Об утверждении Правил использования средств от реализации товаров и услуг, предоставляемых государственными библиотеками и государственными музеями-заповедниками

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 августа 2002 года N 884. Утратил силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 2007 года N 262

       Сноска. Постановление Правительства РК от 8 августа 2002 года N 884 утратил силу постановлением Правительства РК от 4 апреля 2007 года N  262 .

      В соответствии со  статьей 12  Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2002 год" Правительство Республики Казахстан постановляет: 

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования средств от реализации товаров и услуг, предоставляемых государственными библиотеками и государственными музеями-заповедниками. 

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию. 

       Премьер-Министр 
      Республики Казахстан 

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 8 августа 2002 года N 884

Правила
использования средств от реализации товаров и услуг,
предоставляемых государственными библиотеками и
государственными музеями-заповедниками

  1. Порядок использования средств
от реализации товаров и услуг

      1. Средства от реализации товаров и услуг, предоставляемых государственными библиотеками, финансируемыми из республиканского и местного бюджетов, используются по следующим направлениям: 
      на укрепление материально-технической базы государственных библиотечных учреждений; 
      на оплату труда специалистов, привлекаемых для оказания услуг; 
      на хозяйственные расходы (оплата за отопление, электроэнергию, водоснабжение, оплата услуг связи и другие коммунальные расходы, приобретение предметов и материалов для текущих целей, оплата транспортных услуг); 
      на приобретение литературы для пополнения библиотечных фондов; 
      на издание научной и методической литературы по вопросам сохранности книжного фонда, социологии чтения; 
      на приобретение учебных пособий, наглядных материалов для проведения обучения по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц; 
      на обучающие тренинги, семинары, конференции, проводимые по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц; 
      на проведение массовых мероприятий (литературные вечера, выставки, презентации, конкурсы, дни книги, фестивали); 
      на изготовление и тиражирование бланочной продукции, брошюр, авторефератов, читательских билетов, листков требований, печатание обложки, гребешковый переплет; 
      на реализацию изданий библиотек, копий звукозаписей, видеофильмов, фонограмм; 
      на ремонт, реставрацию и переплет книг, журналов, фото-, кино-, видеосъемку, микрокопирование отдельных статей, материалов из книг, журналов, газет. 

      2. Средства от реализации товаров и услуг, предоставляемых государственными музеями-заповедниками, финансируемыми из республиканского и местного бюджетов, используются по следующим направлениям: 
      на укрепление материально-технической базы государственного музея-заповедника; 
      на оплату труда специалистов, привлекаемых для оказания платных услуг; 
      на хозяйственные расходы (оплата за отопление, электроэнергию, водоснабжение, оплата услуг связи и другие коммунальные расходы, приобретение предметов и материалов для текущих целей, оплата транспортных услуг); 
      на аренду помещений и приобретение учебных пособий, наглядных материалов для проведения обучения по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц. 

  2. Порядок учета и отчетности

      3. Тарифы на товары и услуги, предоставляемые государственными библиотеками и государственными музеями-заповедниками, финансируемыми из республиканского бюджета, утверждаются государственным уполномоченным органов Республики
Казахстан в сфере культуры в установленном законодательством порядке; учреждениями, финансируемыми из местного бюджета - местными исполнительными органами в установленном законодательством
порядке.  <*>

      Сноска. Пункт 3 - в редакции постановления Правительства РК от 18 августа 2003 г.  N 820  .

      4. Средства, получаемые государственными учреждениями от реализации услуг, зачисляются на текущий счет государственного учреждения "Средства от платных услуг" и расходуются строго по целевому назначению, их распорядителем является руководитель государственного учреждения, которому предоставлено право распоряжения бюджетными средствами. 

      5. Учет и отчетность о средствах от реализации услуг осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан. 

      6. Для расходования средств от реализации услуг составляются и утверждаются сметы расходов в порядке, устанавливаемом Министерством финансов Республики Казахстан.

Мемлекеттiк кiтапханалар мен мемлекеттiк мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 8 тамыз N 884. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.04. N 262 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк кiтапханалар мен мемлекеттiк мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің              
2002 жылғы 8 тамыздағы       
N 884 қаулысымен         
бекітілген            

  Мемлекеттiк кiтапханалар мен мемлекеттік
мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және
қызметтер көрсетуден түскен қаражатты пайдалану
ЕРЕЖЕСI

  1. Тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен
қаражатты пайдалану тәртiбi

       1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк кiтапханалар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады: 
      мемлекеттiк кiтапхана мекемелерiнiң материалдық-техникалық базаларын нығайтуға; 
      қызметтер көрсету үшiн тартылатын мамандар еңбегiне ақы төлеуге; 
      шаруашылық шығыстарға (жылуға, электр энергиясына, сумен жабдықтауға ақы төлеу, байланыс қызметтерiн көрсетуге ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшiн заттар мен материалдар сатып алу, көлiктiк қызметтер көрсетуге ақы төлеу); 
      кiтапхана қорларын толықтыру үшiн әдебиеттер сатып алуға; 
      кiтап қорының, оқу социологиясының сақталуы мәселелерi бойынша ғылыми және әдiстемелiк әдебиеттер шығаруға; 
      жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiмдерi) бойынша оқыту жүргiзу үшiн оқу құралдарын, көрнекi материалдар сатып алуға; 
      жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiмдерi) бойынша өткiзiлетiн оқыту тренингтерiне, семинарларына, конференцияларына; 
      бұқаралық iс-шараларды өткiзуге (әдеби кештер, көрмелер, тұсаукесер рәсiмдер, конкурстар, кiтап күндерi, фестивальдар); 
      бланк өнiмдерiн, брошюраларды, авторефераттарды, оқу билеттерiн, талап парақшаларын жасауға және көбейтуге, мұқабаларды басып шығаруға, тарақты түптеуге; 
      кiтапханалар басылымдарын, дыбыс жазбалар, бейнефильмдер, фонограммалар көшiрмелерiн сатуға; 
      кiтаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтiруге және түптеуге, фото, кино, бейне түсiрiмдерiне, кiтаптардан, журналдардан, газеттерден алынған жекелеген мақалалардың, материалдардың микрокөшiрмесiн алуға пайдаланылады. 
      2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мұражай-қорықтар ұсынатын тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады: 
      мемлекеттiк мұражай-қорықтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға; 
      ақылы қызметтер көрсету үшiн тартылатын мамандар еңбегiне ақы төлеуге; 
      шаруашылық шығыстарға (жылуға, электр энергиясына, сумен жабдықтауға ақы төлеу, байланыс қызметтерiн көрсетуге ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшiн заттар мен материалдар сатып алу, көлiктiк қызметтер көрсетуге ақы төлеу); 
      жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтiнiмдерi) бойынша оқыту жүргiзу үшiн үй-жайларды жалдауға және оқу құралдарын, көрнекi материалдар сатып алуға. 

  2. Есепке алу және есептiлiк тәртiбi  

      3. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк кiтапханалар мен мемлекеттiк мұражай-қорықтар ұсынатын тауарлар мен қызметтер көрсетуге арналған тарифтердi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органы; заңнамада белгiленген тәртiппен жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызметтер көрсетуге арналған тарифтердi - жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi. <*>
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.08.18.
N 820  қаулысымен .
      4. Мемлекеттiк мекемелер қызметтер көрсетудi сатудан алатын қаражат мемлекеттiк мекеменiң "Ақылы қызметтерден түскен қаражат" ағымдағы шотына есепке алынады және қатаң түрде мақсатына сай жұмсалады, бюджет қаражатына иелiк ету құқығы берiлген мемлекеттік мекеменiң басшысы оларға иелiк етушi болып табылады.
      5. Қызметтер көрсетудi сатудан түскен қаражатты есепке алу мен, оның есептiлiгі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Қызметтер көрсетудi сатудан түскен қаражатты жұмсау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен шығыстар сметасы жасалады және бекiтiледi.