Об отдельных вопросах погашения кредиторской задолженности бюджета Павлодарской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 марта 2003 года N 225

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:
      1) в постановление  Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2000 года N 581 "О погашении кредиторской задолженности бюджета Павлодарской области":
      в абзаце третьем пункта 2 слова "2003-2005 годов с началом погашения в 2003 году" заменить словами "2004-2010 годов с началом погашения в 2004 году";
      2) в постановление  Правительства Республики Казахстан от 12 августа 2000 года N 1239 "О погашении кредиторской задолженности бюджета Павлодарской области":
      в абзаце третьем пункта 2 слова "2003-2005 годов с началом погашения в 2003 году" заменить словами "2004-2010 годов с началом погашения в 2004 году".
      2. Министерству финансов Республики Казахстан заключить дополнительное соглашение с местным исполнительным органом Павлодарской области о последующем возмещении по согласованному графику в течение 2004-2010 годов в республиканский бюджет суммы задолженности в размере 1414623118 (один миллиард четыреста четырнадцать миллионов шестьсот двадцать три тысячи сто восемнадцать) тенге с применением ставки вознаграждения, устанавливаемой Министерством финансов Республики Казахстан в соответствии с постановлением  Правительства Республики Казахстан от 25 июля 2002 года N 832 "Об утверждении Правил финансовых процедур по исполнению бюджета и ведению форм отчетности (периодической и годовой) для государственных учреждений, содержащихся за счет государственного бюджета".
      3. Акиму Павлодарской области предусмотреть при формировании проектов областного бюджета на 2004-2010 годы средства на погашение суммы задолженности, указанной в пункте 2 настоящего постановления.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Павлодар облысы бюджетінің кредиторлық берешегін өтеудің жекелеген мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 2003 жылғы 6 наурыз N 225

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Павлодар облысы бюджетінің кредиторлық берешегін өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі N 581 қаулысына :
      2-тармақтың үшінші абзацындағы "өтеуді 2003 жылдан бастап 2003-2005 жылдардың ішінде" деген сөздер "өтеуді 2004 жылдан бастап 2004-2010 жылдардың ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Павлодар облысы бюджетінің кредиторлық берешегін өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы N 1239 қаулысына :
      2-тармақтың үшінші абзацындағы "өтеуді 2003 жылдан бастап 2003-2005 жылдардың ішінде" деген сөздер "өтеуді 2004 жылдан бастап 2004-2010 жылдардың ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Павлодар облысының жергілікті атқарушы органымен 2004-2010 жылдардың ішінде келісілген кесте бойынша "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген сыйақы ставкасын қолданып 1414623118 (бір миллиард төрт жүз он төрт миллион алты жүз жиырма үш мың бір жүз он сегіз) теңге мөлшеріндегі берешек сомасын республикалық бюджетке кейіннен өтеу туралы қосымша келісім жасассын.

      3. Павлодар облысының әкімі 2004-2010 жылдарға арналған облыстық бюджет жобаларын қалыптастырған кезде осы қаулының 2-тармағында көрсетілген берешек сомасын өтеуге арналған қаражат көздесін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі