Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы N 182 және 2002 жылғы 8 тамыздағы N 884 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 820 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 185 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2016 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 3 ақпандағы N 182  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 6, 59-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiнде:
      7-тармақтағы "табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiкті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөнiндегi аумақтық (уәкiлеттi) органдардың келiсiмi бойынша" деген сөздер "заңнамада белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.04. N  262 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады