағасының тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;
3) өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4-тарау. Комитеттің мүлкі
23. Комитеттің Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
26. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
___________________________