Об утверждении перечня видов заработка и (или) иного дохода, из которых производится удержание алиментов на несовершеннолетних детей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июля 2002 года № 776. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2012 года № 622

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.05.2012 № 622 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 126 Закона Республики Казахстан от 17 декабря 1998 года "О браке и семье" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемый перечень видов заработка и (или) иного дохода, из которых производится удержание алиментов на несовершеннолетних детей.
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

        Премьер-Министр
      Республики Казахстан

                                                 Утвержден
                                      постановлением Правительства
                                          Республики Казахстан
                                         15 июля 2002 года N 776

                              Перечень
                видов заработка и (или) иного дохода,
             из которых производится удержание алиментов
                    на несовершеннолетних детей

      1. Удержание алиментов на содержание несовершеннолетних детей производится со всех видов заработной платы (денежного вознаграждения, содержания) и иного дохода, которые получают родители в денежной (национальной и (или) иностранной валюте), за исключением доходов лиц, указанных в пункте 2 настоящего перечня, в том числе:
      1) с заработной платы, начисленной работникам за фактически отработанное время или за выполненную работу исходя из установленных должностных окладов ( ставок ), предусмотренных системой оплаты труда ;
      2) со всех видов доплат и надбавок, предусмотренных системой оплаты труда , а также с надбавок, получаемых за счет экономии средств, в пределах фонда оплаты труда или средств, предусмотренных на содержание соответствующего учреждения;
      3) с премий (вознаграждений), а также иных форм материального поощрения, носящих постоянный и единовременный характер, предусмотренных системой оплаты труда;
      4) с денежных компенсаций, за исключением компенсаций, предусмотренных статьей 62 Закона Республики Казахстан от 30 июня 1998 года "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей";
      5) с заработной платы, сохраняемой за время отпуска, а также с денежной компенсации за неиспользованный отпуск, только в случае соединения отпусков за несколько лет;
      6) с комиссионного вознаграждения (штатным страховым агентам, штатным брокерам и другим);
      7) с сумм, полученных за выполненные работы, представленные услуги по договорам, заключаемым в соответствии с гражданским законодательством и не носящим разовый характер;
      8) с суммы авторского вознаграждения;
      9) со всех видов пенсионных выплат, с государственных социальных пособий, за исключением пособий, предусмотренных  статьей 62   Закона Республики Казахстан от 30 июня 1998 года "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей", с сумм адресной социальной помощи ;
      10) со стипендий, выплачиваемых обучающимся в организациях образования;
      11) с доходов от занятий предпринимательской деятельностью без образования юридического лица;
      12) с доходов от передачи в аренду имущества;
      13) с доходов по ценным бумагам и других доходов от участия в управлении имуществом юридического лица;
      14) с дополнительной оплаты труда за проживание на территориях, подвергшихся воздействию ядерных испытаний на Семипалатинском ядерном полигоне, и в зонах экологического бедствия в Приаралье, установленной законодательными актами .
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 29.12.2005 N 1307; от 01.09.2010 № 859 (порядок введения в действие см. п. 2).
      2. Удержание алиментов с военнослужащих, сотрудников органов внутренних дел, органов прокуратуры, органов финансовой полиции, государственной противопожарной службы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан, должностных лиц таможенных органов производится со следующих видов выплат, получаемых ими в связи с исполнением служебных обязанностей:
      1) с должностных окладов, с окладов (доплат) по воинскому (специальному) званию, доплат за классные чины и с надбавок за  особые условия   прохождения службы, установленных законодательством Республики Казахстан;
      2) с дополнительной оплаты труда за проживание на территориях, подвергшихся воздействию ядерных испытаний на Семипалатинском ядерном полигоне, и в зонах экологического бедствия в Приаралье, установленной законодательными актами ;
      3) с сумм материальной помощи, носящих постоянный характер, за исключением материальной помощи, оказанной в связи со стихийным бедствием, с пожаром, хищением имущества, увечьем, а также рождением ребенка, со смертью близких родственников;
      4) с премий (вознаграждений), носящих постоянный и единовременный характер, предусмотренных системой оплаты труда и получаемых за счет экономии средств, предусмотренных на содержание соответствующего органа;
      5) с сумм надбавок и доплат, получаемых за счет экономии средств, предусмотренных на содержание соответствующего органа;
      6) со всех видов денежных компенсаций, за исключением единовременной компенсации, выплачиваемой в случае получения им увечья, компенсационных выплат за работу во вредных или экстремальных условиях, а также денежной суммы, выплачиваемой пострадавшим от экологического воздействия при ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и других сумм, носящих единовременный характер;
      7) с должностных окладов (стипендий) курсантов (слушателей) военно-учебных, специальных учебных заведений.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 30.06.2005 N 662; от 18.11.2008 N 1068; от 01.09.2010 № 859 (порядок введения в действие см. п. 2).

Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі N 776 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 622 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының 126-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2002 жылғы 15 шілдедегi
N 776 қаулысымен   
бекiтiлген       

Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргiзiлетiн
табыс және (немесе) өзге де кiрiс түрлерiнiң
ТIЗБЕСI

      1. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұстау осы тiзбенiң 2-тармағында көрсетiлген адамдардың кiрiстерiн қоспағанда, ата-анасы алатын ақшалай (ұлттық және (немесе) шетелдiк валютада) жалақының (ақшалай сыйақы, нәпақа) және өзге де кiрiстiң барлық түрiнен жүргiзiледi, соның iшiнде:
      1) еңбеккерлерге нақты жұмыс iстеген уақыты үшiн немесе орындалған жұмыс үшiн еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген белгiленген лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) негiзге ала отырып есептелген жалақыдан;
      2) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген қосымшаақылар мен үстемеақылардың барлық түрiнен, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу қоры шегінде қаражатты немесе тиiстi мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын үстемеақылардан;
      3) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген тұрақты және біржолғы сипаттағы сыйлықтардан (сыйақылардан), сондай-ақ материалдық көтермелеудiң өзге де нысандарынан;
      4) "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 62-бабында көзделген өтемақыларды қоспағанда, ақшалай өтемақылардан;
      5) демалыс уақытында сақталатын жалақыдан, сондай-ақ тек бiрнеше жылғы демалыстарды қосқан жағдайда ғана пайдаланылмаған демалысқа төленетiн ақшалай өтемақыдан;
      6) комиссиялық сыйақыдан (штаттағы сақтандыру агенттерiне, штаттағы делдалдарға және басқаларға);
      7) азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын және бiр жолғы сипаттағы емес шарттар бойынша орындалған жұмыстар, ұсынылған қызметтер үшiн алынған сомадан;
      8) авторлық сыйақы сомасынан;
      9) зейнетақы төлемдерiнiң барлық түрiнен, Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының 62-бабында көзделген жәрдемақыны қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, атаулы әлеуметтiк көмек сомасынан;
      10) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға төленетiн стипендиялардан;
      11) заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысудан түскен табыстардан;
      12) мүлiктi жалға беруден түскен табыстардан;
      13) бағалы қағаздар бойынша түскен табыстардан және заңды тұлғаның мүлкiн басқаруға қатысудан түскен табыстардан;
      14) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақтарда және Арал өңiрiндегi экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн заңнамалық кесiмдермен белгiленген еңбекке қосымшаақы төлемiнен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.29 N 1307, 2010.09.01 № 859 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      2. Әскери қызметшiлерден, iшкi iстер органдары, прокуратура органдары, қаржы полициясы органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қызметкерлерiнен, кеден органдарының лауазымды адамдарынан алимент ұстау қызметтiк мiндеттердi орындауға байланысты олар алатын төлемдердiң мынадай түрлерiнен жүргiзiледi:
      1) лауазымдық жалақыдан, әскери (арнайы) атақ бойынша берiлетiн жалақыдан (үстемеақыдан), сыныптық шенге қосымша төлемнен және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қызмет өткерудiң  ерекше жағдайлары үшiн үстемеақыдан;
      2) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар әсерiне ұшыраған аумақтарда және Арал өңiрiндегi экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн заңнамалық кесiмдермен белгiленген еңбекке қосымшаақы төлемiнен;
      3) дүлей апатқа, өртке, мүлiк ұрлануына, мертiгуге, сондай-ақ бала тууға, жақын туыстары қайтыс болуына байланысты көрсетiлген материалдық көмектен басқа, тұрақты сипаттағы материалдық көмек сомасынан;
      4) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген тұрақты және біржолғы сипаттағы және тиiстi мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын сыйлықтардан (сыйақылардан);
      5) тиiстi органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын үстемеақылар мен қосымшаақылар сомасынан;
      6) олар мертiккен жағдайда төленетiн бiр жолғы өтемақыдан, зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмыс үшiн өтемақы төлемдерiнен, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою кезiнде экологиялық әсерден зардап шеккендерге төленетін ақшалай сомадан және бір жолғы сипаттағы басқа сомалардан өзге, ақшалай өтемақылардың барлық түрінен;
      7) әскери-оқу орындары, арнайы оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) лауазымдық жалақысынан (стипендиясынан).
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.30 N 662; 2008.11.18 N 1068, 2010.09.01 № 859 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.