Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидаларын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 767 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12686 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 90-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидалары бекiтілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ______________А. Мамытбеков

      2015 жылғы 7 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 қарашадағы
№ 739 бұйрығымен
бекітілген

Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидалары 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексiнің 90-бабы 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:

      1) санитарлық қорғау аймағы – су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатында белгіленген режим сақталуға тиіс сумен жабдықтау көзі мен су құбыры құрылыстарының төңірегінде арнайы бөлінетін аумақ (бұдан әрі – СҚА);

      2) гигиеналық норматив – көрсеткіштердің зерттеулермен тағайындалған тіршілік ету ортасының сол немесе өзге де факторларын адам үшін қауіпті және (немесе) қауіпсіз тұрғыдан сипаттайтын рұқсат етілген ең жоғары және ең төмен сандық және (немесе) сапалық мағынасы;

      3) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға.

2. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау
көздерiне жатқызуға қойылатын тәртібі

      3. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабына сәйкес әзірленген санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келетін оның сенiмдiлiгi және ауыз суды алу мүмкіндігі ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      4. Су пайдаланушы су нысанын ауыз су көзіне жатқызу үшін, мемлекеттік бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен СҚА орнату жобасын, су нысанының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын келіседі, ауыз су көзінің үздіксіз жұмысын және су сапасының гигиеналық нормативтерін қамтамасыз ету үшін технологиялық, санитарлық-техникалық, шаруашылық-ұйымдастыру шараларын жүргізеді.

      5. Осы ереженің 1 қосымшасына сәйкес үлгіде су пайдаланушы мемлекеттік бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтініш беруі тиіс.

      6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулердің нәтижелерін талдайды және су объектісінің санитариялық жағдайын, СҚА-ны негіздеу жобасын есепке ала отырып, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді.

      7. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықты ауыз сумен жабдықтауға жарамды сумен қамтамасыз ету үшiн ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер асты су объектiлерiнiң негiзiнде ауыз сумен жабдықтау көздерiн резервілеу жүзеге асырылады. Резервіленген сумен жабдықтау көздерiнде Қазақстан Республикасының су заңдары мен өзге де заңдарына сәйкес оларды қорғаудың және жай-күйiн бақылаудың арнайы режимi белгiленедi.

      8. Қалалық және ауылдық елді мекендердегі ауыз судың сапасына мемлекеттік бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қарашасындағы Кәсіпкерлік кодексімен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырады.

  Су объектiсiн ауыз сумен
жабдықтау көздерiне
жатқызу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      ____________________________

      басшысының Т.А.Ә.

      ____________________________

      мемлекеттік органның атауы

      ____________________________

      өтініш берушінің Т.А.Ә.

      (бар болған жағдайда)

      ____________________________

      ЖСН/БСН

      ____________________________

      өтініш берушінің мекенжайы

      ________________________________

      өтініш берушінің байланыс телефоны

Өтініш

      Сізден ______________________________________________________________

      (мекен-жайы/объектінің орналасқан орны)

      бойынша орналасқан ауыз сумен жабдықтау көздерiн (жерүсті

      су/жерастысу) тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды

      беруді сұраймын.

      (қолы, күні, айы, жылы)

      Қосымша (құжаттардың көшірмелері):

      1.

      2.

      3.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады