Об утверждении Правил кредитования сельскохозяйственного производства через систему сельских кредитных товариществ

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 феврал 2004 года N 233

      В соответствии с Законом  Республики Казахстан от 5 декабря 2003 года "О республиканском бюджете на 2004 год" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила кредитования сельскохозяйственного производства через систему сельских кредитных товариществ.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 26 февраля 2004 года N 233

Правила
кредитования сельскохозяйственного производства
через систему сельских кредитных товариществ

      1. Настоящие Правила определяют порядок и условия предоставления кредита за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2004 год по программе 009 "Кредитование сельскохозяйственного производства через систему сельских кредитных товариществ" в сумме 2120203000 (два миллиарда сто двадцать миллионов двести три тысячи) тенге (далее - Средства). <*>
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 2 вгуста 2004 г. N 815  .
      2. Средства выделяются из республиканского бюджета в порядке, установленном законодательством, на условиях срочности, платности обеспеченности и возвратности на срок 7 (семь) лет по фиксированной ставке вознаграждения равной 0,5 % годовых.
      3. Средства выделяются для кредитования сельских кредитных товариществ (далее - Товарищества).
      4. Выделение Средств производится путем кредитования банка второго уровня или организации, имеющей лицензию Национального Банка Республики Казахстан на осуществление отдельных видов банковских операций (далее - Заемщик).
      Заемщик определяется в соответствии с Правилами финансовых процедур по исполнению бюджета и ведению форм отчетности (периодической и годовой) для государственных учреждений, содержащихся за счет государственного бюджета, утвержденными постановлением  Правительства Республики Казахстан от 25 июля 2002 года N 832.
      5. Для выделения Средств Министерство финансов Республики Казахстан (далее - Кредитор) совместно с Заемщиком и Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Администратор бюджетной программы) заключает договор займа (далее - Кредитное соглашение), в котором определяются порядок выделения Средств из республиканского бюджета и их возврата в соответствии с настоящими Правилами, способы обеспечения исполнения обязательств Заемщиком и иные условия. При этом обеспечением возвратности Средств в республиканский бюджет также могут являться договоры залога права требования по кредитным договорам, заключенным между Заемщиком и Товариществами.
      6. Заемщик осуществляет кредитование Товариществ в соответствии с законодательством Республики Казахстан и внутренней кредитной политикой Заемщика на условиях срочности, платности, возвратности и обеспеченности, а также целевое использование Средств и их своевременный возврат в республиканский бюджет.
      7. Выделение из республиканского бюджета Средств Администратору бюджетной программы для последующего направления Заемщику осуществляется в соответствии с Правилами финансовых процедур по исполнению бюджета и ведению форм отчетности (периодической и годовой) для государственных учреждений, содержащихся за счет государственного бюджета, утвержденными постановлением  Правительства Республики Казахстан от 25 июля 2002 года N 832.
      8. Заемщик в порядке и сроки, определенные Кредитными соглашениями, представляет Администратору бюджетной программы и Кредитору отчеты об использовании выделенных Средств и о поступлении платежей от конечных заемщиков с приложением копий подтверждающих документов.
      9. Кредитор осуществляет контроль за целевым использованием и своевременным и полным возвратом Средств в республиканский бюджет.

Ауылдық кредит серiктестіктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы N 233 қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берілiп отырған Ауылдық кредит серiктестіктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру ережесi бекiтілсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 26 ақпандағы   
N 233 қаулысымен бекiтiлген 

  Ауылдық-кредит серіктестіктерi жүйесi арқылы
ауыл шаруашылығы өндірiсiне кредит беру ережесi

      1. Осы Ереже 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 2120203000 (екі миллиард бір жүз жиырма миллион екі жүз үш мың) теңге сомасында (бұдан әрi - Қаражат) кредит беру тәртiбi мен шарттарын анықтайды.  <*>
       ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.02. N 815  қаулысымен

      2. Қаражат заңнамада белгіленген тәртiппен мерзiмділік, ақылылық, қамтамасыз етілу және қайтарымдылық шарттарында 7 (жетi) жыл мерзiмге жылдық 0,5%-ға тең сыйақының тiркелген ставкасы бойынша республикалық бюджеттен бөлiнедi.
      3. Қаражат ауылдық кредит серiктестіктерiне (бұдан әрi - Серiктестiктер) кредит беру үшiн бөлiнедi.
      4. Қаражат бөлу екiншi деңгейдегі банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымға (бұдан әрi - Қарыз алушы) кредит беру жолымен жүргiзіледi.
      Қарыз алушы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 25 шiлдедегі N 832  қаулысымен  бекiтілген мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес анықталады.
      5. Қаражат бөлу үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрi - Кредитор) Қарыз алушымен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен (бұдан әрi - Бюджеттiк бағдарламаның әкімшісi) бiрлесiп, республикалық бюджеттен Қаражат бөлудiң және оны осы Ережеге сәйкес қайтарудың тәртiбi, Қарыз алушының мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз етудiң тәсiлдерi мен өзге де шарттар анықталатын қарыз шартын (бұдан әрi  - Кредиттiк келiсiм) жасайды. Бұл ретте, Қарыз алушы мен Серiктестiктер арасында жасалған кредиттік шарттар бойынша талап ету құқығын кепiлге салу шарттары, сондай-ақ Қаражаттың республикалық бюджетке қайтарымдылығын қамтамасыз ету болып табылуы мүмкін.
      6. Қарыз алушы Серiктестiктерге Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қарыз алушының iшкi кредит саясатына сәйкес мерзімділік, ақылылық, қамтамасыз етiлу және қайтарымдылық шарттарында кредит берудi, сондай-ақ Қаражатты мақсатты пайдалануды және оны республикалық бюджетке уақтылы қайтаруды жүзеге асырады.
      7. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiне кейiннен Қарыз алушыға беруi үшiн республикалық бюджеттен Қаражат бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттің атқарылуы және есептілiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Қарыз алушы Кредиттiк келiсiмдермен анықталған тәртiппен және мерзiмдерде Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi мен Кредиторға растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, бөлiнген Қаражаттың пайдаланылуы туралы және түпкi қарыз алушылардан төлемдердiң түсуi туралы есептер бередi.
      9. Кредитор Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақытылы және толық қайтарылуын бақылауды жүзеге асырады.