Қымбатты отандастар!
Құрметтi депутаттар!
Бiздiң еліміз "Қазақстан-2030" ұзақ мерзiмді
бағдарламасына
және онжылдық стратегиялық жоспарға сәйкес ойдағыдай ілгерi дамып келедi.
Соңғы жылдары бiздің қолымыз жеткен табыстар аз емес. Қазақстанның нарықтық жаңғырулардағы жетістiктері, экономикалық өрлеуі мен халықтың тұрмыс деңгейiн көтеруi жалпыға мәлiм, әрi әлемдік қоғамдастыққа да танылып отыр.
Ұлттық қауіпсіздiк пен ішкi саяси тұрақтылықты нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру, өңiрлік ынтымақтастықты дамыту жөнінде ұдайы дәйектi шаралар қолданылып жатыр.
Ең бастысы, бiзде қоғам мен мемлекетті, экономика мен әлеуметтік саланы тұрлаулы дамытудың келелі жолдарын іздестiру тынымсыз әрі нәтижелі жүргізіліп келеді.
Бұл Жолдауда
келесi, 2004 жылғы экономикалық және әлеуметтiк саясаттың, қоғамды одан әрі демократияландыру мен мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгін арттырудың, мәдениет, бiлiм беру мен руханият салаларын дамытудың негiзгі бағыттары
баяндалып отыр.
Бүгiнгi таңда Қазақстанның қолында экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз ететін серпінді дамып келе жатқан отын-энергетика, металлургия және химия кешендерi бар.
Сонымен бiр мезгiлде бiздiң алдымызда экономиканың теңдестірмелiгін қамтамасыз ету өңдеушi өнеркәсiп, жоғары технологиялы және ғылыми қамтымды өндірістердi, өндiрiстiк инфрақұрылымды және агроөнеркәсiп секторын ілгерілете дамыту жөніндегі аса маңызды міндеттер тұр.
Өткен жылғы Жолдауымда мен 2003-2005 жылдарды ауылды өркендету кезеңi деп жарияладым.
Елiмiздiң ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарын жаңғырту мен дамыту жөніндегі
негізгi мiндеттерді шешу Yкiметтiң алдағы кезеңдегі әлеуметтiк-экономикалық саясатының
басты мазмұнын
құрайтын болады.
Мұны ойдағыдай іске асыру үшін қазiрдің өзінде мемлекеттік басқару жүйесiнде құрылымдық қайта құру жүргізілді.
Өткен жылдың iшiнде
Жер
,
Су
және Орман кодекстерiнің, "Өсiмдiк шаруашылығындағы міндеттi сақтандыру туралы"
Заңның
жобалары әзiрленiп, Парламентке ұсынылды,
"Ветеринария туралы"
,
"Өсiмдiктердi қорғау туралы"
,
"Тұқым шаруашылығы туралы"
Заңдар қабылданып, "Өсiмдiктер карантині туралы"
Заңға
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілдi.
Бекiтілген бағдарламалық құжаттарға сәйкес мемлекет 2004-2005 жылдары ауыл экономикасына 150 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсауды жоспарлап отыр. Соның iшiнде 2004 және 2005 жылдары бұл сома жыл сайын 10 миллиард теңгеге ұлғайтылады.
Алдағы екi жылда денсаулық сақтау мұқтаждарына қосымша 30 миллиард теңге, яғни жыл сайын 15 миллиард теңгеден бөлiнедi. Сонымен бipгe 2003-2005 жылдары ауылдағы білiм беру мен денсаулық сақтау iсiне, ауылды сумен жабдықтау объектілерiне инвестицияға мемлекеттiк бюджеттен жыл сайын 15 миллиард теңгеден бөлiнетiн болады.
Мен Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасынан тыс биылғы жазда
Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын
бекiтсем деп отырмын.
Сөйтіп, 2004 жылдан бастап, оны іске асыруға да мемлекет едәуір қаражат бөлетiн болады.
Бұл бағдарламаның мақсаты - ауылдың әлеуметтік дамуын жеделдету және жұртты тоқыраулы әрi экологиялық және экономикалық жағынан келешегі күмәндi ауылдық аумақтардан көшiруге және еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету.
Ocы орайда, ауыл экономикасына
мемлекеттiк қолдаудың
өсе түскен көлемiнiң де,
жерге жеке меншiк құқығын енгізудiң д
е - тегінде, осының бәрiнің де, елiмiздiң экономикасындағы аграрлық сектордың үлесiн ұлғайту, тиiсiнше ауылдағы әлеуметтік проблемаларды шешу үшiн жасалып отырғанын еске салған орынды деген ойдамын.
1.2. Индустриялық-инновациялық саясат
Бүгінгi таңда теңдестірмелi және тұрлаулы даму үлгісін түзген кезде бiз
экономиканы
шикізаттық бағдарынан өңдеушілік бағдарға қарай
диверсификациялау жолдарын
айқындап алуымыз керек.
Қазақстанның кенен байлығы -
минералдық шикізаттың қайтып қалпына келмейтін жадығат
екені, әрi кен орындарының уақыт өте келе сарқылатыны белгілi. Мұның өзi болашақта әуелi экономикалық, содан кейін саяси тәуелсіздігімізден айырылып қалуымызға әкелiп соғуы мүмкiн.
Сондықтан, менің тапсырмам бойынша
Үкімет 2015 жылға дейiнгі Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын әзiрледi.
Басты міндет - 2000 жылмен салыстырғанда IЖӨ-нi 2015 жылға қарай 3,5 есе ұлғайту.
Бағдарламаның негізгi мақсаты - кәсіпкерлік ахуал, бәсекелестік орта қалыптастыру, жеке меншік секторды қосылған құны жоғары өндірістер құруға ынталандыратын қоғамдық институттар жүйесiн құру.
Бұл ретте
қара және түстi металлургияда, шикiзат өңдеу, соның ішінде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу саласында
, осындай өндірістер құру жөнiнен елеулi әлеует бap.
Мұндай өндiрiстердi ұйымдастырудың осы заманғы тәсiлдерi мемлекет тарапынан көтермелеудi, жоғары технологиялы орталықтар құруды талап етедi.
Технопарктер
жасақтау арқылы қолдағы ғылыми базаны: Алматы түбiндегі Алатау кентіндегі
ақпараттық технологиялар орталығын,
Степногордағы
биотехнологиялық орталықты,
Курчатовтағы
ядролық технологиялар орталығын
бiлгiрлiкпен пайдалана бiлген жөн.
Бағдарламаны іске асыру барысында
мәшине жасауға, әсiресе мұнай-газ саласына, сондай-ақ көліктi дамытуға
баса назар аудару қажет.
Бағдарламаға мемлекеттік қолдау көрсету жеңілдікпен кредиттер бөлудi, экспортты сақтандыруды, құрылтайшы капиталға, коммерциялық ақпарат таратуға үлестік қатысуды көздейдi.
Бiз инвестициялық сипаттағы тiкелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 млн. доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуiр бөлегі өндірiстік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады.
Бұл орайда ғылыми және инновациялық үрдiске деген көзқарасымыздың өзін өзгертуіміз керек.
Ғылымды реформалау құрылымдық өзгерiстерді ғана емес, оны қаржыландыру көлемiн де қамтуға тиіс. Яғни ғылыми және қолданбалы зерттеулердi мемлекеттiк қаржыландыру көлемi ұлғайтылуы қажет.
Алға қойылған мiндеттер сыртқы сауда саясатының қағидаттарын қайта қарауды талап етедi. Елiмiздiң өңiрлік интеграциямен, әлемдiк қалыптарға көшумен, тауарлар өндiрісін және қызмет көрсетуді экспортқа бағдарлаумен ұштастыру арқылы сауданы ырықтандыру бағытын ұстануға тиiс eкені қазiрдің өзінде айқын болып отыр.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын
iске асыру мақсатында даму институттарының жүйесі құрылады әрi капиталданатын болады.
Соның ішінде, қазiрдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы уәзипалар атқарып жатқан
Ұлттық қop
бap.
Таяу уақытта
Қазақстанның инвестициялық қоры
құрылатын болады. Ол капиталына үлестiк қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық компаниялардың құрылуына жәрдемдесуге тиiс.
Ғылыми-техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында
Инновациялық қор
құрылып, оған инновациялар мен венчурлық кәсiпкерлiктi дамыту мен енгiзу жөнiнде неғұрлым кең өкiлеттiктер жүктеледі.
Қазақстан даму банкi
қазiрдің өзінде экономиканың шикізаттық eмec секторында жұмыс істейтiн отандық кәсiпорындарға кредит бөлу жөнiндегі қызметті қолға алып, 23 миллиард теңгеге (150 млн. доллар) жуық кредиттер бердi. Оның міндеті - өңдеуші өнеркәсіп пен өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу.
Yкiметтің сонымен бiрге халықаралық саудаға қатысты саяси тәуекелдi сақтандырумен шұғылдануға тиіс
Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация
құруы қажет.
Даму жөніндегі мемлекеттік институттардың нарықты алмастырмайтынын немесе ығыстырмайтынын, қайта бәсекеге қабiлеттi экономиканың қозғаушы күшіне айналып, серіктестік қағидаттары негізiнде жеке кәсiпорындарды инновациялық үдерiске тартатынын атап көрсету керек.
Жедел экономикалық өрлеуге бiздiң мемлекетiміздің интеграциялық жаhатшiлiгі жәрдемдесетін болады. Жуырда ТМД-ның opтaқ экономикасының 90 пайыздан астамын құрайтын Ресейдiң, Қазақстанның, Украина мен Беларусьтiң Өңірлiк интеграция ұйымын жасақтау туралы мәлімдегені өздеріңізге белгілi. Бiздiң елiмiз осы бiрлестiктің мұраттарын нақтылы жүзеге асырудың дәйекті жақтаушысы болып қала бередi.
Мұнда көп нәрсе біздiң мемлекеттеріміздің заңнамалық базаларын үйлестiруi және парламентшiлердің бұл үдеріске белсене қатысуына байланысты болады.
Үстiмiздегi онжылдықта әлеуметтік-экономикалық салада жалпы iшкi өнiмді екi есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік пен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алғанымызды ecкe саламын.
Осыған орай экономика саласында 2004 жылы
экономикалық өрлеудiң барынша жоғары қарқынына жету
басты міндет ретiнде алға қойылып отыр.
Мұның өзi инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей байланысты.
Экономикалық өсімнiң жоғары қарқынын тұрақты ұстап тұру үшін бiздің таяудағы 4-5 жылдың ішінде негізгі капиталдың IЖӨ-ге қатысты жалпы жинақтау көлемiн 28 пайыз деңгейiне дейiн жеткiзуіміз керек. Соның iшінде мемлекеттiк инвестициялардың IЖӨ жөнiнде 2-ден 4 пайызға дейiнгі өсіміне жету шарт.
Биылғы жылы мемлекеттік бюджеттiң асыра орындалатыны, сөйтiп көкейге қонымды маңызды деңгейге -
бiр триллион теңгеге
жақындайтыны қазірдiң өзінде бiлiнiп отыр.
Сондықтан, биылғы
мамырдың iшiнде-ақ
бюджеттi нақтылай түсу қажет, ал экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс iстейтiн мемлекеттік iрі кәсiпорындар акцияларының пакеттерін сатудан алынған жоспардан тыс түсімдерді Ұлттық қорға жiберу керек.
Осыған орай мен Үкiметке биылғы жылдың бюджетiн Парламентте нақтылаған кезде
артылған қаражатты жинақтауға, сондай-ақ әлеуметтік дамуға бағыттауды
тапсырамын.
1.4.1. Мемлекеттiк инвестициялар
Индустриялық-инновациялық бағдарламаның iске асырылуын қамтамасыз ететін жоғарыда аталған қаржы институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында:
- Даму банкiнiң жарғылық капиталын ұлғайтуға және оның кредиттік жадығатын молықтыруға -
12 миллиард теңге;
- құрылатын Қазақстан инвестициялық қорының жарғылық капиталына -
23 миллиард теңге;
- құрылатын Инновациялық қорға -
3 миллиард теңге;
- Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация құру үшін -
7,7 миллиард
теңге жiберудi ұсынамын.
Астананы елiмiздiң орталығына көшiрудiң стратегиялық қажеттігі мен тиімділігі және оны oсы заманғы үлгіде абаттандыру керектігі бүгiнгi таңда бiр кездегідей ешкімнің күмән-күдігін туғызбасы анық.
Бас қаламыздың сәулет сұңғатын келiсті ету жөніндегі жасампаздық жоспарларды iске асыруды қолға алған екенбіз, ендеше бұл істі аяқсыз қалдырып, ақырына дейiн жеткiзбеуге бiздiң ешқандай қақымыз жоқ.
Елімiздiң жаңа астанасын салудың экономикалық, саяси және әлеуметтік тиімдiлігі турасында бiз жиі айтып жүрмiз. Айталық, Астана қаласын салу мен дамытуды қолға алған жылдардың ішінде оны абаттандыруға әртүрлi көздерден шамамен 2,5 миллиард доллар жұмсалып, мұның өзi елімiздің экономикалық өcуінe, өндірiсті жандандыруға, жұмыс орындарын құрып, салық алымдарын көбейтуге айтарлықтай үлес қосты.
Астананың үлгісі бойынша елiміздегі барлық облыс орталықтары көркейiп келедi. "Астананың өркендеуi - Қазақстанның өркендеуi"
бағдарламасы
жұмыс iстеп тұр.
Бiз астанамыздың құрылысына елеулi үлес қосып жатқан достас елдерге, шетел инвесторларына, отандық кәсіпкерлерге ризашылығымызды бiлдiремiз.
Менiң өтінішім бойынша олар бөлген өтеусіз қаражатқа биылдың өзiнде ғана 200 миллиондай АҚШ доллары сомасына құрылыстар салынып жатыр.
Алайда, алдағы уақытта бiз астана құрылысын оны дамытудың ұзақ мерзiмдi және орта мерзімді жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде бюджет қаражатының есебiнен жоспарлы түрде жүргізуге көшуіміз керек.
Yкімет Астана қаласының әкімдігімен бiрлесiп, әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысының белгiленген жоспарларға сәйкес жүргізілуіне қамқорлық жасауға тиіс.
Бiздің экономикамыздағы
жеке сектордың
рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесiнiң жиынтық капиталы
300 миллиард теңгеге
жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер
600 миллиард теңгеден
асып түсті.
Банктердiң жиынтық меншiк капиталы бiр жылдың ішінде үштің бiрiне ұлғайып,
миллиард доллардан
асып түсті, ал экономикаға берiлген кредиттер соңғы үш жылда 4,5 есе көбейдi.
Әлбетте, мұның бәрi де экономикалық өрлеудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етедi және демеп отырады.
Дегенмен, бiз жеке жинақтаулар мен қорабалардың, ең бастысы экономикаға жасалатын инвестициялардың бұдан әлдеқайда өсе түсуiне мүдделіміз.
Салық азайған сайын, жеке инвестициялар көбейе түседi
дегендi даусыз ақиқат санауға әбден болады.
Сондықтан да мен Үкіметке
жекелеген салықтардың пәмiн одан әрi кемiту
туралы Парламентке ұсыныс енгізудi тапсырамын.
Мен 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- қосылған құнға салынатын салықтың пәмін 16-дан 15 пайызға дейін кемiту;
- жұмыс берушiлердiң регрессивтiк шәкiл бойынша еңбекке ақы төлеу шығыстарының деңгейiне қарай әлеуметтiк салықты 20-дан 7 пайызға дейін шақтау арқылы оның пәмiн кемiту;
- жеке табыс салығының ең жоғарғы пәмiн 30-дан 20 пайызға дейін кемiту
қажет деп санаймын.
Yкіметке шағын бизнес субъектілерінің оңайлатылған салық салу жағдайындағы қызметінің оңды тәжiрибесін ескеріп,
арнайы салық уәжiптерінің аясын кеңейту мүмкіндігін
зерделеуді тапсырамын.
Экономикалық өрлеу қарқынын еселей келе, біз елiмiздiң экономикалық қуатын нығайтып қана қоймаймыз, сонымен қатар әлеуметтік даму міндеттерін шешу үшiн барынша кең мүмкіндіктеp ашамыз.
Бұл саясаттың маңызды бiр бөлiгі -
зейнетақы мен жалақыны одан әрi арттыра беру.
Зейнетақының ең төменгі деңгейін
5,5 мың теңгеге дейiн ұлғайту
қажет деп санаймын.
Әрбiр зейнеткердiң еңбектегi еншiсiн, жұмыс өтілін, зейнеткерлікке шыққан кездегі жалақысын ескеріп,
зейнетақылардың неғұрлым әділетті шамасын белгiлейтiн
уақыт та жетті, әрі елiмiздiң оған мүмкіндігі де пайда болды деген ойдамын. Мұның өзi
миллионға тарта
зейнеткердiң зейнетақысын арттыруға мүмкіндік бередi.
Осы күрделi әрі едәуір қымбатқа түсетін, алайда абыройлы міндеттi шешуге бiз кідірiссіз,
биылғы 1 маусымнан бастап
кірiсуімiз керек. Yкiметке
зейнетақылардың саралап арттырылуын жүзеге асыруды: биылғы 1 маусымнан бастап оларды қайта есептеудi, ал 1 шілдеден бастап төлеуге кiрiсудi тапсырамын. Жаңа ең төменгі зейнетақы да 1 шiлдеден бастап төленетiн болсын.
Есеп бұл үшін бiр жарым жылдың iшiнде қосымша 60 миллиард теңге, соның ішінде биылдың өзінде 20 миллиард теңгедей бөлу қажет болатынын көрсетіп отыр.
Соның нәтижесiнде зейнетақылардың opташа мөлшерi келесi жылы
сегiз мың теңге
деңгейiнен асып түсуге тиiс.
Ең төменгi жалақы,
әлбетте, ең төменгі эейнетақыдан артық болуға тиіс екеніне қарамастан, ол биыл ғана сол деңгейге жетіп отыр.
Сондықтан да
келесi жылдың 1 қаңтарынан бастап, жалақы 5000 теңгеден 6600 теңгеге дейiн, немесе 32 пайыз өсірiлетiн болады.
Мұның алдындағы жылдары бiз бюджеттегi мекемелер қызметкерлерінің жалақысын көтерген едiк. Өткен жылы тек мұғалiмдердің өздерiне ғана жалақы 35 пайыздан астам көбейтілдi.
Белсендi әлеуметтiк саясатымызды одан әрi жалғастыра беремiз, сөйтiп келесi жылдан бастап
бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң жалақысы орта есеппен тағы да 20 пайыз ұлғайтылады.
Бұл ретте еңбекке ақы төлеу жүйесiн одан әрi жетiлдiре беру жоспарланып отыр.
Сонымен бip мезгілде еңбекке ақы төлеудiң әзiрленiп жатқан жаңа жүйесiнiң ауқымында
мемлекеттiк қызметшілердiң жалақысы орта есеппен 50 пайыз арттырылады.
Бұл жолы Yкiмет еңбекақы төлемі кестесін бірінші кезекте ақысы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеруді ескере отырып, нақтылай түсуге тиіс.
Тұтас алғанда 2004 жылы жалақыны көбейтуге мемлекет бюджеттен 50 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінедi.
Сонымен қатар
табыс деңгейі төмен адамдарға қолдау көрсету үшiн Үкiметке салықтарды кемiту кезiнде жеке табыс салығын есептеуге қажеттi салық салынбайтын ең төменгi мөлшердi кем дегенде 30 пайыз көтерудi тапсырамын.
Бұл шаралар табысы төмен қазақстандықтардың көпшiлігінің әл-ауқатын жақсартуға мүмкiндiк бередi әрi жұмыссыздықты едәуiр қысқартудың маңызды тұтқасына айналады.
Енді бiр маңызды мәселе туралы. Бiз еліміздің көшi-қон шығынының орнын толтырудың жайын да байсалды ойластыруымыз керек. Бұл түйiндi мәселе, өз жоспарларымызды іске асыруымыз осы мәселенi шешуімізге де байланысты болмақ.
Сол себептi Yкімет:
- тууды өсіруді;
- денсаулық сақтауды жақсарту есебінен өлім-жітімді кемітуді;
- ең әуелі еңбекке жарамды жастағы бұрыңғы қазақстандықтар есебiнен оралушыларды қабылдауды ұлғайтуды қарастыратын бағдарлама әзірлеуге тиіс.
Осыған сүйеніп, мен сондай-ақ келесі жылы оралмандарға арналған шаманы екі есе ұлғайту, әрi осы мақсатқа қосымша екі миллиард теңге жұмсау жөнінде мiндет қоямын.
2.3. Мәдени-тарихи мұраны сақтау
Руханият пен білім беру салаларын
дамытудың аса маңызды құрамдас бөлiгi ретiнде биыл бiрқатар ауқымды жобалардың басын қосатын
"Мәдени мұра" арнаулы орта мерзімдi бағдарламасын
әзiрлеп, іске асыруға кірісуді ұсынамын.
Оның мақсаты:
Біріншіден, халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның iшiнде осы заманғы ұлттық мәдениетiн, фольклорын, дәстүрлерi мен салттарын зерделеудің бiртұтас жүйесiн жасау.
Екіншіден, ұлттық тарих үшiн ерекше маңызы бар елеулi мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерiн қалпына келтiрудi қамтамасыз ету.
Үшіншiден, ұлттық әдебиет пен жазудың санғасырлық тәжiрибесiн қорыту және кеңейтiлген көркем, ғылыми, өмiрбаяндық дестелер жасау.
Төртіншіден,
мемлекеттік тiлде әлемдiк ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздiк жетiстiктерi негізiнде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау.
Мәдени-рухани даму жөнiндегi шаралардың iшiнде
бiздiң бас қаламыздың мәдени ортасын
қалыптастыруға айрықша назар аударылуға тиiс.
Yкiметке үш ай мерзiмнiң iшiнде Президент Әкiмшiлiгiнiң қатысуымен осы орайда тиiстi шешiм әзiрлеудi тапсырамын.
* * *
Мен ұсынып отырған барлық шаралар, әcipece, әлеуметтік даму мен экономикалық өсiмнiң жоғары қарқынын ұстап тұру мақсатындағы жинақтаулар қажеттігі жағынан алғанда теңдестірiлген әрi бiздiң мүмкіндіктерiмiзге сай келедi.
Сондықтан да Парламент депутаттарынан осы ұсынысты қолдауды сұраймын. Бұл шаралардың
біздің азаматтарымыздың едәуiр бөлегiнiң әл-ауқатын айтарлықтай жақсартатынына
күмән жоқ.
ІII. Демократияландыру және тиімді басқару
Біздiң
алдымен экономика, содан кейiн ғана саясат
дейтін қағидатқа сүйенiп, дәйектi түрде ашық қоғамға қарай iлгерiлеп келе жатқанымыз қазақстандықтарға мәлiм.
Алайда, бiзге басқа да жәйттер белгілi.
Егер 90-шы жылдардың басында ел билiгiн қолдан шығарып алсақ, онда ауыр дағдарыс жылдарында әрi көп ұлтты мемлекеттiң жағдайында бiздiң мемлекеттіктен де айырылып, экономиканы реформалау мiндеттерiн де шеше алмаған болар едiк. Бұған нақты мысалдар бар. Ал бiз бүгiнгі күнi өзiмiздiң табысқа жеткенiміздi мәлiмдеп отырмыз.
Елiмiздiң экономика мен мемлекеттiк құрылыстағы жетістіктерi қоғам дамуының кезекті кезеңi ретiнде
саяси жүйені одан әрi ырықтандыру мәселелерiне баса көңiл бөлуге жағдай жасайды. Өзiмiздің бүгінгі болмысымызды екшей келгенде, мұны азаматтық қоғам дамуының кезекті кезеңі болады деу керек.
Бүгін бiзде демократия мен азаматтық қоғамның iргелi институттары құрылып отыр.
Соңғы уақыттың өзiнде ғана бiзде омбудсмен институты белгiленiп, Ұлттық кеңес, Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі Қоғамдық кеңес құрылды.
Yкіметтің жанында алдағы уақыттағы демократияландыру мен азаматтық қоғамды дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлейтiн Тұрақты жұмыс істейтін Кеңес қызмет атқарып жатыр.
Партиялар туралы жаңа заң қабылданғаннан кейiн елiмiздегі партия жүйесi нығайып келедi, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділiгi арта түстi, әрі, ең бастысы, қоғамда саяси мәдениеттiң демократиялық үлгiсi тамыр тарта бастады.
Осы бағыттағы саясатымызды дәйекті жүзеге асыра отырып, бiздiң осы жолда
кезектi қадамдар
жасауымыз керек.
Алдағы кезеңге саяси реформалардың бес басым бағытын қамтитын бағдарламасын ұсынамын.
Бірінші.
Бiз мемлекеттік басқару жүйесiн жаңалап жетiлдiруiмiз керек.
Мұндағы басты мiндеттер - мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы құзыреттіліктің ара-жiгін айқын ажырату, бюджетаралық қатынастар жүйесiн жетілдiру.
Ұлттық кеңестің кешегі күнi өткен отырысында бiз "Жергілiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңға
енгiзiлмекшi өзгертулер мен толықтыруларды қарадық.
Бұлар - жергілiктi мемлекеттiк басқарудың аумақтық даму, төменгі деңгейлердегi, ең алдымен ауылдағы тиімді басқаруды қамтамасыз ету мәселелерiн шешудегi өкiлеттiктерiн одан әрi кеңейте беруге қатысты өзгертулер мен толықтырулар.
Ал мұны iске асыру үшiн
жүзден астам заңдарға
өзгертулер мен толықтырулар eнгізу керек. Сондықтан Yкiметтiң алдына 2004 жылдың қарсаңында билiктiң барлық деңгейлерiнiң оңтайлы уәзипалығын қамтамасыз ететін заңнамалық құқылық базаға тиiстi өзгертулер әзiрлеу міндетін қоямын.
Бюджеттік кодекстің
жобасын әзiрлеу жұмысы аяқталып келедi, оны Үкімет биылғы мамырдың ішінде Парламенттiң қарауына енгізуге міндетті.
Осыған орай мен депутаттардан бұл құжатты мұқият зерделеп, осы биыл қабылдаудың қамын жасауды өтінер едiм: бұл 2005 жылға арналған бюджеттi келесi жылдан бастап, жаңа Бюджеттiк кодекстің негiзiнде қалыптастыруды қолға алу үшiн аса қажет.
Ал 2004 жылға арналған Республикалық бюджет туралы заңның жобасы қазiргі қолданылып жүрген "Бюджет жүйесi туралы"
Заңның
низамдарының негізінде әзiрленетін болады.
Басқару деңгейлердiң өкілеттіктерiн айқындау мен оларды қаржылық қамсыздандыру жөніндегі жұмысты аяқталған бетте бұл үдepic жергiлiкті басқару органдарының басшыларын сайлау тәжірибесін кеңейту арқылы тыңғылықты тиянағын табуға тиіс.
Бiздiң басты мiндетiмiз - жергілікті жердегi билiктің адамдар алдындағы жауапкершілігін көтеру, оларды әрбір адамның күнбе-күнгі мұқтажы мен қам-қарекетіне жақындата беру.
Ауылдық округтер деңгейiнде белгiлi бiр мерзiмге әкiмдердiң сайланбалылығын енгізуге болады деген ойдамын.
Содан кейінгі жерде
аудан әкiмдерiн сайлауға байланысты эксперимент жүргiзуге көшкен жөн.
Соның қорытындысына қарай мұндай тәжiрибенің ұтымдылығы мен оңтайлы үлгілерiн анықтау турасында байлам жасауға болатын секілді.
Тегінде, түпкі мұрат әкім сайлау ғана емес, мұны естен шығармау керек. Әлбетте бұл мәселені кезең-кезеңiмен қажетті жағдаяттардың қалыптасуына қарай шешкен дұрыс.
Сонымен қатар басқарудың барлық деңгейлерiне кадрлар даярлау үшiн жағдай туғызуға кідiрiссiз кiрiсу қажет деп санаймын. Әлемнiң үздiк университеттерiнде оқыту, елiмiзде санаты биiк университеттер құру, сондай-ақ отандық Мемлекеттік қызмет академиясын нығайту - бүгiнгi күннiң мiндеттерi, мiне, осындай. Мұның да демократиялық құрылыстың аса маңызды бiр факторы екенiне сiздер келiсесiздер деген ойдамын.
Бiз өз мәдениетiмiздiң құндылықтарын, бiрлiгіміздi, ұлтаралық және дiнаралық татулығымызды, саяси тұрақтылығымызды сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретiн боламыз. Мен мұны қайталаудан жалыққан емеспiн.
Сонымен бiрге, бiрде-бiр елдің мемлекеттік және саяси құрылыстағы толымдылыққа жете алмағанын да, ешкiмнің ойдағыдай бюджетаралық қатынастар орната алмағанын да естен шығармаған жөн.
Дамыған өркениеттi деген елдердiң өзiнде ырықтандыру мен орталықсыздану кезеңдерiн мемлекет рөлiнiң күрт күшеюi мен орталықтану кезеңдерi алмастырып отырған: бәрi де нақтылы-тарихи жағдайлар мен даму кезеңдерiнiң парықтылығына байланысты.
Басқаның тәжiрибесiн көзсiз көшiрудiң, халықаралық сарапшылардың бiрi дөп басып айтқандай, бiреудiң дене мүшесiн басқа бiреуге салатын хирургиялық операция тәрiздi екенiн мықтап ұғынып алу керек, бөтен мүшенiң басқа денеге қабыспайтын кездерi жиi ұшырасатынын өздерiңiз де бiлесiздер.
Мұндай мәселеде абай болған жөн, әуелi бәрiн де мұқият екшеп алған абзал.
Үкiметке бұл мәселенi шетелдiк тақылеттес тәжiрибенi ескеріп, терең зерделеуi, сөйтiп нақтылы ұсыныстар енгiзудi тапсырамын.
Екiншi.
Сайлау жүйесiн одан әрi жетiлдiре беру қажет. Сайлау үдерiсi бұрынғыдан да айқын әрi ашық болуға тиiс.
Өткен жылдың өзiнде менің тапсыруым бойынша "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық
заңға
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасы әзiрленген едi.
Онда Орталық сайлауком ЕҚЫҰ-мен бiрлесiп, саяси партиялармен өткiзген дөңгелек үстелдерде айтылған ұсыныстар ескерiлген. Биылғы жылдың басында заң жобасы Тұрақты жұмыс iстейтiн Кеңестің отырыстарында талқылаудан өткiзiлдi.
Үкiмет оны жұртшылық тарапынан айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықтап, Парламентке енгiзуге тиiс.
Бұл заңның негiзгi нысанасы сайлау үдерiстерінiң айқындығын, ашықтығын және бәсекелестігiн қамтамасыз ету болуы керек.
Сайлаушылар тiзiмiн түзу, дауыс беру, дауыс беру қорытындысын шығару және сайлау нәтижесін анықтау жөнiнде автоматты ақпараттық жүйе енгiзу мiндет.
Үшінші.
Саяси жүйенi демократияландырудың маңызды бағыты -
азаматтық қоғам институттарын одан әрi нығайта беру.
Бiздiң мiндет - бұқараның қолдауына ие болған, беделi биiк, қуатты әрi жауапкершілігi жоғары партиялардың iрге тартуына жәрдемдесу. Мұның өзi елiмiздiң стратегиялық мұраттарына сай келедi.
Өзiн өзi ұсыну институтын сақтай отырып,
саяси партияларға Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну жөнiнде айрықша құқық берілуін
қажет деп санаймын.
Партиялардың дауыс беру қорытындыларын шығару кезiнде бақылауды жүзеге асыруы үшiн неғұрлым кең мүмкiндiктерi болуға тиiс.
Yкiмeттiк емес ұйымдармен
арадағы өзара iс-қимылды да басқаша құру керек.
Осындай ұйымдарға конкурстық негiзде мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс жүйесi арқылы экономикалық қолдау көрсету үрдiсi жемiстi болар едi деген ойдамын.
Бұл үшiн "Қазақстан Республикасындағы үкiметтік емес ұйымдар туралы" және "Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" заң жобаларын тезiрек әзiрлеп, қабылдаған жөн.
Бұл жұмыс жөн-жосықсыз ұзаққа созылып кеттi.
Үкiметтiң аталған заң жобаларын пысықтап, Парламентке енгiзуі қажет.
Кең ауқымды ынтымақтастыққа Үкiметтiк емес ұйымдардың жалпы республикалық съезi -
Азаматтық форум арна тартуға тиiс. Оны биылғы жылдың екiнші жартысында
өткiзу керек.
Төртінші.
Бiздiң бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы peті мен орнын айқын анықтап алуымыз керек.
Қазақстанның тәуелсiз жылдарының iшiнде тәуелсiз бұқаралық ақпарат құралдарының уәзипалық етуi үшiн саяси, экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалды. Мұның өзi заңнамалық, сондай-ақ низамдық кесiмдермен қуатталатын нақтылы шындық.
Бiзде БАҚ-тың басым көпшілiгi мемлекеттiк емес.
Мәселенiң мәнi мұнда да емес, ол баспасөз бен теледидардың цензура болмайтын, БАҚ жұмысының жеңiлдiктi тегершiктерi жасалған жағдайдағы, олардың қызметiнiң заңдық тегершiгi айқын анықталған жағдайдағы уәзипалық етуiнiң бекем тетiгiнде жатыр. Баспасөздi қаржылық қолдаудың бекем жадығаты бар, оны мемлекет нақ соңғы жылы белсене пайдалана бастады. Осы орайда тек үстiмiздегi жылы ғана 50 жаңа бұқаралық ақпарат құралының тiркелгенiн айтқан орынды.
Бұл - мемлекет пен қаламгерлер қауымдастығы бiрлесе жеткен белес.
Бұл - айтуға тұрарлық жетiстiк, тек оның маңызын түсiне бiлейiк.
Ендiгi жерде бiздiң баспасөз кеңiстiгi дамуының келешектегi бағыттары жайлы ойланғанымыз орынды. Әңгiме қоғам мен БАҚ-тың өзара жауапкершiлiгi туралы, билiк пен журналистердiң өзара жауапкершiлiгi туралы болып отыр.
Бұл бiр ғана Қазақстанның емес, осы заманғы қоғамдардың бәрінің де басында бap мәселе. Соңғы кездегi оқиғалар ұлттық қауiпсiздiк, саяси тұрақтылық, ұлтаралық татулық, дiнаралық келiсiм мүдделерi мемлекеттiк қана емес, сонымен қатар мемлекетаралық деңгейде басымдыққа ие бола бастағанын айқын көрсетiп отыр.
Бiздiң бiр байқағанымыз, белгiлi бiр жағдайларда ең демократияшыл деген мемлекеттердiң бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық мүдденi қорғауға келгенде айқын тұғырда тұрады. Біз де бұдан сырт қалуға тиiс емеспiз.
БАҚ туралы жаңа Заң қабылдау қажеттігі пісiп-жетiлдi,
онда сөз бостандығын қамтамасыз етудiң, сондай-ақ журналистердi меншiктеушiлердiң қысымынан қорғаудың осы заманғы нақты жағдайы ескерiлуге, сондай-ақ шенеунiктердiң еркiн баспасөздiң қызметiне араласқаны үшiн жауапкершілігi күшейтілуге тиiс.
Келесi тұсында БАҚ-тың заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершілiгiн де айқындап беру мiндет. Қоғамға керегi - жалақорлық пен жалған сөз бостандығы емес, тура да тұғырлы сөз бостандығы.
Үкiмет үстімiздегі жылы журналистермен және жұртшылықпен бiрлесіп,
тиiстi заң жобасын әзiрлеп,
Парламентке енгiзуге тиiс.
Үкiмет БАҚ рыногындағы бәсекелестiк барысын айқын қадағалап отыруға, оның монополияға айналуына жол бермей, тежеп отыруға тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралдары кемелдене түстi, елдiң мүддесін, яғни жеке өзiнің мүддесiн терең парықтай бастады. Ендiгi жерде өзiнiң дамуына жасалған қамқорлыққа жауапты тұғыр ұстануымен, яғни әрдайым әдiл ақпарат таратуға деген ұмтылысымен жауап қатады деген үміт зор.
Бұл даусыз ақиқат, мұны бiр ғана қарапайым себеппен бәрiмiз де көкейге тоқуымыз керек, өйткенi мұның басқадай тетiгi табиғатта жоқ.
Билiк пен БАҚ арасындағы үндесудiң көш басында, ең алдымен, журналистердiң қоғамдық бiрлестiктерi және ел Президентi жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі Қоғамдық кеңес тұрады және тұруға да тиiс.
Бесiншi.
Құқық қорғау мен сот органдарының қызметiн жетілдiре беру басты мәселелердiң бiрi болып қала береді.
Бұл мәселенi ең алдымен азаматтардың ажырағысыз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету тұрғысынан қарау керек деп санаймын.
Қылмысқа қатысты құқық аясын
одан әрi iзгілендiрудi
жалғастыра беру маңызды.
Өлiм жазасын қолдануға мораторий енгiзу үшiн Үкiметтiң осы мәселенi шешудің, атап айтқанда, жазаның
өмiр бойына бас бостандығынан айыру
сияқты түрін енгiзудiң ұйымдық, материалдық және заңнамалық шарттарын жасауға кiрiсетiн кезi жеттi.
Тәжiрибе мемлекеттiң сот жүйесiнiң зәрулiктерiне деген назары мен қамқорлығы судьялар құрамына қойылатын талапшылдықты арттырумен ұштастырылуға тиiс екенiн көрсетiп отыр.
Азаматтар күнi бүгiнге дейiн соттардан өз құқықтарының қорғаушысын, әдiлеттiң жоқшысын көре алмай жүр.
Алқабилер
институтын кезең-кезеңiмен енгiзу жайын да ойластыру қажет.
Әлбетте, соттардың қызметiне бақылау жасау тұтқаларын күшейте түсу керек, әрине, бұл арада сот төрелiгiн атқару үдерiмiне араласпауды әсте естен шығармаған жөн.
Судьялардың кәсіптiк даярлығының сапасын да арттыру қажет. Сiрә, арнаулы оқу магистратурасын құрған жөн болар. Осы оқу орнын бiтiргендер ғана, әлбетте, судьялар болғаны дұрыс.
Конституцияға
сәйкес қылмыстық қудалау органдарының iс жүргiзу қызметiне деген сот бақылауын күшейте түсу керек, ол үшiн
тұтқындауға соттың санкциясын шығарту институтын
енгiзуге дейiн бару керек.
Сонымен бiрге iстi қараудың сотқа дейiнгi кезеңдерде де, сондай-ақ сот сатыларында да оңайлатылған және жеделдетiлген ресiмдерiн енгiзу керек.
* * *
Қадiрмендi қазақстандықтар!
Құрметтi депутаттар!
Ең ауыр жылдардың өзiнде менiң халыққа "үлде мен бүлдеге ораймын" деп уәде бермегенiм, желеулетпе мәлiмдемелер жасамағаным, қайта бiздi реформалардың қиындықтары мен ауыртпалықтары күтiп тұрғаны, оның салмағы қарапайым халықтың иығына түсетiнi жайында сақтандырғаным сiздердiң естерiңізде. Алайда, мен халықтың тұрмыс жағдайы жақсарған үстіне жақсара түсетін күннің туатынына да жұртты сендiрген едiм.
Тарихи аса қысқа мерзiмнiң iшiнде бiз ең шұғыл экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырдық. Бiздiң өзiмiз де өзгердiк, бiздiң пайымымыз да, дүние танымымыз да өзгердi. Бiз ешкiмнiң де айрықша бiр ақыл айтуынсыз-ақ өз еңбегiмiз өз игiлiгiмiздiң кiлтiне айналатынын, ал мемлекеттің осыған қажеттi жағдайлар туғызуға тиiс екенiн түсiне бiлдiк.
Бүгiн мен берген уәдемдi орындап жатырмын деп ағымнан жарылып айта аламын.
Қазақстан экономикасының өсуi бiздiң басты мұратымыз - халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етiп жатыр. Менiң айтқаным да осы уақыт едi, мiне, сол уақыт та келдi.
Бүгiн мен бiздiң ең жаңа тарихымызда әлеуметтiк шығыстарды барынша ұлғайтқанымыз жайында жариялау абыройына ие болдым, бiз бұл iстi көп ұзамай қолға аламыз, әрi оның игiлiгi әрбiр қазақстандыққа және әр отбасына тиетiн болады.
Осы мақсатқа мемлекеттiк қазынадан бiр жарым жылдың iшінде қосымша
120 миллиардтан аса теңге
бөлiнедi, мұны бұрынғы жылдармен салыстыру мүмкiн емес.
Егер экономикамыз дәл осылайша жақсы жұмыс iстейтiн болса, онда, "Қазақстан-2030" ұзақ мерзiмдi
Стратегиясында
көзделгендей, бұл iлгерiлеу одан әрi арна тартады.
Өткен жылдардан бiр айырмашылығымыз сол, бүгiн бiздiң қолымызда экономикамыздың iргесiн өретiн төрт өзектi тұтқалы бағыттар бойынша даму мен жетiлдiру бағдарламалары бар, олар:
- аграрлық азық-түлiк бағдарламасы;
- индустриялық-инновациялық бағдарлама;
- инфрақұрылымды және энергетиканы дамыту;
- әлеуметтiк даму бағдарламалары.
Өткен жылдардан келесi бiр айырмашылығымыз сол, бүгiн бiздiң қолымызда қажеттi қаржы жадығаты да бар.
Iстiң ендiгi түйiнi - билiктiң барлық тармақтарының үйлесiмдi жұмыс iстеуiнде, ықпалды заңдарда және оларды мүлтiксiз орындауда жатыр.
Бiздiң ынтымағымыз, жасампаздық күш-қуатымыз, тұрақтылықты, азаматтық және жалпыұлттық татулықты сақтауға, елiмiздегi бейбiт өмiр мен тыныштықты қамтамасыз етуге деген ұмтылысымыз - Қазақстанның гүлденiп-көркею мен игiлiк жолында аршынды алға басуының басты кепiлi де сол.