Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006.08.17. N 778 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібі бекітілсін.
2. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 мамырдағы N 810 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 18, 165-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 12 желтоқсандағы
N 1278 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық
атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік
органдарының нормативтік құқықтық актілері мен
жергілікті өкілді және атқарушы органдарының
актілерін мемлекеттік тіркеудің
Тәртібі
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрі және оларды мемлекеттік тіркеуді ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3379 Жарлығының Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі туралы ережені бекіту туралы" 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680 қаулысының негізінде әзірленді.
2. Тәртіп:
1) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу кезінде қойылатын талаптар мен тіркеудің мерзімдерін;
2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарды;
3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді;
4) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізуді;
5) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тартудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртібін;
5-1)
алынып тасталды - 2004.10.01. N
1017
қаулысымен.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N
122
, 2004.10.01. N
1017
, 2006.02.14.
N 99
қаулыларымен.
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
кезінде қойылатын талаптар мен оларды қараудың
мерзімдері
3. Нормативтiк құқықтық актiлер Әдiлет министрлiгiне және оның аумақтық органдарына оларды тиiстi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы бекiткен (қол қойған) сәттен бастап екi аптаның iшiнде, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi түпнұсқасын (түпнұсқа мәтiнiн) қоса алғанда, мемлекеттiк органның мөрiмен расталған баспа түрiнде және электрондық сандық қолтаңба арқылы куәландырылған электронды түрде төрт данада ("құпия" белгiсi бар құжаттар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде баспа түрiнде екi данада ұсынылады) ұсынылады.
Осы органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның қолы қойылған (бекіткен) нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган сондай-ақ оған тиісті міндеттемелер жүктелгені туралы құжаттың көшірмесін де ұсынуға тиіс.
Нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеуге қайта тапсырылған жағдайда, ол тиісті органның қайта бекітуіне (қайта қол қоюға) жатады және осы тармақта белгiленген тәртiппен және мерзiмде Әдiлет министрлігі мен оның аумақтық органдарына ұсынылады.
Іс қағаздары бірыңғай мемлекеттік тілде жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктерде жергілікті басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері тіркеуші органға орыс тіліне аударылмай ұсыныла алады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.06.14. N
733
, 2000.01.24. N
122
, 2002.10.02. N
1082
, 2004.10.01. N
1017
, 2006.02.14.
N 99
қаулыларымен.
4. Нормативтік құқықтық актілерге:
1) мынадай негiзгi мәлiметтердi:
нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сiлтемемен нормативтiк құқықтық актінi қабылдау негізiн (органның құзыретi);
нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттілiгiнiң негiздемесiн (нақты мақсаттар, дәлелдер және неге байланысты акт қабылданады);
осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық акт және оларды өзгерту немесе нормативтiк құқықтық актiні қабылдауға байланысты күшi жойылды деп тану туралы ұсыныстар дайындау туралы;
мемлекеттік тiркеуден бас тартылған осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актілер туралы;
мемлекеттік бюджеттің (республикалық жергiлiктi) кiрiстерiн қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту туралы;
мүдделi мемлекеттік органдармен нормативтiк құқықтық актінi келiсу қажеттiлігін қамтуы тиiс, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгілеген нысан бойынша анықтама-негіздеме; <*>
2) уәкілетті органның өзінің құзыретіне сәйкес қабылдаған нормативтік құқықтық актіні бекіту туралы шешімі қоса беріледі.
Қоса берілетін анықтама-негіздемеге осы актіні шығарған органның заң қызметінің бастығы (ондай болмаған кезде - заң кеңесшісі) қол қоюы тиіс.
Көрсетiлген адамдар болмаған көзде анықтама-негiздемеге осы актiнi шығарған органның бiрiншi басшысы қол қояды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N
1082
, 2004.10.01. N
1017
қаулысымен.
5. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерде анықтама-негіздеменің болмауы немесе оның осы Тәртіппен белгіленген талаптарға сәйкессіздігі құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N
122
қаулысымен.
6. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу барлық қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап 30 күннің ішінде жүргізіледі.
Егер нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жағдайда, ол туралы нормативтік құқықтық актіні ұсынған органға, құжаттар тіркеуге ұсынылған сәттен бастап жеті күннен кешіктірілмей жазбаша хабарланады.
Мемлекеттiк тiркеудiң қажеттiлiгi туралы мәселенi шешу үшiн сол немесе өзге актiнi ұсыну туралы Әдiлет министрлiгiнiң және оның аумақтық органдарының сұрауларын мемлекеттік органдар мұндай сұрау түскен сәттен бастап екi аптаның iшiнде орындайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N
1082
қаулысымен.
7. Заңсыз нормативтік құқықтық актілерді шығарғаны және қолданғаны, сондай-ақ оларды мемлекеттік тіркеуге ұсынудың тәртібін бұзғаны үшін бірінші басшылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.
8. Жалпы міндеттілік маңызы бар; олардың қолданылу мерзіміне (тұрақты немесе уақытша) қарамастан азаматтардың құқықтарына, бостандығына және міндеттемелеріне қатысты ведомствоаралық сипаты бар нормативтік құқықтық актілер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қоспағанда, мемлекеттік құпияларды қамтитын актілер мемлекеттік тіркеуге жатады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.01. N
1017
қаулысымен.
9. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы мәселені шешу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның аумақтық органдарының айрықша құзыретіне жатады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N
1082
қаулысымен.
10. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N
122
қаулысымен.
11. Нормативтік заңдық актілерді мемлекеттік тіркеу:
1) актінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігіне құқықтық сараптауды;
2) осы актіні мемлекеттік тіркеудің қажеттігі туралы шешім қабылдауды;
3) тіркелген актіге мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн беруді;
4) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізуді;
5) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді оларды Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды қамтиды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N
122
, 2006.02.14.
N 99
қаулыларымен.
12. Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар осы Тәртіппен белгіленген ретпен тіркеуге жатады.
13. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық акт мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) нормативтік құқықтық актіні қабылдау рәсімінің сақталуына:
алқалық орган үшін - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкестігі;
орталық және жергілікті атқарушы орган үшін - бірінші басшының не оның орнындағы адамның қолының болуы (бірінші басшы не оның орнындағы адам бекітпеген алқаның шешімі мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық акт болып табылмайды).
1-1) нормативтік құқықтық актіні келісудің болуы:
Қазақстан Республикасының заңдарымен нормативтік құқықтық актіні міндетті келісу көзделген жағдайда, сондай-ақ егер онда басқа мемлекеттік органдарға қатысты ережелер, нормалар және тапсырмалар болса, онда нормативтік құқықтық акт осындай органдармен келісуге жатады.
Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келiсу олардың құзыретiне қарай жүзеге асырылады, бұл ретте нормативтiк құқықтық актiнi келiсудегі мұндай мүдделілік қаралатын мәселелердiң мәнiн ecкepe отырып белгіленедi. <*>
Нормативтік құқықтық акт республикалық бюджет кірістерінің қысқартылуын немесе шығыстарының ұлғайтылуын көздейтін жағдайда ол Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келісуге жатады.<*>
Нормативтік құқықтық актілерді келісу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспауға тиіс және нормативтік құқықтық акті тиісті мемлекеттік органға келіп түскен күннен бастап есептеледі.
Келісу нормативтiк құқықтық актінiң негізгі түрiнде тиісті мемлекеттік органдар басшыларының не басшыларының орынбасарларының бұрыштамаларымен ресімделеді.
Бұрыштама орган басшысы немесе оның орынбасары қызметінің атауын, бұрыштама қоюшының жеке қолын, қол иесінің аты-жөнінің толық жазылуын, күнін және елтаңбалы мөрді қамтиды.
1-2) нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге ұсынылған жағдайда осы актіні шығарған органның заң қызметінің басшысы (ол болмаған жағдайда - заң кеңесшісі) оған парақ сайын қол қоюды жүргізеді;
нормативтік құқықтық актіні келісу кезінде келісуді жүзеге асыратын органның заң қызметінің басшысы да алдын ала қол қоюды жүргізеді;
бірнеше мемлекеттік орган қабылдаған нормативтік құқықтық актілер ұсынылған жағдайда, парақ сайын қол қоюды әр органның заң қызметінің басшысы жүргізеді.
2) қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігін талдау:
Қазақстан Республикасының
Конституциясына
;
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарға;
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтарына;
Қазақстан Республикасының кодекстеріне, заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарына;
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң нормативтік қаулыларына;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтік жарлықтарына;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына;
мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiне.
3) нормативтік құқықтық актінің деректемелерінің болуы
Нормативтік құқықтық актілердің төмендегідей деректемелері:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы;
акт нысанына сілтеме: орталық мемлекеттік органның бұйрығы, қаулысы, мәслихаттың шешімі, әкiмдiктiң қаулысы, әкімнің шешімі;
осы нормативтік құқықтық актіні реттеудің мәнін білдіретін тақырыбы (егер акт өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы болса, онда өзгертілетiн және/немесе толықтырылатын актінiң тақырыбында көрсетiлген ретпен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн, актiнiң нысаны, бекiту күнi, тiркеу нөмiрi, актiнiң толық атауы көрсетіледi);
нормативтік құқықтық актінің қабылданған жері мен күні;
нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі;
тиісті нормативтік құқықтық актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы;
елтаңбалы мөрі болуы тиіс.
4) нормативтік құқықтық актінің құрылымына қойылатын талаптардың сақталуы:
құқық нормасын қамтитын тармақ нормативтік құқықтық актінің негізгі құрылымдық элементі болып табылады;
нормативтік құқықтық актілер тармақтарының тармақшаларға бөлінуі, ал тармақтардың, тармақшалардың ішінде абзацтармен бөлінген бөліктері болуы мүмкін;
нормативтік құқықтық актінің әр тармағы араб санымен нөмірленеді;
тармақтарды нөмірлеу бүкіл нормативтік құқықтық акті үшін басынан аяғына дейін ретті болып табылады;
тармақшаларды нөмірлеу әр тармақ үшін дербес болады;
тармақтардағы тармақшалардың нөмірлері жақшаға алынып араб санымен белгіленеді;
мазмұны жағынан жақын тармақтар тарауларға біріге алады;
мазмұны жағынан жақын бірнеше тараулар бөлімшелерге біріктірілуі мүмкін, ал бөлімшелер, өз кезегінде бөлімдерге біріге алады;
көлемі жағынан үлкен тараулардан параграфтар және параграфтардың бөліктері бөлініп шыға алады, ал бөлімшелер осылайша бөліктерге бөліне алады;
нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бөлiмiндегi әрбiр тарау мен кiшi бөлiмдердегi параграфтарды нөмiрлеу дербес болып табылады.
5) нормативтік құқықтық акт мәнінің мазмұндалу стиліне қойылатын талаптар;
нормативтік құқықтық актінің мәтіні әдеби тіл мен заңгерлік терминологияның нормалары сақтала отырып баяндалады. Ескірген, көп мағыналы сөздер мен бейнелі сөздерді, теңеулерді, эпитеттерді, метафораларды, мағынасы және құқықтық жүктемесi жоқ декларациялық сипаттағы ереженi қолдануға, сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Тармақтың мәтіні басқа тармақтарда қайталанып баяндалмайды.
6) егер, нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оларға сілтеме жасалған жағдайларда қосымшалардың болуы;
7) нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оның ішінде қосымшалардағы да, мәтіндерінің сәйкес келуі;
7-1) нормативтiк құқықтық актiнiң күшi жойылды деп тану кезiнде осы актіге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң не олардың бөліктерінің бiр мезгілде күшi жойылды деп танылады. <*>
8) қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөліктерінің (бөлімдерінің, бөлімшелерінің, тарауларының, параграфтарының, тармақтарының, тармақшаларының) күші жойылған деп танылған кезде мұндай бөліктер қолданылып жүрген актіден алынып тасталады, бірақ олардың нөмірлері сақталады және одан әрi пайдаланылмайды. Сақталған нөмірге актінің (немесе оның бөлігінің) күші жойылған деп тану туралы нормативтік құқықтық актіге сілтеме қосылады. Сақталған құрылымдық бөліктердің нөмірленуі өзгермейді;
9) қолданылып жүрген актіге қосымша құрылымдық бөліктерді енгізу кезінде, олар өздері жалғасатын құрылымдық бөліктердің нөмірлерін қайталайтын: 2-1-тарау, 8-1-параграф, 4-1-тармақ және одан әрі, қосымша нөмірлермен енгізіледі. Енгізілген құрылымдық бөліктің мәтіннен кейін жақшада енгізілгендігі туралы актіге сілтеме жасалады. Қалған құрылымдық бөліктердің нөмірленуі сақталады;
10) қолданылып жүрген актінің құрылымдық бөлігінің мәтіні өзгерген кезінде, мұндай бөлік өзгертілген редакцияда қолданылуын жалғастырады. Өзгертілген құрылымдық бөліктің мәтінінен кейін бөліктің оны өзгерткен актінің редакциясында қолданылатыны туралы сілтеме жалғасады.
10-1) нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның құрылымдық бөлiгi мәтiнiнiң мазмұнына осындай мәтiн мазмұнының жартысынан асатын көлемде өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлген кезде оның жаңа редакциясы қолданылады. <*>
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N
122
,
2001.03.11. N
341
, 2002.10.02. N
1082
, 2003.11.26. N
1184
, 2004.10.01. N
1017
, 2006.02.14.
N 99
қаулыларымен.
13-1. Осы Тәртiптiң 5-тармағымен көзделген жағдайларда, сондай-ақ 3-тармағында, 13-тармағының 1-1), 1-2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, көрсетiлген талаптар сақталмаған жағдайда нормативтiк құқықтық акт тиiстi заң сараптамасы жүргізiлместен, осы актiнi ұсынған органға пысықтауға жетi күн iшiнде қайтарылады.
Ескерту. 13-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N
1082
, өзгерту енгізілді - 2004.10.01. N
1017
қаулысымен.
14. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Тізілімде тіркеу күні, берілген нөмірі, нормативтік құқықтық актінің және оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған органның атауы көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N
122
қаулысымен.
15. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу оларды қолданысқа енгізу үшін міндетті шарт болып табылады. Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің заңдық күші болмайды.
16. Нормативтiк құқықтық актiлер "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес қолданысқа енгізiледi.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.10.01. N
1017
қаулысымен.
17. Мемлекеттiк тiркеуден кейiн қорытынды мен нормативтiк құқықтық актiнiң бiр данасы (түпнұсқа) оған берiлген мемлекеттiк тiркеу нөмiрiмен бiрге, егер осы акт азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және мiндеттерiне қатысты болған жағдайда, ресми жариялау мiндеттемесiмен нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуге ұсынған органға жолданады, мемлекеттiк органның мөрiмен расталған баспа түрiнде және электрондық сандық қолтаңба арқылы куәландырылған электрон түрiнде екiншi және үшiншi даналары Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне және нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкi тiзiлiмiне енгiзу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолданады, нормативтiк құқықтық актiнiң төртiншi данасы тiркеушi органда қалады.
Осы тәртіп бірнеше мемлекеттік органдар шығарған нормативтік құқықтық актіні тіркеу жағдайында да қолданылады.
Қорытынды мен мемлекеттік тiркеу нөмiрi берiлген "құпия" деген белгiсi бар нормативтiк құқықтық актiнiң бiр данасы (түпнұсқасы) құжатты тiркеуге ұсынған органға баспасөз басылымына жариялау мiндеттемесiнсiз жiберiледi. Екiншi данасы Әдiлет министрлiгінде және оның аумақтық органдарында қалады.
Нормативтік құқықтық актіні жариялау және жіберу кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін көрсету міндетті болып табылады.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N
122
, 2002.10.02. N
1082
, 2004.10.01. N
1017
, 2006.02.14.
N 99
қаулыларымен.
18. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N
1082
қаулысымен.
7. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеуден бас тартудың, қолданылуын тоқтата тұрудың,
тоқтатудың тәртібі
Ескерту. 7-тарауға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.02.14. N 99 қаулысымен.
19. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеуден мына жағдайларда: егер мұндай акт азаматтардың заңдармен белгіленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса; жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе; оны шығарған орган құзыретінің шегінен шықса; егер келісу қажет болғанда мүдделі органдармен келісілмесе; егер актілерді мемлекеттік тіркеуге ұсынудың тәртібі бұзылса; егер актінің жаңа құқықтық нормасы болмаса, тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
Бас тарту туралы, бас тартудың негіздемесі көрсетіле отырып, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланады.
Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда нормативтік құқықтық актінің көшірмесі тіркеуші органда қалады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N
122
қаулысымен.
19-1. Нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттік тiркеуден бас тартуды алған күннен бастап он бес күн iшiнде мемлекеттік органның басшысы не оның мiндеттерiн атқаратын адам тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актіні жою туралы тиiсті актінi шығарады және оның көшiрмесiн Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органына жiбередi.
Нормативтік құқықтық актiнi тиiстi заңдық сараптама жүргізбестен қайтарған жағдайда, мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтарды жояды және оны осы Тәртiптiң 3-тармағында белгiленген тәртіппен қайтарылған сәттен бастап отыз күн iшiнде мемлекеттік тiркеуге қайта ұсынады.
Осы тәртiп анықталған бұзушылықтарды жоятын және оны мәслихаттың кезекті сессиясында бекiтiлген сәттен бастап осы Тәртiптiң 3-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тiркеуге нормативтiк құқықтық актiнi қайта ұсынатын жергiлiктi өкiлдi органға қатысты қолданылмайды.
Ескерту. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.01. N
1017
қаулысымен.
20. Нормативтік құқықтық акт (оның бөлімі немесе бөліктері):
акт немесе оның бөлімі (бөліктері) қабылданған мерзім аяқталған;
бұрын шығарылған құқықтық актінің, оның бөлімінің (бөліктерінің) ережелері қайшы келетін немесе бұрын шығарылған актіні немесе оның бөлімін (бөліктерін) қамтитын жаңа нормативтік құқықтық акт қабылданған;
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген тәртіппен қабылданған акті конституцияға сәйкес емес деп танылған;
соттың шешімі бойынша акті немесе оның бөлімдері (бөліктері) жарамсыз деп танылған;
осы актіні қабылдаған орган немесе осыған уәкілетті өзге де орган актінің немесе оның бөлімдерінің (бөліктерінің) күші жойылған деп таныған;
Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.01.24. N
122
қаулысымен.
20-1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда оның актілерiнiң күшi жойылды деп тану, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелердi оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді. <*>
Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.01. N
1017
қаулысымен.
21. Нормативтік құқықтық актінің күші жойылған не оның қолданылуы белгiлi бiр мерзiмге тоқтатыла тұрған деп танылған жағдайда осы актіні қабылдаған орган немесе осыған уәкілетті өзге де орган бір апталық мерзімнің ішінде, тиiстi растайтын актіні қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына және ол бұдан бұрын жарияланған ресми басылымдарға хабарлайды:
1) ақпараттардың дер кезінде ұсынылмағаны үшін нормативтік құқықтық актіні шығарған органның бірінші басшылары жауаптылықта болады.
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі немесе оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне, Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне немесе жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің тізіліміне тиісті жазбалар енгізеді.
Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтiк құқықтық актiмен жүзеге асырылады.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.02. N
1082
, 2004.10.01. N
1017
, 2006.02.14.
N 99
қаулыларымен.
Ескерту. 7-1 тарау, 22,23,24-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.10.01. N 1017 қаулысымен.