Об утверждении Правил приватизации объектов здравоохранения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июля 2000 года N 1052. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2014 года № 715

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.06.2014 № 715.

      Во исполнение пункта 3 Плана мероприятии на 2000 год по реализации Программы приватизации и повышения эффективности управления государственным имуществом на 1999-2000 годы, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2000 года N 482, и в соответствии с Концепцией приватизации объектов здравоохранения на 2000-2005 годы, одобренной постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2000 года N 650, Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые Правила приватизации объектов здравоохранения.
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

 
       Премьер-Министр
      Республики Казахстан
                                                   Утверждены
                                         постановлением Правительства
                                             Республики Казахстан
                                         от 11 июля 2000 года N 1052
 
 
         Правила приватизации объектов здравоохранения
 
 
      1. Настоящие Правила регламентируют особенности приватизации объектов здравоохранения с учетом их социальной значимости, специфики оказания медицинской помощи населению страны.
      2. Объектами здравоохранения (далее - объекты), подлежащими приватизации, являются:
      1) государственное предприятие и учреждение как имущественный комплекс;
      2) производственные и непроизводственные подразделения и структурные единицы предприятия и учреждения как имущественного комплекса, приватизация которых не нарушает замкнутый технологический цикл;
      3) имущество предприятия и учреждения;
      4) акции и доли в уставных фондах хозяйственных товариществ.
      3. Решение о приватизации объектов здравоохранения, находящихся в республиканской собственности, являющихся высокоспециализированными и единственными по профилю деятельности, принимается Правительством Республики Казахстан по представлению уполномоченного центрального исполнительного органа Республики Казахстан в области здравоохранения (далее - уполномоченный орган в области здравоохранения), в соответствии с законодательством.
      4. Решение о приватизации объектов здравоохранения, находящихся в республиканской собственности, за исключением указанных в пункте 3 настоящих Правил, принимается уполномоченным органом в области здравоохранения в соответствии с законодательством.
      5. Решение о приватизации объектов здравоохранения коммунальной собственности принимается местным исполнительным органом по согласованию с уполномоченным органом в области здравоохранения.
      6. Приватизацию объектов здравоохранения республиканской и коммунальной собственности в установленном законодательством порядке осуществляют уполномоченные на это органы.
      7. Предварительными стадиями приватизации, предусматривающими последующую продажу в сфере здравоохранения, являются:
      1) преобразование объектов здравоохранения в акционерные общества с сохранением объема и профиля деятельности, с последующей продажей государственного пакета акций или его части;
      2) передача в установленном порядке объектов здравоохранения в доверительное управление или аренду, с правом последующего выкупа, на основных условиях сохранения профиля деятельности и объема оказываемой медицинской помощи.
      8. Реорганизация предприятий и учреждений здравоохранения государственной собственности в акционерные общества осуществляется в  установленном законодательством порядке.
      9. Приватизация объектов здравоохранения осуществляется путем продажи на тендерах физическим лицам и негосударственным юридическим лицам.
      Физическим лицам и негосударственным юридическим лицам, имеющим лицензию на медицинскую и врачебную деятельность, предоставляется приоритетное право при покупке данного объекта.
      10. Порядок подготовки и проведения приватизации объектов здравоохранения регламентируется законодательством о приватизации в Республике Казахстан.
      11. При приватизации объектов здравоохранения на тендерной основе устанавливаются следующие основные условия:
      1) сохранение профиля деятельности объекта;
      2) оказание в установленном законодательством порядке гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (для лечебно-профилактических объектов) по профилю своей деятельности;
      3) оказание экстренной и неотложной бесплатной медицинской помощи;
      4) обеспечение экологической безопасности деятельности объекта;
      5) сохранение объема и качества медицинской помощи, порядка и условий использования приватизируемого объекта, предусматривающих, в том числе обязательства недопущения совершения сделок по изменению собственника (перепродажа, залог, аренда и др.) в течение не менее пяти лет.
      12. При продаже объектов здравоохранения в установленном законодательством порядке покупателю, имеющему лицензию на медицинскую и врачебную деятельность, может предоставляться возможность оплаты стоимости объекта в рассрочку сроком не более трех лет с обязательным внесением первоначального взноса в размере не менее тридцати трех процентов от цены продажи.
      13. Контроль за качеством, объемом и условиями оказания медицинских услуг в приватизированных объектах здравоохранения осуществляют уполномоченный орган и территориальные органы здравоохранения.
      14. Контроль за выполнением покупателем условий договора купли-продажи осуществляет продавец совместно с уполномоченным органом в области здравоохранения и территориальными органами здравоохранения.
      15. Все споры, возникающие после приватизации объектов здравоохранения, рассматриваются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Денсаулық сақтау объектілерін жекешелендірудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 11 шілде N 1052. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 715 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 715 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы N 482 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2000 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 3-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 мамырдағы N 650 қаулысымен мақұлданған Денсаулық сақтау объектілерін жекешелендірудің 2000-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау объектілерін жекешелендірудің ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                   Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                        2000 жылғы 11 шілдедегі
                                            N 1052 қаулысымен
                                                бекітілген

   Денсаулық сақтау объектілерін жекешелендірудің ережесі

      1. Осы Ереже олардың әлеуметтік маңыздылығын, ел халқына медициналық көмек көрсетудің ерекшелігін ескере отырып, денсаулық сақтау объектілерін жекешелендірудің ерекшеліктерін регламенттейді.
      2. Жекешелендіруге жататын денсаулық сақтау объектілері (бұдан әрі - объектілер):
      1) мүліктік кешен ретіндегі мемлекеттік кәсіпорын және мекеме;
      2) өндірістік және өндірістік емес бөлімшелер және оларды жекешелендіру тұйық технологиялық циклды бұзбайтын мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынның және мекеменің құрылымдық бірліктері;
      3) кәсіпорынның және мекеменің мүлкі;
      4) шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық қорларындағы акциялар мен үлестер болып табылады.
      3. Республикалық меншіктегі жоғары мамандандырылған және қызмет бейіні бойынша жалғыз болып табылатын денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру туралы шешімді заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органның (бұдан әрі - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган) ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
      4. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілгендерден басқа республикалық меншіктегі денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру туралы шешімді, заңнамаға сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.
      5. Коммуналдық меншіктегі денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру туралы шешімді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
      6. Республикалық және коммуналдық меншіктегі денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіруді, заңнамада белгіленген тәртіппен, осыған  уәкілетті  органдар жүзеге асырады.
      7. Денсаулық сақтау саласындағы кейін сатуды көздейтін жекешелендірудің алғашқы сатылары:
      1) денсаулық сақтау объектілерінің қызмет көлемі мен бейінін сақтай отырып, кейін акциялардың мемлекеттік пакетін немесе оның бөлігін сату арқылы акционерлік қоғамға қайта құрылуы;
      2) денсаулық сақтау объектілерін кейін сатып алу құқығымен қызмет бейіні мен көрсетілетін медициналық көмектің көлемін сақтаудың негізгі шарттарында сенімгерлік басқаруға немесе жалға белгіленген  тәртіппен  беру болып табылады.
      8. Мемлекеттік меншіктегі денсаулық сақтау кәсіпорындары мен мекемелерін акционерлік қоғамдарға қайта ұйымдастыру заңнамада  белгіленген  тәртіппен жүзеге асырылады.
      9. Денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру тендерлерде жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сату жолымен жүзеге асырылады.
      Осы объектіні сатып алу кезінде медициналық және дәрігерлік қызметке лицензиясы бар жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға басымдықты құқық беріледі.
      10. Денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіруге дайындаудың және жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру туралы заңнамамен регламенттеледі.
      11. Денсаулық сақтау объектілерін тендерлік негізде жекешелендіру кезінде мынадай негізгі шарттар:
      1) объект қызметінің бейінін сақтау;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен өз қызметінің бейіні бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету (емдеу-алдын алу объектілері үшін);
      3) шұғыл және кідіртуге болмайтын тегін медициналық көмек көрсету;
      4) объект қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      5) медициналық көмектің көлемі мен сапасын, жекешелендірілетін объектіні пайдаланудың, оның ішінде бес жылдан кем емес уақыт ішінде меншік иесін өзгерту жөніндегі мәмілелер жасасуға (қайта сату, кепілге беру, жалға беру және т.б.) жол бермеуге міндеттемені көздейтін, тәртібі мен шарттарын сақтау белгіленеді.
      12. Денсаулық сақтау объектілерін сату кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық және дәрігерлік қызметке лицензиясы бар сатып алушыға сату бағасының отыз үш пайызынан кем емес мөлшердегі бастапқы жарнаны міндетті түрде енгізе отырып, объектінің құнын үш жылдан көп емес мерзімде бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігі ұсынылуы мүмкін.
      13. Денсаулық сақтаудың жекешелендірілген объектілерінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын, көлемі мен жағдайларын бақылауды уәкілетті орган және денсаулық сақтаудың аумақтық органдары жүзеге асырады.
      14. Сатып алушының сату-сатып алу шартының талаптарын орындауын бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және денсаулық сақтаудың аумақтық органдарымен бірлесе отырып, сатушы жүзеге асырады.
      15. Денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіруден кейін туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралады.
      Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.