"Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 шілдедегі N 265 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3779. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 16 тамыздағы № 414 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.08.16 № 414 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың атауында және бұйрықтың мәтіні бойынша "сенім білдірілген" деген сөздер "сенімгерлік" деген сөзбен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.12.14.  N 461 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексіне , "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721  Заңына сәйкес және "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө  өкімін орындау үшін  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру ережесі бекітілсін.

      2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің 1999 жылғы 26 қаңтарда N 676 тізілімінде тіркелген "Мемлекеттік кәсіпорындарды және акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сенімгерлік басқаруға беру Қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 1998 жылғы 22 қазандағы N 618  қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. "Мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2001 жылғы 30 мамырдағы N 135 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрық Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Қаржы министрлігінің     
Мемлекеттік мүлік      
және жекешелендіру      
комитеті төрағасының     
2005 жылғы 12 шілдедегі   
N 265 бұйрығымен      
бекітілген         

       Ескерту. Ереженің атауында және Ереженің мәтіні бойынша "сенім білдірілген" деген сөздер "сенімгерлік" деген сөзбен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.12.14.  N 461 Бұйрығымен.

Мемлекеттік республикалық меншік объектілерін
Сенімгерлік басқаруға беру ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексіне , "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді, мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру тәртібін, оның ішінде тендер өткізуді, сенімгерлік басқарушылармен шарт жасасуды және оларды бақылауды жүзеге асыруды анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      Сенімгерлік басқарушы (тәуелсіз басқарушы) - Комитетпен сенімгерлік басқару шартын жасаған жеке немесе заңды тұлға;
      Шарт - Комитет пен сенімгерлік басқарушы арасында жасалған Объектіні сенімгерлік басқаруға шарт (келісім-шарт);
      Комитет - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары;
      Объект - мүлік кешені немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеменің мүлкі, акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесі, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілетін өзге мемлекеттік мүлік;
      Басқару органы - акционерлік қоғамның акцияларының мемлекеттік пакетін, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы;
      Тендердің жеңімпазы - тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге қатысушы;
      Ағымдағы құны - кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда объектінің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушы есебінің негізінде Тендерлік комиссия бекітетін құны;
      Тендер - конкурстық саудалар нысаны, онда Комитет оған ұсынылған шарттардың негізінде тендер Жеңімпазымен Шарт жасасуға міндеттенеді;
      Тендерлік комиссия - Комитет Объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөнінде тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрған орган;
      Тендерге қатысушы - тендерге қатысуға жіберілген жеке немесе заңды тұлға.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.12.14.  N 461 Бұйрығымен.

      2. Объектіні сенімгерлік басқаруды тағайындаушы Комитет болып табылады.

      3. Объектіні сенімгерлік басқару Шарт бойынша мәміле негізінде туындайды (тағайындалады).

      3-1. Объектілерді заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеуге беруге дейін Объектілер кейін сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
      Объектілерді кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру Тендер өткізбей жүзеге асырылады.
       Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008.03.28  N 146 Бұйрығымен.

      4. Кейін сатып алу құқығымен немесе рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту үшін Объектіні сенімгерлік басқаруды құрған жағдайда Тендерді өткізу міндетті болып табылады.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.12.14.  N 461 Бұйрығымен.

      5. Объектіні сенімгерлік басқаруға кейін сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі Заңның 5-бабы 3-тармағына не болмаса Комитет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1114  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің 12-тармағына сәйкес қабылдайды.

      5-1. Рентабельді емес мемлекеттік кәсіпорындар тәуелсіз басқарушылардың сенімгерлік басқаруына тендерлерді өткізудің мерзімдерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша беріледі.
      Рентабельді емес кәсіпорындар тізбесін қалыптастыру бойынша ұсыныстарды республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрі - мемлекеттік басқару органдары) Комитетке енгізеді.
      Тәуелсіз басқарушылардың сенімгерлік басқаруына берілетін объектілердің тізбесіне рентабельді емес республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қосудың негіздемесі мыналар болып табылады:
      1) ағымдық, негізгі және негізгі емес қызметтің рентабельділігі көрсеткіштерінің үш жылдың ішінде төмендеуі және/немесе олардың жоспарланған мөлшерлерін қамтамасыз етпеуі;
      2) қатарынан үш жылдың ішінде таза табыс бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындамауы;
      3) үш жылдан астам мерзімі өткен кредиторлық берешек.
       Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.12.14.  N 461 Бұйрығымен.

      6. Объектіні сенімгерлік басқарушы сатып алу ережелері Шартпен анықталады. Шарт қандай мерзімде және қандай міндеттемелерді орындаған жағдайда Объект Сенімгерлік басқарушының меншігіне ауысатынын көздеуі керек.
      Сенімгерлік басқарушыға Объектіні сатуға ол Шартты тиісінше орындаған жағдайда ғана жол беріледі.

      7. Комитет сенімгерлік басқаруды құру мақсатында:
      1) Тендерді ұйымдастырады (Тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, Тендерге қатысушыларды тіркейді, ақпараттық хабарларды жариялауды қамтамасыз етеді);
      2) кепілді жарналар қабылдайды;
      3) Объектіні бағалау жөнінде қызметтер көрсетуге кеңесшілермен шарттарды жасайды;
      4) Тендер өткізу барысын бақылауды жүзеге асырады;
      5) Тендерге қатысушылармен және бағалаушылармен Тендерді өткізу рәсімдерімен байланысты есеп айырысуды жүзеге асырады;
      6) Сенімгерлік басқарушымен Шарт жасайды;
      7) Объектіні сенімгерлік басқаруға берумен байланысты өзге функцияларды жүзеге асырады.

      8. Акциялары және жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесі сенімгерлік басқаруға беру Объектісі болып табылатын мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды тұлғалары Комитеттің сұрауы бойынша Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін қажет мәліметтерді олар анықтайтын мерзімдерде ұсынады және ұсынылып жатқан мәліметтердің растығы үшін жауап береді.

      9. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары Сенімгерлік басқарушының мыналарға қатысты міндеттемелері бола алады:
      Объектіге инвестициялардың көлемдеріне, түрлеріне және мерзімдеріне;
      өнімнің көлемдеріне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасы;
      белгілі тұтынушыларға өнімді жеткізу;
      баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулер;
      табиғатты қорғау іс-шараларын өткізу;
      бар санын сақтап қалу немесе жаңа жұмыс орындарын құру;
      өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалану тәртібі;
      Объектінің берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеу;
      Сенімгерлік басқарушы Объектіні кейін сатып алуы;
      мәмілелер жасау және/немесе белгілі уақыт кезеңі ішінде Объектіге қатысты белгілі қызметтерге тиым салу.

      9-1. Рентабельді емес кәсіпорындарды сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер жеңімпазын анықтаудың негізгі шарттары мыналар болып табылады:
      кәсіпорын қызметінің негізгі түрін сақтау;
      мыналарды:
      табыстылықты арттыру мақсатында қаржылық көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды;
      тиімді қаржы қызметі мақсатында өндіріс құрылымын, оның техникалық-технологиялық негізін қайта құру жөніндегі ұсыныстарды;
      маркетингілік қызметті ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды;
      біршама тиімді шарттарда қажетті қаржы қаражатын тарта отырып, кәсіпорынды қаржылық тұрақтандырудың (оңалтудың) қолданылатын тетіктері жөніндегі ұсыныстарды қамтитын кәсіпорынды қаржылық оңалту бағдарламасының болуы;
      бағдарламаның іске асырылу мерзімі.
      Мемлекеттік басқару органдары кәсіпорындар қызметінің ерекшелігін ескере отырып қосымша өлшемдерді ұсынуы мүмкін.
       Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.12.14.  N 461 Бұйрығымен.

  2. Тендерлік комиссия

      10. Тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін Комитет Тендерлік комиссияны құрады, оның құрамына Комитеттің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, салалық министрліктердің және басқа мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері немесе олардың аумақтық және аймақтық бөлімшелерінің өкілдері (келісім бойынша) кіреді. Тендерлік комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс. Тендерлік комиссияның төрағасы мен хатшысы бұйрықпен тағайындалады және Комитеттің өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссияның хатшысы Тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      11. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Объектінің Ағымдағы құнын бекітеді (қажет болған жағдайда);
      2) кепілді жарнаның мөлшерін анықтайды;
      3) Тендер шарттарын анықтайды;
      4) Тендер өткізеді;
      5) Тендер жеңімпазын хабарлайды.

      12. Тендерлік комиссияның хатшысы Тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін қажет құжаттарды дайындайды және Тендерлік комиссияның хаттамасын ресімдейді.

  3. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау

      13. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындауды Комитет жүзеге асырады.

      14. Басқару органы Комитетке акциялары (үлестері) Объект болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы екі жыл ішіндегі қаржы-шаруашылық қызмет туралы толық ақпаратты, Объектіні кейін сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсынысты ұсынады.

      15. Тендерді өткізуге дайындық кезінде Комитет Объект туралы ақпаратты жинауды, ақпараттық хабарды уақытылы жариялауды қамтамасыз етеді, Тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдауды және тіркеуді, бағалауды (Объектіні кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) жүргізеді, келіп түскен материалдарды Тендерлік комиссияның қарауына жібереді.
      Комитет Тендерді өткізу үшін делдалды тартуға құқылы.

      16. Объектілер бойынша ақпараттық хабарлама мемлекеттік және орыс тілдерінде тендер өткізудің жарияланған күніне дейін 15 күнде мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) тендер шарттары және Тендер жеңімпазын анықтау өлшемдері;
      2) тендер объектісінің қысқаша сипаттамасы;
      3) тендердің өткізілу күні, уақыты мен орны;
      4) тендерге қатысуға өтінімі бар конвертті ұсынудың тәртібі, тәсілі, орны мен түпкі мерзімі және тендерге қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі;
      5) кепілдік жарнаның мөлшері және оларды енгізу үшін банк деректемелері (кепілдік жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді);
      6) мемлекеттік басқару органдары ұсынған қосымша мәліметтер.
       Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007.12.14.  N 461 Бұйрығымен.

      17. Тендерлік комиссия Тендер шарттарын өзгерткен жағдайда барлық өзгерістер туралы хабарлама осы Ереженің 15-тармағымен белгіленген тәртіпте Тендерді өткізгенге дейін 5 күн бұрын жариялануы тиіс.
      Тендер шарттары өзгергендігі туралы хабарлама жарияланғанға дейін Тендерге қатысуға өтінім берген және осыған байланысты Тендерге қатысудан бас тартқан тұлғалар кепілдік жарнаны толық көлемде қайтаруды талап етуге құқылы.

      18. Акциялары (үлестері) сенімгерлік басқару объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша ақпараттық хабарлама жарияланғанға дейін Комитет мына құжаттардың көшірмелерінен тұратын құжаттар пакетін дайындауы тиіс:
      1) жарғы;
      2) эмиссияны тіркеу туралы куәлік;
      3) есепті кезең алдындағы жылға қосымшалары бар бухгалтерлік баланстар;
      4) статистикалық карточка;
      5) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
      6) мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың тізілімінен үзінді.
      Құжаттар пакетіне сондай-ақ Комитеттің тапсырмасы бойынша тәуелсіз кеңесшілермен өткізілген жұмыс істеудің кешенді мониторингі және Объектіні басқару тиімділігі негізінде қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
      Ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін Комитет Тендерге қатысушы болуға ықылас білдірген үміткерлерге Объект туралы ақпаратқа және осы Ережеге қол жетімділікті қамтамасыз етеді.

      19. Тендерге қатысушылар Тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімдерде және тәртіпте кепілдік жарна салады. Кепілдік жарнаның мөлшері ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертіле алмайды. Кепілдік жарна Қатысушы атынан кез-келген басқа жеке немесе заңды тұлғамен салына алады. Кепілдік жарнаны алушы Комитет болып табылады.

      20. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір Объект үшін жеке оның Ағымдағы бағасының немесе баланстық құнының (объектіні кейін сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) 1-15 пайызы шегінде белгіленеді.

      21. Кепілдік жарна Қатысушының мына міндеттемелерін қамтамасыз ететін болып табылады:
      1) жеңген жағдайда Тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
      2) Комитетпен Шарт жасасу.

      22. Егер Тендерге қатысушылар осы Ереженің 17-тармағының екінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тендерге қатысудан оны өткізгенге дейін кемінде үш күн бұрын бас тартқан жағдайда Комитет оларға кепілдік жарнаны қайтармайды.

      23. Осы Ереженің 22 және 37 тармақтарында санамаланғандардан басқа барлық жағдайларда кепілдік жарна Тендер аяқталған күннен бастап 10 банктік күннен кешіктірмей, ал егер ақша Комитет шотына Тендер өткізілгеннен кейін түссе, онда олар түскен күннен бастап 10 банктік күн ішінде қайтарылады.

      24. Тендерге қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және Тендер басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.

      25. Тендерге қатысушы есебінде тіркеу үшін мыналарды:
      1) Тендерге қатысушыны Тендер жеңімпазы деп хабарлаған жағдайда оның жазбаша міндеттемесін білдіретін Тендерге қатысуға өтінімді, ақпараттық хабарламада көрсетілген және Тендерге қатысушының өзімен ұсынылған Тендер ережелерінде Шарт жасасу;
      2) Тендер шарттары бойынша жазбаша түрдегі Тендермен шарттасылған құжаттаманы қоса беріп, басқа құжаттардан бөлек конвертте жапсырылған ұсыныстарды;
      3) ықтимал Тендерге қатысушының банк (банктер) алдында тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан артыққа бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар тұлға және бас бухгалтер қол қойған банктің (банктердің) мөрі бар мерзімі өткен берешектерінің жоқтығы туралы банктің (банктердің) анықтамасын. Егер, ықтимал Қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетел банкісінің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады;
      4) соңғы қаржы жылы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен міндетті аудитті өткізу белгіленген заңды тұлғалардың аудиторлық есебін;
      5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      6) статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      7) ықтимал тендер Қатысушысының біліктілігін растайтын біліктілігі туралы мәліметтер лицензия және/немесе патенттердің, куәліктердің, басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесін қоса;
      8) Жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін. Шетел заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;
      9) ықтимал Тендерге қатысушының төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайды алып тастағанда тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан ұзаққа бірінші басшы немесе қол қою құқығы бар тұлға қол қойған, осы салық органының мөрі бар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөніндегі мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқтығы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      10) кепілдік жарнаны Комитеттің депозит шотына аудару туралы төлем тапсырмасының немесе түбіртектің (жеке тұлға үшін) түпнұсқасын немесе көшірмесін;
      11) ықтимал Тендерге қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжатты (сенімхатты) (жеке куәлікті, төлқұжатты (шетел азаматтары үшін) немесе ішкі істер органдарының анықтамасын ұсынған жағдайда жарамды) ұсынуы қажет.

      26. Жұмыс істеуге жарамды жеке тұлға болып табылатын ықтимал Тендерге қатысушы осы Ереженің 25-тармағының 1), 2), 10) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады, сондай-ақ:
      1) жеке куәліктің/төлқұжаттың немесе ішкі істер органдарының жеке тұлғалылығын растайтын құжаттарды алмастыруға алғандығы туралы анықтамасының көшірмелерін;
      2) тиісті мемлекеттік орган берген (Шарт жасау үшін азаматтық құқық қабілетінің барын растау үшін) заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      3) лицензияларының және/немесе патенттердің, куәліктердің, ықтимал Тендерге қатысушының біліктілігін растайтын басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса берілген біліктілігі туралы мәліметті.

      27. Өтінімдерді қабылдау және Тендерге қатысуға үміт білдірген тұлғаларды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық жиынтығы бар кезде жүргізіледі.

      28. Тендерге қатысушы:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асыруы Тендер шарттары болып табылатын қызметтің сондай түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
      2) сенімгерлік басқаруға шарт жасасу және оны орындау жөнінде тиісті міндеттемелерін орындамаған алдағы тендерлердің жеңімпазы бола алмайды.

      29. Комитет Тендерге қатысушыларға қатысы бар ақпаратты Тендерді дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңі ішінде, Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялауға құқығы жоқ.

      30. Ықтимал Тендерге қатысушылардың құжаттары тіркеу журналына тіркелгеннен кейін сейфте сақталады. Тендерді өткізу күні Тендерге қатысушылардың құжаттары Тендерлік комиссияға беріледі.

  4. Тендерді өткізу

      31. Тендерлік комиссия жеңімпазды анықтау өлшемінен (өлшемдерінен) шыға отырып, Тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттерін ашады және Тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарайды.
      Тендерлік комиссия Тендерге қатысушылар ұсыныстарына тәуелсіз сараптау жүргізуге құқылы. Сараптау тобы Басқару органының басшылығымен құрылады және өзінің құрамына Комитеттің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және басқа мүдделі министрліктер мен ведомстволардың (келісім бойынша) өкілдерін енгізеді. Сараптау тобының Тендерге қатысушылардың ұсыныстарын қарау мерзімдері 15 күнмен шектеледі.

      32. Тендерлік комиссияның шешімі оның мүшелерінің жай дауыстың көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Дауыстар тең болған жағдайда, Тендерлік комиссия тең дауыс санын алған Қатысушыларды келіссөзге шақыруға құқылы және олардың келісімімен тендерлік комиссияның қарауына Объект жұмысын жақсартуға бағытталған қосымша ұсыныстарды енгізген Тендерге қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      33. Тендерлік комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған тендерлік комиссияның мүшелері, оның төрағасы және Тендер жеңімпазы қол қояды. Тендерлік комиссияның мүшесі өзінің ерекше ойын жазбаша жазып, оны хаттамаға тіркеуге құқылы, ол туралы соңғысында белгі қойылады. Тендердің нәтижелеріне оның қатысушылары Тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде наразылық білдіре алады.

      34. Тендер нәтижелері туралы хаттама Тендер жеңімпазы мен Комитеттің Тендер шарттары негізінде Шарт жасау міндеттемелерін және Тендер жеңімпазының ұсыныстарын бекітетін құжат болып табылады.

      35. Тендер нәтижелері Тендер жеңімпазын хабарлаған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде Комитетпен бекітіледі.
      Комитет жаңа тендерді хабарлауға, сондай-ақ Тендерлік комиссияға тендер шарттарын мына жағдайларда өзгертуді ұсынуға құқылы:
      1) Тендерге қатысуға өтінімдер жоқ болса;
      2) Тендерлік комиссия жеңімпаздың жоқтығы туралы шешімді қабылдаса;
      3) Тендер жеңімпазы Шартқа қол қоюдан бас тартса.

      36. Тендер мына жағдайларда өтпеген болып танылады, егер:
      1) Қатысушылардың ұсыныстары Тендерлік комиссиямен Тендер шарттарын қанағаттандырмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін болып танылса;
      2) тіркелген Қатысушылардың саны екеуден кем болса.

      37. Тендердің жеңімпазы Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе Шартқа қол қоюдан жалтарса, өзі салған кепілдік жарнаны жоғалтады.

      38. Тендер ашық түрде болуы тиіс.
      Мемлекет қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғау, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық жағдайларын қозғайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған ерекше жағдайларда тендер жабық болуы мүмкін.

      39. Жабық Тендер өткізу кезінде ақпараттық хабарлама бұқаралық ақпарат құралына жарияланбайды. Жабық Тендерге Кеңесшілердің ұсыныстары бойынша алдын-ала анықталған Қатысушылардың шектелген саны қатысады. Бұл ретте, ықтимал қатысушыларды таңдау негізін: компаниялардың дүниежүзілік сыныптамасындағы рейтингі; ақша айналымының шамасы; саладағы, ұқсас өнім рыногында жұмыс тәжірибесі; қазіргі заман менеджменті; инвестицияларды қарыз, кредит түрінде тарту, немесе жеке капиталды инвестициялау жолымен өндірісті жаңғыртуды жүзеге асыру қабілеті, "ноу-хауға" ие болу, ғылыми әзірлеулер және басқалар.

      40. Жабық Тендерге қатысуға жабық Тендердің барлық шарттарымен жазбаша шақыруларды Комитет жібереді. Қатысуға шақыру жіберілген тұлғаларды тіркеу жазбаша шақыру жіберілген күннен бастап жүргізіледі және жабық Тендерді өткізгенге дейін бір күн бұрын аяқталады.

  5. Шарттың орындалуын бақылау

      41. Шарт ережелерінің орындалуын бақылауды Комитет жүзеге асырады.

      42. Шарт тендер Жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды қарастыру керек.

      43. Бақылауды жүзеге асыру үшін Комитет Шарттың орындалуымен байланысты құжаттармен танысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәуелсіз кеңесшілерді тарта отырып, Объектіні басқару тиімділігінің жыл сайынғы мониторингін жүргізуге құқылы.

      44. Сенімгерлік басқарушы Комитетке және пайда алушыға өзінің қызметтері туралы есепті Шартта белгіленген мерзімде және тәртіпте ұсынады. Комитеттің және (немесе) пайда алушының талабы бойынша Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы есеп өзге жағдайларда да кідірмей ұсынылуы тиіс.

      45. Шарт ережелерінің орындалуын бақылау Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерін орындау аяқталған мезгілге дейін жүргізіледі.

  6. Қорытынды ережелер

      46. Осы Ережемен көзделген Сенімгерлік басқару қатынастарына осындай қатынастарды, Заңмен көзделген жағдайларды алып тастағанда, реттейтін азаматтық заңнаманың нормалары таралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады