Об установлении ставки ввозной таможенной пошлины Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза в отношении отдельных видов контейнеров

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 13 сентября 2022 года № 129.

      В соответствии со статьями 42 и 45 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года и пунктами 16 и 18 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Установить ставку ввозной таможенной пошлины Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза, утвержденного Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 г. № 80, в отношении отдельных видов контейнеров, классифицируемых кодом 8609 00 900 9 ТН ВЭД ЕАЭС, в размере 0 процентов от таможенной стоимости с 1 октября 2022 г. по 28 февраля 2023 г. включительно.

      2. Внести в Единый таможенный тариф Евразийского экономического союза, утвержденный Решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 г. № 80, следующие изменения:

      а) в позиции с кодом 8609 00 900 9 ТН ВЭД ЕАЭС ссылку на примечание к Единому таможенному тарифу Евразийского экономического союза "63С)" заменить ссылкой "70С)";

      б) примечания к Единому таможенному тарифу Евразийского экономического союза дополнить примечанием 70С следующего содержания:

      "70С) Ставка ввозной таможенной пошлины в размере 0 (ноль) % от таможенной стоимости применяется с 01.10.2022 по 28.02.2023 включительно.".

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты его официального опубликования, но не ранее даты вступления в силу решения Совета Евразийской экономической комиссии о внесении изменений в перечень товаров, в отношении которых Республикой Казахстан в соответствии с обязательствами, принятыми в качестве условия присоединения к Всемирной торговой организации, применяются ставки ввозных таможенных пошлин, более низкие по сравнению со ставками пошлин Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза, и размеров таких ставок пошлин в отношении отдельных видов контейнеров и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 октября 2022 г.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович

Контейнерлердің жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесін белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 129 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16 және 18-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8609 00 900 9 кодымен сыныпталатын, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен белгіленген контейнерлердің жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН коды 8609 00 900 9 позициядағы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпеге "63С)" деген сілтеме "70С)" деген сілтемемен ауыстырылсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпе мынадай мазмұндағы 70С ескертпемен толықтырылсын:

      "70С) Кедендік құнның 0 (ноль) %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 01.10.2022 бастап 28.02.2023 дейінгі мерзімді қоса алғанда қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемері қолданылатын тауарлардың тізбесіне және контейнерлердің жекелеген түрлеріне қатысты осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшеріне өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен ерте емес күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович