О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 1998 года N 1278

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2000 года N 122. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17 августа 2006 года N 778

       Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2000 года N 122 утратило силу постановлением Правительства РК от 17 августа 2006 года N  778 .
 
      В целях совершенствования нормативной правовой базы, регулирующей сферу государственной регистрации нормативных правовых актов, Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 1998 года N 1278  P981278_  "Об утверждении Правил государственной регистрации нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов как входящих, так и не входящих в состав Правительства Республики Казахстан, и актов местных представительных и исполнительных органов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., N 48, ст.427) следующие изменения и дополнения: 
      в Правилах государственной регистрации нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов как входящих, так и не входящих в состав Правительства Республики Казахстан, и актов местных представительных и исполнительных органов Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением: 
      в пункте 2: 
      подпункт 3) изложить в следующей редакции: 
      "3) ведение Реестра государственной регистрации нормативных правовых актов"; 
      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания: 
      "5-1) порядок отмены и восстановления государственной регистрации"; 
      пункт 3: 
      дополнить абзацем вторым следующего содержания: 
      "Государственный орган, представивший нормативный правовой акт, подписанный (утвержденный) лицом, исполняющим обязанности первого руководителя данного органа, должен также представить копию документа о возложении на него соответствующих обязанностей"; 
      дополнить абзацем четвертым следующего содержания: 
      "В административно-территориальных единицах, где делопроизводство ведется исключительно на государственном языке, нормативные правовые акты местных органов управления могут представляться в регистрирующий орган без перевода на русский язык"; 
      пункт 5 после слов "справки-обоснования" дополнить словами "либо ее несоответствие требованиям, установленным настоящими Правилами"; 
      пункт 10 изложить в следующей редакции: 
      "Государственная регистрация нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов осуществляется Министерством юстиции Республики Казахстан. 
      Государственная регистрация нормативных правовых актов местных представительных и исполнительных органов осуществляется территориальными органами юстиции."; 
      в пункте 11: 
      в подпункте 1) слово "правовую" заменить словом "юридическую"; 
      в подпункте 4) слова "центральных исполнительных и иных центральных государственных органов или Реестр нормативных правовых актов местных представительных и исполнительных органов Республики Казахстан" исключить; 
      пункт 13: 
      дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания: 
      "1-1) наличие согласования нормативного правового акта: 
      В случае, если законодательством Республики Казахстан предусмотрено обязательное согласование нормативного правового акта, а также, если в нем содержатся положения, нормы и поручения, касающиеся других государственных органов, нормативный правовой акт подлежит согласованию с такими органами. 
      Согласование оформляется визами руководителей либо заместителей руководителей соответствующих государственных органов. 
      Виза включает в себя наименование должности руководителя органа или его заместителя, личную подпись визирующего, расшифровку подписи, дату и гербовую печать. 
      Нормативный правовой акт, подлежащий согласованию или изданный несколькими государственными органами, носит межведомственный характер"; 
      дополнить подпунктом 1-2) следующего содержания: 
      "1-2) при представлении нормативного правового акта на государственную регистрацию руководителем юридической службы (юрисконсультом - при отсутствии таковой) органа, издавшего данный акт, производится его полистное парафирование; 
      при согласовании нормативного правового акта парафирование производится и руководителем юридической службы органа, осуществляющего согласование; 
      в случаях представления нормативного правового акта, принятого несколькими государственными органами, полистное парафирование производится руководителем юридической службы каждого органа"; 
      дополнить пунктом 13-1 следующего содержания: 
      "13-1. В случаях, предусмотренных пунктом 5, а также при несоблюдении требований указанных в подпунктах 3), 4) и 5) пункта 13 настоящих Правил нормативный правовой акт возвращается органу, представившему данный акт на доработку, без проведения соответствующей юридической экспертизы в течение семи дней"; 
      пункт 14 изложить в следующей редакции: 
      "14. Ведение Реестра государственной регистрации нормативных правовых актов осуществляется Министерством юстиции и его территориальными органами. 
      В Реестре указываются дата регистрации, присвоенный номер, название нормативного правового акта и органа, представившего его на государственную регистрацию. 
      Порядок ведения Реестра государственной регистрации нормативных правовых актов устанавливается Министерством юстиции Республики Казахстан."; 
      пункт 17 дополнить абзацем вторым следующего содержания: 
      "Настоящий порядок устанавливается и в случае регистрации нормативного правового акта, изданного несколькими государственными органами."; 
      пункт 19 дополнить абзацем третьим следующего содержания: 
      "В случае отказа в государственной регистрации копия нормативного правового акта остается в регистрирующем органе."; 
      абзац седьмой пункта 20 исключить; 
      дополнить главой 7-1 следующего содержания: 
      "7-1. Порядок отмены и восстановления государственной регистрации 
      22. В случае обнаружения противоречий действующему законодательству в зарегистрированном нормативном правовом акте, Министерство юстиции или его территориальные органы вправе вынести заключение, утвержденное руководителем (заместителем руководителя) регистрирующего органа об отмене государственной регистрации этого акта. 
      23. В Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов производятся соответствующие записи, о чем сообщается в Республиканский центр правовой информации, орган, издавший указанный нормативный правовой акт и в официальные издания, где ранее был опубликован данный нормативный правовой акт. 
      24. Регистрирующим органом может быть произведено восстановление государственной регистрации нормативного правового акта. 
      В связи с этим выносится соответствующее заключение, утвержденное руководителем (заместителем руководителя) регистрирующего органа, и совершаются действия, предусмотренные пунктом 23 настоящих Правил.". 
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

    Премьер-Министр

     Республики Казахстан

(Специалисты: Умбетова А.М.,

              Склярова И.В.)     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қаңтардағы N 122 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17. N 778 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17.  N 778  қаулысымен.  

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы N 1278  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 427-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібіндегі: 

      2-тармақта: 
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді;";
      5) тармақшадағы "белгілейді" деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "5-1) мемлекеттік тіркеудің күшін жою және қалпына келтіру тәртібін белгілейді."; 
      3-тармақ: 
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: 
      "Осы органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның қолы қойылған (бекіткен) нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган сондай-ақ оған тиісті міндеттемелер жүктелгені туралы құжаттың көшірмесін де ұсынуға тиіс."; 
      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: 
      "Іс қағаздары бірыңғай мемлекеттік тілде жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктерде жергілікті басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері тіркеуші органға орыс тіліне аударылмай ұсыныла алады."; 
      5-тармақ "анықтама-негіздеменің болмауы" деген сөздерден кейін "немесе оның осы Тәртіппен белгіленген талаптарға сәйкессіздігі" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.
      Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.";
      11-тармақта: 
      1) тармақшадағы "құқықтық" деген сөз "заңдық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізуді;";
      13-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) нормативтік құқықтық актіні келісудің болуы:
      Қазақстан Республикасының заңдарымен нормативтік құқықтық актіні міндетті келісу көзделген жағдайда, сондай-ақ егер онда басқа мемлекеттік органдарға қатысты ережелер, нормалар және тапсырмалар болса, онда нормативтік құқықтық акт осындай органдармен келісуге жатады. 
      Келісу тиісті мемлекеттік органдар басшыларының не басшыларының орынбасарларының бұрыштамаларымен ресімделеді. 
      Бұрыштама орган басшысы немесе оның орынбасары қызметінің атауын, бұрыштама қоюшының жеке қолын, қол иесінің аты-жөнінің толық жазылуын, күнін және елтаңбалы мөрді қамтиды. 
      Келісуге жататын немесе бірнеше мемлекеттік органдар шығарған нормативтік құқықтық акт ведомствоаралық сипатта болады."; 
      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын: 
      "1-2) нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге ұсынылған жағдайда осы актіні шығарған органның заң қызметінің басшысы (ол болмаған жағдайда - заң кеңесшісі) оған парақ сайын қол қоюды жүргізеді; 
      нормативтік құқықтық актіні келісу кезінде келісуді жүзеге асыратын органның заң қызметінің басшысы да алдын ала қол қоюды жүргізеді; 
      бірнеше мемлекеттік орган қабылдаған нормативтік құқықтық актілер ұсынылған жағдайда, парақ сайын қол қоюды әр органның заң қызметінің басшысы жүргізеді."; 
      мынадай мазмұндағы 13-1 тармақпен толықтырылсын: 
      "13-1. Осы Тәртіптің 5-тармағымен көзделген жағдайларда және 13-тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда нормативтік құқықтық акт тиісті заң сараптамасы жүргізілместен, осы актіні ұсынған органға пысықтауға жеті күн ішінде қайтарылады."; 
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "14. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. 
      Тізілімде тіркеу күні, берілген нөмірі, нормативтік құқықтық актінің және оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған органның атауы көрсетіледі. 
      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді."; 
      17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: 
      "Осы тәртіп бірнеше мемлекеттік органдар шығарған нормативтік құқықтық актіні тіркеу жағдайында да қолданылады."; 
      19-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: 
      "Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда нормативтік құқықтық актінің көшірмесі тіркеуші органда қалады."; 
      20-тармақтың жетінші абзацы алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын: 
      "7-1. Мемлекеттік тіркеудің күшін жою және қалпына келтіру тәртібі 

      22. Тіркелген нормативтік құқықтық актіде қолданылып жүрген заңдарға қарама-қайшылықтар бар екені анықталған жағдайда Әділет министрлігі немесе оның аумақтық органдары осы актіні мемлекеттік тіркеудің күшін жою туралы тіркеуші органның бастығы (бастықтың орынбасары) бекіткен қорытынды шығаруға құқылы. 
      23. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тиісті жазбалар жүргізіледі, бұл туралы Республикалық құқықтық ақпарат орталығына, аталған нормативтік құқықтық актіні шығарған органға және бұрынырақ осы нормативтік құқықтық акт жарияланған ресми басылымға хабарланады. 
      24. Тіркеуші орган нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелуін қалпына келтіруді жүргізуі мүмкін.
      Осыған байланысты тіркеуші органның бастығы (бастығының орынбасары) бекіткен тиісті қорытынды шығарылады және осы Тәртіптің 23-тармағымен көзделген іс-әрекеттер жасалады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі