Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о пунктах пропуска через казахстанско-российскую государственную границу

Соглашение 23 декабря 1998 года Астана. Вступило в силу 23 января 1999 года.

(Официальный сайт МИД РК - Вступило в силу 23 января 1999 года)

      Примечание РЦПИ!
      В Соглашение предусмотрены изменения Протоколом, утвержденным постановлением Правительства РК от 02.04.2009 № 460.

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      с целью создания благоприятных условий для развития сообщения между Республикой Казахстан и Российской Федерацией,
      руководствуясь необходимостью совершенствования порядка пропуска через казахстанско-российскую государственную границу лиц, транспортных средств, грузов, товаров и животных, а также с целью выявления и пресечения нелегальной миграции, контрабанды оружия, наркотических и психотропных веществ,
      согласились о нижеследующем:
 
                               Статья 1
 
      Для пересечения казахстанско-российской государственной границы лицами и транспортными средствами, для перемещения грузов, товаров и животных Стороны установят многосторонние и двусторонние пункты пропуска через государственную границу (далее именуемые - пункты пропуска).
      Перечни пунктов пропуска Стороны согласуют по дипломатическим каналам.
      По согласованию Сторон могут быть установлены пункты упрощенного пропуска граждан Республики Казахстан и граждан Российской Федерации.
 
                               Статья 2
 
      Пересечение казахстанско-российской государственной границы лицами через автомобильные пункты пропуска может осуществляться с использованием транспортных средств, либо пешком.
 
                               Статья 3
 
      Пограничный, таможенный и, при необходимости, другие виды контроля лиц, транспортных средств, грузов, товаров и животных (далее именуемые - контроль) осуществляются в пунктах пропуска в соответствии с законодательством Республики Казахстан, законодательством Российской Федерации и международными договорами, участниками которых они являются.
 
                               Статья 4
 
      Открытие пунктов пропуска осуществляется после завершения их обустройства и создания необходимой инфраструктуры для деятельности контрольных органов государств каждой из Сторон.
      Стороны уведомляют друг друга об открытии или закрытии установленных пунктов пропуска за 30 дней до планируемой даты открытия или закрытия пунктов пропуска.
      Сноска. Статья 4 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 18.05.2012 № 639.
 
                               Статья 5
 
      Режим работы пунктов пропуска определяется по взаимной договоренности между пограничными и таможенными ведомствами Республики Казахстан и Российской Федерации.
 
                               Статья 6
 
      Ограничение или прекращение движения через пункты пропуска может быть осуществлено по соображениям безопасности, санитарно-карантинным причинам, вследствие стихийных бедствий, при эпидемиях и эпизоотиях.
      Сторона, которая вводит такие ограничения, уведомляет другую Сторону по дипломатическим каналам не позднее, чем за 24 часа до планируемого времени их введения с указанием причин и сроков действия ограничений.
      Стороны будут информировать друг друга об ограничении или прекращении движения через казахстанско-российскую государственную границу в связи с плановым ремонтом объектов пунктов пропуска или коммуникационных сооружений не позднее, чем за три месяца до начала таких работ с уведомлением о дате их завершения.
 
                               Статья 7
 
      В исключительных случаях (стихийные бедствия, пожары, наводнения, эпидемии, эпизоотии, аварии техногенного характера, оказание неотложной медицинской помощи и т.п.) пограничные и таможенные ведомства государства каждой из Сторон по взаимной договоренности могут осуществлять пропуск граждан Республики Казахстан и граждан Российской федерации, транспортных средств и оборудования через государственную границу вне действующих пунктов пропуска с соблюдением установленного порядка контроля.
 
                               Статья 8
 
      Для обеспечения надлежащей деятельности пунктов пропуска каждая из Сторон создает на территории своего государства необходимую инфраструктуру.
      При проектировании, а также при строительстве объектов автомобильных и железнодорожных пунктов пропуска предусматривается возможность создания условий для проведения совместного контроля на территории Республики Казахстан и на территории Российской Федерации, при этом проекты строительства таких объектов подлежат взаимному согласованию.
      Порядок организации и осуществления совместного пограничного и таможенного контроля определяется руководителями пограничных и таможенных ведомств Республики Казахстан и Российской Федерации и оформляется протоколом.
 
                               Статья 9
 
      В настоящее Соглашение, по взаимному согласию Сторон, могут вноситься изменения и дополнения, которые оформляются отдельным протоколом. Указанный протокол является неотъемлемой частью настоящего Соглашения.
 
                               Статья 10
 
      Настоящее Соглашение вступает в силу через тридцать дней с даты подписания и будет действовать в течение пяти лет и автоматически продлевается на следующие пять лет, если ни одна из Сторон письменно за шесть месяцев до истечения срока действия Соглашения не уведомит Другую Сторону о своем намерении прекратить его действие.
      Совершено в г. Астане 23 декабря 1998 года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.
(Подписи)
 
(Специалисты: Умбетова А.М.,
               Склярова И.В.)
 

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы Келісім

Келісім 1998 жылғы 23 желтоқсан Астана. 1999 жылғы 23 қаңтарда күшіне енді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Келісімге өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2009.04.02 N 460 Қаулысымен бекітілген Хаттамамен.

      Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен,
      Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктердi, тауарларды және жануарларды өткiзудiң тәртiбiн жетiлдiрудiң қажеттiгiн басшылыққа ала отырып, сондай-ақ жасырын көшi-қонды, қару-жарақтың, есiрткi мен жүйкеге әсер ететiн заттардың контрабандасын анықтау және жолын кесу мақсатымен,
      төмендегiлер туралы келiстi:

                                 1-бап

      Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасын адамдардың және көлiк құралдарының кесiп өтуi үшiн, жүктердiң, тауарлардың және жануарлардың басқа жерге орнын ауыстыруы үшiн Тараптар мемлекеттiк шекара арқылы көп жақты және екi жақты өткiзу пункттерiн орнатады (бұдан әрi - өткiзу пункттерi).
     Өткiзу пункттерiнiң тiзбелерiн Тараптар дипломатиялық арналар бойынша келiседi.
     Тараптардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын және Ресей Федерациясының азаматтарын өткiзудiң жеңiлдетiлген пункттерi орнатылуы мүмкiн.

                                 2-бап

     Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасын автомобильдiк өткiзу пункттерi арқылы кесiп өту көлiк құралдарын пайдаланумен немесе жаяу жүзеге асырылады.

                                 3-бап

      Өткiзу пункттерiнде адамдарды, көлiк құралдарын, тауарларды және жануарларды шекаралық, кедендiк және қажет болғанда бақылаудың басқа да түрлерi (бұдан әрi - бақылау) Қазақстан Республикасының заңдарына, Ресей Федерациясының заңдарына және олар қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

                                 4-бап

      Өткiзу пункттерiнiң ашылуы оларды абаттандыру және Тараптардың әрқайсысы мемлекеттерiнiң бақылау органдарының қызметi үшiн қажеттi инфрақұрылымды жасау аяқталған соң жүзеге асырылады.
      Тараптар бip-бipiн белгіленген өткізу пункттерін ашу немесе жабу туралы өткізу пункттерін ашуды немесе жабуды жоспарлаған мерзімге дейін 30 күн қалғанда хабарландырады.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.18 № 639 Қаулысымен.

                                 5-бап

      Өткiзу пункттерiнiң жұмыс режимi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралық және кедендiк ведомстволарының арасындағы өзара уағдаластық бойынша анықталады.

                                 6-бап

      Өткiзу пункттерi арқылы қозғалысты шектеу немесе тоқтату қауiпсiздiк тұрғысындағы пайымдаулар, санитарлық-карантиндiк себептер, табиғи апаттар салдары, эпидемиялар мен эпизоотиялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      Осындай шектеулердi енгiзетiн Тарап екiншi Тарапқа шектеулердiң себептерiн және күшiне енуi мерзiмдерiн атаумен оларды кiргiзу жоспарланған уақытқа дейiн 24 сағаттан кешiктiрмей дипломатиялық арналар бойынша хабарлайды.
      Тараптар өткiзу пункттерiнiң объектiлерiн немесе коммуникациялық ғимараттарды жоспарлы жөндеуге байланысты Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасы арқылы қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы бiр-бiрiне осындай жұмыстардың басталуына дейiн олардың аяқталу мерзiмi туралы мәлiмдеумен үш ай бұрын хабарлайды.

                                 7-бап

      Ерекше бiр жағдайларда (табиғи апаттар, өрт, тасқын, эпидемия, эпизоотия, техногендi сипаттағы апаттар, шұғыл медициналық жәрдем көрсету және т.б.) Тараптардың әрқайсысы мемлекеттерiнiң шекаралық және кедендiк ведомстволары Қазақстан Республикасының азаматтарын және Ресей Федерациясының азаматтарын, көлiк құралдарын және құрал-жабдықтарын мемлекеттiк шекара арқылы өткiзудi бақылаудың белгiленген тәртiбiн сақтай отырып, жұмыс істеп тұрған өткiзу пункттерiнен тысқары жерде өзара уағдаластық бойынша жүзеге асыра алады.

                                 8-бап

      Өткiзу пункттерiнiң тиiстi қызметiн қамтамасыз ету үшiн Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң аумағында қажеттi инфрақұрылымды жасайды.
      Автомобильдiк және темiржол өткiзу пункттерi объектiлерiнiң құрылысын жобалауда, сондай-ақ салу барысында Қазақстан Республикасының аумағында және Ресей Федерациясының аумағында бiрлескен бақылауды жүргiзу үшiн жағдай жасау мүмкiндiгi көзделедi және де мұндай объектiлер құрылысының жобалары өзара келiсiлуге жатады.
      Бiрлескен шекаралық және кедендiк бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртiбiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралық және кедендiк ведомстволарының басшылары белгiлейдi әрi хаттамамен ресiмделедi.

                                 9-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар жеке хаттамамен ресiмделедi. Аталған хаттама осы Келiсiмнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылады.

                                10-бап

      Осы Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап отыз күннен соң күшiне енедi әрi бес жыл iшiнде қолданыста болады және егер Тараптардың бiрде-бiрi өзiнiң оның қолданысын тоқтататын ниетi туралы екiншi Тарапқа Келiсiмнiң қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына дейiн алты ай бұрын жазбаша хабарламаса, келесi бес жылға өздiгiнен ұзартылады.

     Астанада 1998 жылғы 23 желтоқсанда әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.

                                                         (Қолдары)