Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2006 года N 930
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 930 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жетiлдiру мәселелерi
бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
1-бап.
Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжат; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж.; N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; 2006 жылғы 11 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 8 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот сараптамасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шiлдедегi
Заңы
; 2006 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi
Заңы
):
1) 41-баптың ескертуi алынып тасталсын;
2) 51-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшiн тәркiлеуге сотталған адамның меншiгiнен басқа, қылмыстық жолмен алынған, не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталушы адам басқа адамдардың меншiгiне өтеусiз берген мүлiк жатады.";
3) 164-бап мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе. Осы кодекстiң 164, 168-171, 233-3, 236-баптарында, 337-бабының 2 және 3-бөлiктерiнде, 337-1-бабында көзделген қылмыстар экстремизмнiң белгiлерi бар қылмыстар болып танылады.";
4) 307-баптың ескертпесi мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Осы Кодекстiң 176-бабы үшiншi бөлiгiнiң г) тармағында, 193-бабы үшiншi бөлiгiнiң а) тармағында, 209-бабы үшiншi бөлiгiнiң а) тармағында, 307-бабында, 308-баптың 4-бөлiгiнiң в) тармағында, 310-315, 380-баптарымен көзделген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар болып танылады.";
5) 311-бапта:
екiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Лауазымды адам, не шетел мемлекетiнiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамы жасаған нақ сол әрекет, сол сияқты жасаған заңсыз iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн пара алуы - ";
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"5. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар аса iрi мөлшерде жасалса, - мүлкi тәркiлене отырып жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
2-тармақтың ескертпесiндегi "тәртiптiк" деген сөзден кейiн "немесе әкiмшiлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
ескертпелер мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Екi мың айлық көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк немесе мүлiктiк сипаттағы пайда, пара берудiң аса iрi көлемi болып табылады.";
6) 312 және 313-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"312-бап. Пара беру
1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамға не оған теңестiрiлген адамға, сондай-ақ шетел мемлекетiнiң немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына тiкелей немесе делдал арқылы пара беру -
жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адамға, не жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамға пара беру, сол сияқты көрiнеу заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасағаны үшiн немесе әлденеше рет, сондай-ақ лауазымды адамның пара беруi -
мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам;
б) алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ;
в) iрi мөлшерде жасаса -
бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге мүлкi тәркiлене отырып немесе онсыз бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкi тәркiлене отырып жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе.
1. Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамға не оған теңестiрiлген адамға оның бұрын жасаған заңсыз iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн екi айлық есептік көрсеткiштен аспайтын сомада немесе құны сондай алғаш рет сыйлық беру, егер мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам жасаған iс-әрекет (әрекетсiздiк) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. Егер мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адам тарапынан не оған теңестiрiлген адамға қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергенi туралы қылмыстық iс қозғауға құқығы бар органға өз еркiмен хабарласа, пара берген адам қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.
3. Осы бапқа қатысты лауазымды адамдарға осы Кодекстiң 307-бабына ескертпеде көрсетiлген лауазымды адамдар, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнiң немесе халықаралық ұйымдардың лауазымды адамдары жатады.
313-бап. Парақорлыққа делдал болу
1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келiсiмге қол жеткiзуге немесе iске асыруға жәрдемдесу -
бес жүзден бiр мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзімге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ немесе адам өзiнiң қызмет жағдайын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет -
жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не төрт жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
7) 363-баптың бiрiншi абзацындағы "аса ауыр қылмысты" деген сөздерден кейiн ", сыбайлас жемқорлықты" деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1997 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж, N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 5-6, 31-құжат; 2006 жылғы 11 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 8 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Сот сараптамасы мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шiлдедегi
Заңы
):
63-баптың екiншi бөлiгiнде "бiрнеше тергеушiге тапсырады;" деген сөздерден кейiн "негiздеме бар болған кезде қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы, жиырма төрт сағат iшiнде прокурорды мiндеттi түрде хабарландыра отырып iстiң қысқартылғандығы және тоқтатылғандығы туралы қаулының күшін жояды;".
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 245; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 жылғы 27 маусымда "Егемен Қазақстан және 2006 жылғы 29 маусымда "Казахстанская Правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне атқару өндiрiсiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы
Заңы
.):
58-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Сотталған адамның меншiгiнен басқа, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшiн тәркiлеуге, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған, не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, сотталушы адам басқа адамдардың меншiгiне өтеусiз берген мүлiк жатады.".
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
кодексiне
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002. ж, N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат, N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжат; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19,20-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45; N 10, 52-құжат; 2006 жылғы 27 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 29 маусымда "Казахстанская Правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне атқару өндiрiсiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы
Заңы
; 2006 жылғы 11 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 8 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот сараптамасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шiлдедегi
Заңы
; 2006 жылғы 11 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылы 11 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi
Заңы
; 2006 жылғы 11 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 11 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасын жетiлдiру мәселелерi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қызметi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi
Заңы
; 2006 жылғы 14 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 шiлдеде "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi
Заңы
):
1) мынадай мазмұндағы 334-1-баппен толықтырылсын:
"334-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат беру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзетiн органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат беру -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.";
2) мынадай мазмұндағы 533-1-баппен толықтырылсын:
"533-1-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның заңсыз материалдық сыйақы алуы
1. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер, не оларды ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн, қызметтердi алуы, егер мұндай әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi, не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiгіне кiретiн болса, егер сол әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi қамтылмаса -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк өндiрiп алу қолданғаннан кейiнгi бiр жылдың iшiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қайталап жасалған әрекеттер -
төрт жүз айлық көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
3) 536-бап алынып тасталсын;
4) 541-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "513-537" деген сандар "513-535, 537" деген сандармен ауыстырылсын;
5) 637-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
"152," деген сандардан кейiн "334-1," деген сандармен толықтырылсын;
("536," деген сандар алынып тасталсын.