Павлодар облысы бюджетінің кредиторлық берешегiн өтеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 тамыз N 1239

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 26 сәуiрдегi N 8-012-4-9 iсi бойынша шешiмiн орындау үшiн және "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" және "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 1 наурыздағы N 337 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Павлодар облыстық атқарушы органының әлеуметтiк мақсаттарға алынған несие бойынша "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамының алдында туындаған мiндеттемелерi бойынша, 149623118 (жүз қырық тоғыз миллион алты жүз жиырма үш мың жүз он сегiз) теңге сомасындағы кредиторлық берешегiн ортақ жауапкершiлiк шегiнде республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң берешегiн өтеу есебiнен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң заңнамада белгiленген тәртiппен өтеуi туралы Кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелердi қарау жөнiндегi комиссияның ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      Павлодар облыстық атқарушы органының кредиторлық берешегiн өтеудi қамтамасыз етсiн;
      Павлодар облыстық атқарушы органымен осы қаулының 1-тармағына сәйкес төленген сомаларды республикалық бюджетке өтеуді 2004 жылдан бастап 2004-2010 жылдардың iшінде, келiсiлген кесте бойынша кейiннен орнын толтыру туралы келiсiм жасассын; <*>
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiмен бiрлесiп, республикалық бюджет алдындағы көрсетiлген кредиторлық берешектi өтеу жөнiнде есеп айырысу жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.02.23. N 242
қаулысымен.
        ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.03.06. N 225
қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Мемлекеттік кiрiс, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерi "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген, мемлекеттің үлесi бар шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң несиенi "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамына қайтару кестесiн анықтасын;
      осы шаруашылық жүргiзушi субъектінiң мүлкiне қойылатын талаптардың туындауын болдырмау мақсатында, оның республикалық бюджет алдындағы берешегiн өтеуге берген несиесiн, көрсетiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң уақытылы және толық қайтаруына белгiленген тәртiппен бақылауды қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсiн.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады