Об утверждении Правил согласования проектов стандартов, норм и правил, устанавливающих требования пожарной безопасности, а также проектных решений на строительство объектов, на которые отсутствуют эти нормы и правила

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2005 года № 48. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 173

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.04.2015 № 173 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 22 ноября 1996 года "О пожарной безопасности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила согласования проектов стандартов, норм и правил, устанавливающих требования пожарной безопасности, а также проектных решений на строительство объектов, на которые отсутствуют эти нормы и правила.

      2. Настоящее постановляет вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 24 января 2005 года N 48

Правила согласования проектов стандартов, норм и правил,
устанавливающих требования пожарной безопасности, а также
проектных решений на строительство объектов, на которые
отсутствуют эти нормы и правила

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила устанавливают основные положения согласования проектов стандартов, норм и правил, устанавливающих требования пожарной безопасности, а также проектных решений на строительство объектов, на которые отсутствуют эти нормы и правила (далее - проекты документов).
      2. На строительство объектов, при проектировании которых отсутствуют нормы и правила, устанавливающие требования пожарной безопасности, разработчиками проектной документации с привлечением, при необходимости, соответствующих научно-исследовательских и специализированных организаций, должны разрабатываться проектные решения, отражающие специфику их противопожарной защиты.
      3. Проектные решения являются основным исходным документом для разработки проектной документации на строительство объектов, на которые отсутствуют нормы и правила, устанавливающие требования пожарной безопасности.
      4. Проекты документов, подлежащие согласованию, должны содержать требования, обеспечивающие охрану жизни и здоровья людей, собственности, национального богатства и окружающей среды, и должны быть направлены на исключение возникновения и развития пожаров, а также успешное их тушение.

2. Порядок согласования документов

      5. Согласование проектов документов производится в уполномоченном органе в области пожарной безопасности, территориальных органах государственной противопожарной службы.
      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.11.2008 N 1068 .
      6. На согласование представляются не менее 2 экземпляров проектов документов:
      1) международные, национальные стандарты, стандарты иностранных государств, предварительные национальные стандарты, устанавливающие требования пожарной безопасности;
      2) исключен постановлением Правительства РК от 07.12.2012 № 1567 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования);
      3) нормы и правила, устанавливающие требования пожарной безопасности, а также:
      4) проектные решения на строительные объекты и комплексы, на которые отсутствуют нормы и правила проектирования в 3 экземплярах.
      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 07.12.2012 № 1567 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).
      7. На согласование, кроме проектов документов, представляются материалы, подтверждающие показатели пожарной опасности продукции, веществ, материалов по группе горючести, воспламеняемости, распространению пламени по поверхности, дымообразующей способности и токсичности, а также специфику функциональной пожарной опасности объектов строительства, определяемой в соответствии с требованиями строительных норм и правил Республики Казахстан.
      8. Рассмотрение и согласование проектов документов проводится в срок до 30 (тридцати) дней.
      9. На основании анализа представленных проектов документов уполномоченный орган в области пожарной безопасности, территориальные органы государственной противопожарной службы принимают решение о согласовании либо отказе в согласовании проектов документов.
       Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.11.2008 N 1068 .
      10. Проектные решения на строительство объектов, на которые отсутствуют нормы и правила, устанавливающие требования пожарной безопасности, уполномоченный орган в области пожарной безопасности, территориальные органы государственной противопожарной службы согласовывают путем подписания титульного листа первым руководителем или лицом, его замещающим, с проставлением гербовой печати, других документов - путем выдачи заключения. Документы считаются согласованными только при наличии оригинала подписи и печати.
       Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.11.2008 N 1068 .
      11. В случае отказа в согласовании проектов документов уполномоченный орган в области пожарной безопасности, территориальные органы государственной противопожарной службы письменно информируют об этом разработчика с указанием причин отказа в согласовании.
       Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.11.2008 N 1068 .
      12. После устранения разработчиком причин отказа в согласовании проекты документов направляются на повторное согласование в уполномоченный орган в области пожарной безопасности, территориальные органы государственной противопожарной службы. Повторное рассмотрение и согласование документов проводится в срок до 15 (пятнадцати) дней.
       Сноска. Пункт 12 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.11.2008 N 1068 .
      13. Один экземпляр документа остается в уполномоченном органе в области пожарной безопасности, территориальном органе государственной противопожарной службы независимо от того, согласован он или нет.
       Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 18.11.2008 N 1068 .

Өрт қауiпсiздігінiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелерi жоқ объектілердiң құрылысын салуға арналған жобалық шешiмдердi келiсу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 48 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Өрт қауiпсiздiгі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Өрт қауiпсiздiгінiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелерi жоқ объектiлердiң құрылысын салуға арналған жобалық шешiмдердi келiсу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметінiң        
2005 жылғы 24 қаңтардағы 
N 48 қаулысымен     
бекiтiлген      

Өрт қауiпсiздiгінің талаптарын белгілейтін
стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын,
сондай-ақ осындай нормалары мен ережелерi
жоқ объектілердiң құрылысын салуға
арналған жобалық шешiмдердi келiсу
ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн стандарттардың нормалар мен ережелердiң, сондай-ақ осындай нормалары мен ережелерi жоқ объектiлердiң құрылысын салуға арналған жобалық шешiмдердiң жобаларын (бұдан әрi - құжаттардың жобалары) келiсудiң негiзгi ережелерiн белгілейдi.
      2. Жобалау кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгілейтiн нормалары мен ережелерi жоқ объектілер құрылысын салуға жобалық құжаттаманы әзiрлеушілер қажет болған кезде тиiстi ғылыми-зерттеу және мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, олардың өрттен қорғау ерекшелiгiн бейнелейтiн жобалық шешiмдердi әзiрлеуi тиiс.
      3. Жобалық шешiмдер өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгілейтiн нормалары мен ережелерi жоқ құрылыс объектiлерiн салуға арналған жобалық құжаттаманы әзiрлеу үшiн негізгі бастапқы құжат болып табылады.
      4. Келiсуге жататын құжаттардың жобалары халықтың өмiрi мен денсаулығын, меншiкті, ұлттық байлықты және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн талаптарды қамтуы және өрттердiң шығуы мен өрлеуiн болдырмауға, сондай-ақ оларды сәтті сөндіруге бағытталуы тиiс.

2. Құжаттарды келісу тәртiбi

      5. Құжаттардың жобаларын келісу өрт қауiпсiздігі саласындағы уәкілеттi органда, аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында жүргiзіледi.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
      6. Келiсуге мынадай құжаттар жобаларының кемiнде 2 данасы:
      1) өрт қауіпсіздігінің талаптарын белгілейтін халықаралық, ұлттық стандарттар, шет мемлекеттердің стандарттары, алдын ала ұлттық стандарттар;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.07 N 1567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.  
      3) өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын белгiлейтiн нормалар мен ережелер, сондай-ақ:
      4) жобалау нормалары мен ережелерi жоқ құрылыс объектiлерi
мен кешендерiне арналған жобалық шешiмдер 3 данада ұсынылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.07 N 1567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Келiсуге құжаттардың жобаларынан басқа жану, тұтану тобы, оттың үстіңгi бетпен таралуы, түтiн шығару қабiлетi және уыттылығы бойынша өнiмдердiң, заттардың, материалдардың өрт қауiпсiздігі көрсеткiштерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерiнiң талаптарына сәйкес айқындалатын құрылыс объектілерiнiң функционалдық өрт қауiпсiздігі ерекшелігін растайтын материалдар ұсынылады.
      8. Құжаттардың жобаларын қарау және келiсу (30) отыз күнге дейiнгі мерзiмде жүргiзiледi.
      9. Ұсынылған құжаттардың жобаларын талдау негізiнде өрт қауiпсiздiгі саласындағы уәкiлетті орган, аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құжаттардың жобаларын келiсу немесе келiсуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
      10. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган, аумақтық  мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт қауiпсiздігінiң талаптарын белгiлейтiн нормалары мен ережелерi жоқ объектiлердiң құрылысын салуға арналған жобалық шешiмдердi бiрiншi бетiне елтаңбасы бар мөр қойып, бiрiншi басшының немесе оны алмастыратын адамның қолын қою жолымен, басқа құжаттарды - қорытынды шығару жолымен келiседi. Құжаттар қолы мен мөрiнiң түпнұсқасы болған жағдайда ғана келiсiлген болып саналады.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
      11. Құжаттардың жобаларын келісуден бас тартқан жағдайда өрт қауiпсiздігі саласындағы уәкілетті орган, аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары келiсуден бас тартудың ceбeбін көрсете отырып, ол туралы әзiрлеушiге жазбаша хабарлайды.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
      12. Әзiрлеушi келiсуден бас тарту себебiн жойғаннан кейiн құжаттардың жобалары өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкілетті органға, аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қайтадан келiсуге жіберіледi. Құжаттарды қайтадан қарау және келiсу 15 (он бec) күнге дейiн мерзімде жүргізiледi.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
      13. Құжаттың бiр данасы, ол келісілді ме не жоқ па, оған қарамастан, өрт қауiпсiздігі саласындағы уәкілеттi органда аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қалады.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.