Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі № 776 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 859 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 622 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 622 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 шілдедегі № 776 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 237-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінде:
      1-тармақтың 3) тармақшасы және 2-тармақтың 4) тармақшасы «тұрақты» деген сөзден кейін «және біржолғы» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады