О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 1999 года N 1408

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2001 года N 1210. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 27 декабря 2004 года N 1405 (вступает в силу с 1 января 2005 года)

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 1999 года N 1408 P991408_  "Об утверждении Правил использования средств резерва Правительства Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:
      в Правилах использования средств резерва Правительства Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      в абзаце четвертом пункта 1, подпункте 2) пунктов 2 и 5, а также в названии главы 4 и пункте 11 слова "исполнительных органов" заменить словами "государственных органов и их территориальных подразделений";
      пункт 11 дополнить абзацами следующего содержания:
      "Центральные государственные органы и их территориальные подразделения, обязанные по решениям судов производить выплаты, в случае наличия оснований, предусмотренных действующим законодательством, должны обжаловать указанные решения во всех судебных инстанциях.
      Центральные государственные органы и их территориальные подразделения должны представлять администратору республиканской бюджетной программы копии обжалуемых судебных актов.
      Центральные государственные органы и их территориальные подразделения за свои неправомерно принятые акты, а также за неправомерные действия своих должностных лиц в области административного управления отвечают деньгами, выделенными им по программе "Административные расходы";
      в пункте 13 слова "исполнительных органов подготавливается центральным исполнительным" заменить словами "государственных органов и их территориальных подразделений подготавливается соответствующим центральным государственным".
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     Премьер-Министр
  Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 қыркүйек N 1210. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408  P991408_  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібінде: 
      1-тармақтың төртінші абзацындағы, 2 және 5-тармақтардың 2) тармақшасындағы, сондай-ақ 4-тараудың атауындағы және 11-тармақтағы "атқарушы органдардың" деген сөздер "мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: 
      "Қолданыстағы заңдардағы көзделген негіздемелер болған жағдайда сот шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті орталық мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері осы шешімдерге барлық сот сатыларында шағым беруге тиіс. 
      Орталық мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері шағым берілген сот кесімдерінің көшірмелерін республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне беруі тиіс. 
      Орталық мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері өздерінің заңсыз қабылдаған кесімдері үшін, сондай-ақ өздерінің лауазымды адамдарының әкімшілік басқару саласындағы заңсыз іс-әрекеттері үшін оларға "Әкімшілік шығыстар" бағдарламасы бойынша бөлінген ақшамен жауап береді";
      13-тармақтағы "атқарушы органдардың", "орталық атқарушы" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік органдардың және олардың бөлімшелерінің", "тиісті орталық мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі