О внесении изменений в постановление акимата города Караганды от 19 сентября 2022 года № 45/01 "Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении на территории города Караганды"

Постановление акимата города Караганды от 19 апреля 2024 года № 19/02

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "Об автомобильном транспорте", акимат города Караганды ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Караганды от 19 сентября 2022 года №45/01 "Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении на территории города Караганды" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №29733) следующие изменения:

      подпункт 1 пункта 1 указанного постановления изложить в новой редакции:

      "1) при безналичной оплате за проезд через систему электронной оплаты, включая посредством сети Интернет и устройств сотовой связи - 100 (сто) тенге;"

      подпункт 2 пункта 1 указанного постановления изложить в новой редакции:

      "2) при наличной оплате за проезд - 200 (двести) тенге."

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Караганды.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. акима города Караганды К.Камзин

      "СОГЛАСОВАНО"

      Карагандинский

      городской маслихат

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 45/01 "Қарағанды қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 19/02 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қыркүйектегі №45/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29733 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағының 1-тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге.";

      көрсетілген қаулының 1-тармағының 2-тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 200 (екі жүз) теңге.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімінің м.а. К.Камзин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарағанды қалалық

      мәслихаты