Роялтиді табиғи нысанда төлеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 сәуір N 468

      Қазақстан Республикасының отандық мұнай өңдеу зауыттарының жүктемесін қамтамасыз ету және мұнай өнiмдерінің iшкi рыногын тұрақтандыру мақсатында сондай-ақ "Өнiмдi табиғи нысанда бөлу туралы келiсiм-шарттардағы Қазақстан Республикасының роялтилерi мен үлестерiн белгiлеу және оны төлеудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1997 жылғы 12 қыркүйектегi N 1329 P971329_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) қолда бар қуаттардың жұмыс iстеуi мақсатында отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткiзуге жататын шикi мұнайдың көлемiн айқындасын;
      2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға қосымша келiсiмдер жасассын, онда:
      мемлекет атынан роялтиді алушы - "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖШС) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес роялтиді есептеу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар қолданатын бағалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардан шикі мұнай түрінде көмірсутегі шикізатының көлемін алуын қамтамасыз етсін;
      "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖШС алуға жататын көмiрсутектi шикiзат көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар төлейтiн роялти төлеудің табиғи нысаны болып табылады деп айқындасын;
      жер қойнауын пайдаланушымен келiсiм бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда белгіленген мерзiмдерге қарағанда, роялти төлеу есебіне шикі мұнай көлемін берудің неғұрлым ерте мерзімдерін айқындасын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖШС (келiсiм бойынша):
      1) оларды кейiннен сатып, жер қойнауын пайдаланушылардан роялти төлеу есебiне табиғи нысанын жеткiзiлетiн шикi мұнайдың көлемiн қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында роялти төлеу үшiн белгiленген мерзiмдерде жер қойнауын пайдаланушылар есептеген роялти сомаларын республикалық бюджетке есепке алуды жүргiзсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

 

Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсiн.



     Ескерту. 1,2,3-тармақтар өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

              2002.06.10 N 627 қаулысымен. 


P020627_



     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы

31 желтоқсанға дейiн қолданылады.

     Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.25 N 1690          

              қаулысымен. 


P011690_




     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады