О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан и государственных закупках услуг, имеющих важное стратегическое значение

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2003 года N 1060

      В целях реализации поручения Президента Республики Казахстан по внедрению автоматизированной информационной системы составления списков избирателей, голосования, установления итогов голосования и определения результатов выборов, озвученного в Послании Президента Республики Казахстан народу Казахстана на 2004 год от 4 апреля 2003 года, Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Выделить из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2003 год на ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и иные непредвиденные расходы, Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан 100 000 000 (сто миллионов) тенге на финансирование реализации пилотной зоны проекта внедрения автоматизированной информационной системы-электронного голосования "Сайлау".

      2. В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 21 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2002 года "О государственных закупках" определить поставщиками услуг по созданию автоматизированной информационной системы электронного голосования "Сайлау", как имеющей важное стратегическое значение, следующие организации Республики Беларусь:
      Объединенный институт проблем информатики Национальной академии наук Беларуси (технология электронного голосования);
      Научно-производственное объединение с ограниченной ответственностью "Тодес" (разработка программного обеспечения).

      3. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за целевым использованием выделенных средств.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

        Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу және маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 қазандағы N 1060 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 4 сәуiрдегi Қазақстан халқына 2004 жылға арналған Жолдауында айтылған сайлаушылардың тiзiмiн жасау, дауыс беру, дауыс берудiң қорытындыларын анықтау және сайлаудың нәтижелерiн айқындау автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн енгiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына "Сайлау" электронды дауыс берудiң автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн енгiзу жобасының пилоттық аймағын iске асыруды қаржыландыруға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 100 000 000 (бiр жүз миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес маңызды стратегиялық мәнi бар ретiнде Беларусь Республикасының мынадай ұйымдары:
      Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Информатика проблемаларының бiрiктiрiлген институты (электронды дауыс берудiң технологиясы);
      "Тодес" жауапкершiлiгi шектеулi ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу) "Сайлау" электронды дауыс берудiң автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн жасау жөнiндегi қызметтер көрсетудi жеткiзушiлер болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі