О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2001 года N 468

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июня 2002 года N 627

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2002 года N 811 U020811_ "О мерах по дальнейшему обеспечению интересов государства в нефтегазовом секторе экономики страны" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2001 года N 468 P010468_ "Об уплате роялти в натуральной форме" следующие изменения:
      в подпункте 2) пункта 1:
      абзац второй изложить в следующей редакции:
      "обеспечить получение от недропользователей получателем роялти от имени государства - товариществом с ограниченной ответственностью "Торговый дом "КазМунайГаз" (далее - "ТОО "Торговый дом "КазМунайГаз")" объемов углеводородного сырья в виде сырой нефти по ценам, применяемым недропользователями при расчете роялти в соответствии с законодательством Республики Казахстан";
      в абзаце третьем и в пункте 2 слова "ЗАО "Мунай-Импэкс" заменить словами "ТОО "Торговый дом "КазМунайГаз";
      в пункте 3 слова "Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра энергетики и минеральных ресурсов Школьника В.С." заменить словами "Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Масимова К.К.".
      2. Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан 



(Специалисты: Склярова И.В.,

              Умбетова А.М.)    



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 сәуірдегі N 468 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 10 маусым N 627

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 U020811_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Роялтиді табиғи нысанда төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 сәуірдегі N 468 P010468_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасында:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекет атынан роялтиді алушы - "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖШС) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес роялтиді есептеу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар қолданатын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардан шикі мұнай түрінде көмірсутегі шикізатының көлемін алуын қамтамасыз етсін";
      үшінші абзац пен 2-тармақта "Мұнай-Импэкс" ЖАҚ" деген сөздер "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖШС" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -

 

Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке" деген сөздер

"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке"

деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар

министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.