Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 180 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 180 қаулысымен.

      «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 140-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң     
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 622 қаулысымен   
бекiтiлген     

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын
жалақының және (немесе) өзге де кiрiс түрлерiнiң тізбесі

      1. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұстау осы тiзбенiң 2-тармағында көрсетiлген адамдардың кiрiстерiн қоспағанда, ата-анасы алатын ақшалай (ұлттық және (немесе) шетелдiк валютада) жалақының (ақшалай сыйақы) және өзге де кiрiстiң барлық түрiнен, оның iшiнде:
      1) қызметкерлерге нақты жұмыс iстеген уақыты үшiн немесе орындалған жұмыс үшiн еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген белгiленген лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) негiзге ала отырып есептелген жалақыдан;
      2) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген қосымшаақылар мен үстемеақылардың барлық түрiнен, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу қоры шегінде қаражатты немесе тиiстi мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын үстемеақылардан;
      3) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген сыйлықтардан (сыйақылардан), сондай-ақ материалдық көтермелеудiң өзге де нысандарынан;
      4) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 98-бабында көзделген өтемақыларды қоспағанда, ақшалай өтемақылардан;
      5) демалыс уақытында сақталатын жалақыдан, сондай-ақ тек бiрнеше жылғы демалыстарды қосқан жағдайда ғана пайдаланылмаған демалысқа төленетiн ақшалай өтемақыдан;
      6) комиссиялық сыйақыдан (штаттағы сақтандыру агенттерiне, штаттағы делдалдарға және басқаларға);
      7) азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын және бiр жолғы сипаттағы емес шарттар бойынша орындалған жұмыстар, ұсынылған қызметтер үшiн алынған сомадан;
      8) авторлық сыйақы сомасынан;
      9) зейнетақы төлемдерiнiң барлық түрiнен, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 98-бабында көзделген жәрдемақыны қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан, атаулы әлеуметтiк көмек сомасынан;
      10) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға төленетiн стипендиялардан;
      11) заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысудан түскен кірістен;
      12) мүлiктi жалға беруден түскен кірістен;
      13) бағалы қағаздар бойынша түскен кірістен және заңды тұлғаның мүлкiн басқаруға қатысудан түскен басқа да кірістен;
      14) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақтарда және Арал өңiрiндегi экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн заңнамалық актілерде белгiленген еңбекке қосымшаақыдан;
      15) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кезде қызметкерлерге төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақыдан жүргізіледі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.04.2014 № 407 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Әскери қызметшiлерден, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен алимент ұстау қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты олар алатын төлемдердiң мынадай түрлерiнен:
      1) лауазымдық жалақыдан, әскери, арнайы атақ бойынша берiлетiн жалақыдан, арнайы атақ немесе сыныптық шен үшін қосымшаақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстемеақыдан;
      2) Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақтарда және Арал өңiрiндегi экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн заңнамалық актілерде белгiленген еңбекке қосымшаақыдан;
      3) еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген тұрақты және біржолғы сипаттағы және тиiстi органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын сыйлықтардан (сыйақылардан);
      4) тиiстi органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен алынатын үстемеақылар мен қосымшаақылар сомасынан;
      5) мертіккен жағдайда төленетiн бiр жолғы өтемақыны, зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмыс үшiн өтемақы төлемдерiн, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою кезiнде экологиялық әсерден зардап шеккендерге төленетін ақшалай соманы қоспағанда, ақшалай өтемақылардың барлық түрінен;
      6) әскери-оқу орындары, арнайы оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) лауазымдық жалақысынан (стипендиясынан);
      7) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кездегі сауықтыруға арналған жәрдемақыдан жүргізіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.09.14 N 1196; 28.04.2014 № 407 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң     
2012 жылғы 15 мамырдағы
№ 622 қаулысына   
қосымша     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі № 776 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 237-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі  № 776 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1307 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 50, 644-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі №  776 қаулысынатолықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 859 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 50, 455-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады