О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О некоторых вопросах Совета по управлению Национальным фондом Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2004 года N 1321

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О некоторых вопросах Совета по управлению Национальным фондом Республики Казахстан".

       Премьер-Министр
   Республики Казахстан

  УКАЗ
Президента Республики Казахстан О некоторых вопросах Совета по управлению
Национальным фондом Республики Казахстан

      В соответствии со статьей 25 Бюджетного  кодекса Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Образовать Совет по управлению Национальным фондом Республики Казахстан (далее - Совет) - консультативно-совещательный орган при Президенте Республики Казахстан.

      2. Утвердить прилагаемые:
      1) состав Совета;
      2) положение о Совете.

      3. Внести в  Указ Президента Республики Казахстан от 29 января 2001 года N 543 "О некоторых вопросах Национального фонда Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 4-5, ст. 42; 2003 г., N 6, ст. 60; N 46, ст. 502) следующие изменения:
      1) пункт 1 исключить;
      2) в пункте 4 слова ", кроме пункта 6 Правил, вступающего в силу с даты введения в действие Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам функционирования Национального фонда Республики Казахстан", указанного в пункте 3 настоящего Указа, а также подпункта 1) пункта 7 Правил, вступающего в силу с 1 января 2002 года," исключить.

      4. Настоящий Указ вступает в силу с 1 января 2005 года.

       Президент
Республики Казахстан

Утвержден        
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от "__" _____ 2004 года 
N____          

Состав Совета по управлению Национальным фондом
Республики Казахстан

Назарбаев                      - Президент Республики Казахстан,
Нурсултан Абишевич               председатель Совета

Ахметов                        - Премьер-Министр Парламента
Даниал Кенжетаевич               Республики Казахстан
                                 (по согласованию)

Абыкаев                        - Председатель Сената Парламента
Нуртай Абыкаевич                 Республики Казахстан
                                 (по согласованию)

Мухамеджанов                   - Председатель Мажилиса Парламента
Урал Байгунсович                 Республики Казахстан
                                 (по согласованию)

Джаксыбеков Адильбек           - Руководитель Администрации
Рыскельдинович                   Президента Республики Казахстан

Сайденов                       - Председатель Национального Банка
Анвар Галимуллаевич              Республики Казахстан

Дунаев                         - Министр финансов Республики
Арман Галиаскарович              Казахстан

Келимбетов                     - Министр экономики и бюджетного
Кайрат Нематович                 планирования Республики Казахстан

Оксикбаев                      - Председатель Счетного комитета по
Омархан Нуртаевич                контролю за исполнением
                                 республиканского бюджета.

       Утверждено       
Указом Президента   
Республики Казахстан  
от "__" _____ 2004 года 
N____          
 

  Положение о Совете по управлению
Национальным фондом Республики Казахстан

  1. Общие положения

      1. Совет по управлению Национальным фондом Республики Казахстан (далее - Совет) является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан.
      2. В своей деятельности Совет руководствуется  Конституцией Республики Казахстан, законодательными актами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      3. Решения Совета носят рекомендательный характер.

  2. Задачи и функции Совета

      4. Основными задачами Совета являются оказание содействия и выработка рекомендаций по вопросам использования Национального фонда Республики Казахстан (далее - Фонд).
      5. В целях реализации задач Совет выполняет следующие функции:
      1) выработка предложений по повышению эффективности формирования и использования Фонда;
      2) рассмотрение и выработка предложений по объемам и направлениям использования Фонда;
      3) выработка предложений по перечню разрешенных финансовых активов и иного имущества, за исключением нематериальных активов, для размещения Фонда.

  3. Права Совета

      6. Совет имеет право в установленном законодательством порядке и в пределах своей компетенции:
      1) привлекать представителей государственных органов, а также институтов гражданского общества к обсуждению вопросов деятельности Фонда;
      2) принимать соответствующие решения по рассматриваемым вопросам, которые носят рекомендательный характер.

  4. Организация деятельности Совета

      7. Совет возглавляет председатель.
      8. Председатель Совета:
      1) осуществляет общее руководство деятельностью Совета;
      2) определяет место и время проведения заседаний Совета;
      3) председательствует на заседаниях Совета. В отсутствие председателя по его поручению на заседаниях председательствует один из членов Совета;
      4) дает обязательные для исполнения указания членам Совета.
      9. Члены Совета вправе:
      1) вносить предложения по плану работы Совета, повестке дня его заседаний и порядку обсуждения вопросов;
      2) участвовать в подготовке материалов к заседаниям Совета, проектов его решений;
      3) принимать участие в обсуждении вопросов, рассматриваемых на заседании Совета.
      10. Заседания Совета проводятся по мере необходимости и не реже одного раза в год, в сроки, определяемые председателем Совета, и оформляются протоколом. Заседания Совета правомочны при наличии двух третей его членов. Делегирование членами Совета своих полномочий иным должностным лицам не допускается.
      11. Решения Совета принимаются простым большинством голосов от общего количества присутствовавших на заседании членов Совета. При разделении голосов поровну голос председательствующего является решающим.
      12. Рабочим органом Совета является Администрация Президента Республики Казахстан.

Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1321 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару
кеңесiнiң кейбiр мәселелерi туралы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң  25-бабына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесi (бұдан әрі - Кеңес) - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтік-кеңесшi орган құрылсын.

      2. Қоса берілiп отырған:
      1) Кеңес құрамы;
      2) Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 42-құжат; 2003 ж., N 6, 60-құжат; N 46, 502-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      1) 1-тармақ алынып тасталсын;
      2) 4-тармақта "осы Жарлықтың 3-тармағында көрсетілген "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс iстеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзілген күнiнен бастап күшiне енетiн Ереженің 6-тармағынан, сондай-ақ 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасынан басқа," деген сөздер алынып тасталсын.

      4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнің       
2004 жылғы "___" _________
N ___ Жарлығымен    
бекiтілген       

Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң құрамы

Назарбаев                - Қазақстан Республикасының Президенті,
Нұрсұлтан Әбішұлы          Кеңес төрағасы

Ахметов                  - Қазақстан Республикасының Премьер-
Даниал Кенжетайұлы         Министрi

Әбiқаев                  - Қазақстан Республикасының Парламентi
Нұртай Әбiқайұлы           Сенатының Төрағасы (келiсiм бойынша)

Мұхамеджанов             - Қазақстан Республикасының Парламентi
Орал Байғонысұлы           Мәжiлiсiнiң Төрағасы (келiсiм бойынша)

Жақсыбеков               - Қазақстан Республикасының Президентi
Әдiлбек Рыскелдiұлы        Әкімшілігінің Басшысы

Сәйденов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Әнуар Ғалимоллаұлы         Төрағасы

Дунаев                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы         министрi

Келiмбетов               - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы            және бюджеттiк жоспарлау министрi

Өксiкбаев                - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Омархан Нұртайұлы          бақылайтын есеп комитетiнiң төрағасы.

Қазақстан Республикасы  
Президентiнің       
2004 жылғы "___" _________
N ___ Жарлығымен    
бекiтілген       

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
басқару кеңесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актілерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Кеңес шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.

2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары

      4. Кеңестiң негiзгі мiндеттерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрi - Қор) пайдалану мәселелерi бойынша жәрдем көрсету және ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
      5. Кеңес мiндеттердi iске асыру мақсатында мынадай функцияларды атқарады:
      1) Қорды қалыптастырудың және пайдаланудың тиiмділігiн арттыру жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
      2) Қорды пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiндегі ұсыныстарды қарау және әзiрлеу;
      3) материалдық емес активтердi қоспағанда, Қорды орналастыру үшiн рұқсат етілген қаржылық активтердiң және өзге де мүлiктiң тiзбесi жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлеу.

3. Кеңестiң құқықтары

      6. Кеңестің заңнамада белгіленген тәртiппен және өз құзыретi шегiнде:
      1) Қор қызметінiң мәселелерiн талқылауға мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкiлдерiн тартуға;
      2) ұсынымдық сипаттағы қаралатын мәселелер бойынша тиiсті шешiмдер қабылдауға құқығы бар.

4. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      7. Кеңестi төраға басқарады.
      8. Кеңес төрағасы:
      1) Кеңес қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) Кеңес отырыстарын өткiзетiн орынды және уақытты белгілейдi;
      3) Кеңес отырыстарына төрағалық етедi. Төраға болмағанда оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Кеңес мүшелерiнiң бiрi төрағалық етедi;
      4) Кеңес мүшелерiне орындау үшiн міндеттi нұсқаулар бередi.
      9. Кеңес мүшелерi:
      1) Кеңес жұмысының жоспары, оның отырыстарының күн тәртiбi мен мәселелердi талқылау тәртiбi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      2) Кеңес отырыстарына материалдар, оның шешімдерiнiң жобаларын дайындауға қатысуға;
      3) Кеңес отырысында қаралатын мәселелердi талқылауға қатысуға құқылы.
      10. Кеңестің отырыстары қажеттiлiгiне қарай және Кеңестің төрағасы анықтайтын мерзiмдерде кемiнде жылына бiр рет өткiзіледi және хаттамамен ресiмделедi. Кеңес отырыстары оның мүшелерiнiң үштен екiсi болған кезде заңды. Кеңес мүшелерiнiң өздерiнiң өкілеттіктерiн өзге лауазымды тұлғаларға беруiне жол берiлмейдi.
      11. Кеңестің шешiмдерi Кеңес мүшелерiнiң отырысына қатысқандардың жалпы санының қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең бөлiнген кезде төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
      12. Кеңестiң жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгi болып табылады.