Отдельные вопросы развития нефтегазотранспортной отрасли

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2002 года N 390.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года Z010242_  "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" и во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2002 года N 811 U020811_  "О мерах по дальнейшему обеспечению интересов государства в нефтегазовом секторе экономики страны", а также в целях защиты государственных интересов, обеспечения экономической безопасности государства, осуществления единой политики в нефтегазотранспортной отрасли Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Определить Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан органом государственного управления, участвующим в осуществлении регулирования и контрольных и надзорных функций в сфере строительной деятельности по вопросам планирования, проектирования, строительства объектов нефтегазотранспортной инфраструктуры, связанных с транспортировкой по магистральным нефтепроводам, последующим хранением и перевалкой нефти и газа на другие виды транспорта, а также по вопросам использования существующих объектов нефтегазотранспортной инфраструктуры.
      2. Функции рабочего органа Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан по вышеуказанным вопросам, за исключением вопросов осуществления государственного регулирования и контрольных и надзорных функций, возложить на закрытое акционерное общество "Национальная компания "КазМунайГаз".
      3. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения и изменение:
      1) (Подпункт 1) утратил силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124  )
      2) (Подпункт 2) утратил силу - постановлением Правительства РК от 28 октября 2004 г. N 1105  )
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Масимова К.К.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

    

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

   

Мұнай-газ тасымалы саласын дамытудың жекелеген мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 2 сәуір N 390

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңы 18-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 Жарлығын орындау үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк мүдделердi қорғау, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, мұнай-газ тасымалы саласында бiрыңғай саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi магистральды мұнай құбырларымен мұнай мен газ тасымалдауға, кейiннен оларды сақтауға және көлiктiң басқа түрлерiне қотарып құюға байланысты мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiн жоспарлау, жобалау, салу мәселелерi бойынша, сондай-ақ мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымының бар объектiлерiн пайдалану мәселелерi бойынша құрылыс қызметi саласында реттеудi және бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қатысатын мемлекеттiк басқару органы болып айқындалсын.

      2. Мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру мәселелерiн және бақылау мен қадағалау функцияларын қоспағанда, жоғарыда көрсетiлген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi жұмыс органының функциялары "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына жүктелсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - 2005.02.09 N 124 қаулыларымен.
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1105 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.09 N 124 ; 2004.10.28. N 1105 қаулыларымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі