Об утверждении Правил отнесения водного объекта к источникам питьевого водоснабжения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2004 года N 75. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2016 года № 105

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.02.2016 № 105 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 ноября 2015 года № 739.


      В соответствии с Водным кодексом Республики Казахстан от 9 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила отнесения водного объекта к источникам питьевого водоснабжения.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 23 января 2004 года N 75

Правила
отнесения водного объекта к источникам
питьевого водоснабжения

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила отнесения водного объекта к источникам питьевого водоснабжения разработаны в соответствии с Водным кодексом Республики Казахстан и определяют порядок отнесения водного объекта к источникам питьевого водоснабжения.
      2. Деятельность по установлению потенциальных источников для централизованного и нецентрализованного питьевого водоснабжения населения осуществляется областными исполнительными органами совместно с уполномоченным органом в области использования и охраны водного фонда, уполномоченным органом по использованию и охране недр и исполнительными органами, осуществляющими деятельность в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения на соответствующих территориях.
      3. Отнесение водного объекта к источникам питьевого водоснабжения производится на основании следующих данных:
      по подземному водному объекту - гидрогеологической характеристики используемого водоносного горизонта, результатов анализов проб воды, отвечающих гигиеническим нормативам , санитарно-эпидемиологического заключения о соответствии местности в районе водозабора санитарным правилам и нормам, сведений об отсутствии имеющихся и возможных потенциальных источниках загрязнения почвы и водоносных горизонтов;
      по поверхностному водному объекту - результатов анализов проб воды, гидрогеологических данных о водоисточнике, о его минимальных и средних расходах воды, соответствии их предполагаемому водозабору, наличии и возможности появления источников бытового, промышленного и сельскохозяйственного загрязнения, санитарно-эпидемиологического заключения о соответствии местности в районе водозабора санитарным правилам и нормам.
      4. Выбор водного объекта в качестве источника питьевого водоснабжения производится с учетом его санитарной надежности и возможности организации зон санитарной охраны.
      5. Пригодность источника для питьевого водоснабжения устанавливается на основе:
      1) санитарно-эпидемиологической оценки:
      условий формирования и залегания вод подземного источника водоснабжения;
      поверхностного источника водоснабжения, а также прилегающей территории выше и ниже основного водозабора по течению воды в водотоке или водоеме;
      места размещения водозаборных сооружений;
      2) оценки качества и количества воды источника водоснабжения;
      3) прогноза санитарно-эпидемиологического состояния источников водоснабжения.
      Пригодность источника для питьевого водоснабжения устанавливается органами государственной санитарно-эпидемиологической службы.
      6. Качество воды водных объектов, отнесенных к источникам питьевого водоснабжения, должно соответствовать национальным стандартам, санитарным правилам и нормам и гигиеническим нормативам.
      Сноска. Пункт 6 в редакции постановления Правительства РК от 23.07.2013 № 735.
      7. Отбор проб воды и их анализ осуществляются государственными учреждениями санитарно-эпидемиологической экспертизы. Допускается по согласованию с уполномоченным органом в области санитарно- эпидемиологического благополучия населения проведение этих работ другими организациями.
      8. Для проведения лабораторных исследований качества воды используются методики, прошедшие метрологическую аттестацию методики выполнения измерений и соответствующие требованиям национальных стандартов и санитарных правил и норм.
      Сноска. Пункт 8 в редакции постановления Правительства РК от 23.07.2013 № 735.
      9. Санитарно-эпидемиологическое заключение о пригодности поверхностных и подземных водных объектов для использования в качестве источников питьевого водоснабжения выдается исполнительными органами, осуществляющими деятельность в области санитарно- эпидемиологического благополучия населения на соответствующих территориях в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      10. Водные объекты, отнесенные к источникам питьевого водоснабжения, должны быть защищены от загрязнения, засорения и истощения путем установления зон санитарной охраны по решению местных исполнительных органов и согласованию с бассейновыми водохозяйственными управлениями и уполномоченным органом в области санитарно-эпидемиологического благополучия в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      11. Для обеспечения населения водой, пригодной для питьевого водоснабжения на случай возникновения чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера по решению уполномоченного органа в области использования и охраны водного фонда совместно с местными исполнительными органами осуществляется резервирование источников питьевого водоснабжения на базе защищенных от загрязнения и засорения подземных водных объектов по согласованию с исполнительными органами, осуществляющими деятельность в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения на соответствующих территориях.
      12. На резервированных источниках питьевого водоснабжения устанавливается специальный режим охраны и контроля за их состоянием в соответствии с водным и иным законодательством Республики Казахстан.

Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 75 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2016 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 767 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Yкiметінің          
2004 жылғы 23 қаңтардағы   
N 75 қаулысымен       
бекiтiлген       

Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызу ережесi Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес әзiрлендi және су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Халықты ауыз сумен орталықтандырылған және орталықсыздандырылған түрде жабдықтау үшiн ықтимал көздердi анықтау жөнiндегi қызметті облыстық атқарушы органдар су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкілеттi органмен және тиiстi аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын атқарушы органдармен бiрлесіп жүзеге асырады.
      3. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызу мынадай деректер негiзiнде жүргiзiледi:
      жер асты су объектiсi бойынша - пайдаланылатын сулы жиектің гидрогеологиялық сипаттамасы, гигиена нормативтерiне сай су сынамасы талдамаларының нәтижелерi, су жинау ауданындағы жердің санитарлық ережелер мен нормаларға және топырақ пен сулы жиектердің ластанған және ластануы ықтимал көздерінің жоқтығы туралы мәлiметтер нормаларына сәйкестiгi туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды;
      жер бетi су объектiсi бойынша - су сынамасы талдамаларының нәтижелерi, су көзi туралы гидрогеологиялық мәліметтер, оның ең төменгi және орташа су шығыстары, олардың болжамды су жинауға сәйкестiгi, тұрмыстық, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық ластау көздерiнің болуы әрi туындау ықтималдығы, су жинау ауданындағы жердің санитарлық нормаларға сәйкестiгi туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды.
      4. Ауыз сумен жабдықтау көзi ретiнде су объектiсiн таңдау оның санитарлық сенімділігi мен санитарлық қорғау аймағын ұйымдастыру мүмкiндiгі ескерiлiп, жүргiзiледi.
      5. Су көзiнiң ауыз сумен жабдықтауға жарамдылығы мыналардың:
      1) санитарлық-эпидемиологиялық бағалаудың;
      ауыз сумен жабдықтау жер асты көзінің қалыптасуы әрi орналасуы жағдайларының;
      су ағынында немесе су айдынында су ағысы бойынша негiзгi су жинау аумағынан жоғары немесе төмен маңдағы су бетi ауыз сумен жабдықтау көзінiң;
      су жинау құрылыстарын орналастыру орнының;
      2) ауыз сумен жабдықтау көзiнiң суы сапасы мен санын бағалаудың;
      3) ауыз сумен жабдықтау көздерінің жай-күйiн санитарлық-эпидемиологиялық болжаудың негiзiнде анықталады.
      Су көзiнiң ауыз сумен жабдықтауға жарамдылығын мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары анықтайды.
      6. Ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызылған су объектiлерi суының сапасы ұлттық стандарттарға, санитариялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиiс.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      7. Су сынамаларын iрiктеу мен оларды талдауды мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мекемелерi жүзеге асырады. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілеттi органмен келiсім бойынша бұл жұмыстарды басқа ұйымдардың жүргiзуiне рұқсат етiледi.
      8. Су сапасына зертханалық зерттеулер жүргiзу үшiн өлшемдерді орындау әдiстемесiнiң метрологиялық аттестаттаудан өткен әрi ұлттық стандарттар мен санитариялық қағидалар және нормалар талаптарына сәйкес келетін әдiстемелер пайдаланылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      9. Жер бетi және жер асты су объектiлерінің ауыз сумен жабдықтау су көзi ретiнде пайдалануға жарамдылығы туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны тиiстi аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бередi.
      10. Ауыз сумен жабдықтау көзiне жатқызылған су объектiлерi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi және бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен санитарлық қорғау аймағын бeлгілеу жолымен ластанудан, қоқысталудан әрi сарқылудан қорғалуы тиiс.
      11. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы жағдайына ауыз сумен жабдықтауға жарамды сумен халықты қамтамасыз ету үшiн су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімi бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп тиiстi аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын атқарушы органдармен келiсiм бойынша жер асты су объектілерінің ластанудан, қоқыстанудан қорғалуы негiзінде ауыз сумен жабдықтау көздерінің резервiн жасау жүзеге асырылады.
      12. Ауыз сумен жабдықтаудың резервтiк көздерiнде Қазақстан Республикасының су және өзге де заңнамасына сәйкес оларды қорғау мен жай-күйiн бақылаудың арнайы режимi белгіленеді.