Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы N 147 Заңы

      Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне  (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат):

      242-баптың 3-тармағында:
      екiншi бөлiк "бағалау" деген сөзден кейiн ", одан әрi пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiк "бағалау" деген сөзден кейiн ", одан әрi пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат):

      60-баптың 1-тармағы "сатудан" деген сөзден кейiн "немесе одан әрi пайдаланудан" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне  (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 21-22, 87-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24, 25-құжаттар; N 8, 45-құжат):

      1) 741-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "741-бап. Клиенттiң келiсiмiнсiз ақшаны алып қою

      Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшаларын олардың келiсiмiнсiз алып қою тек қана заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық, Кеден кодекстерiнде және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн.";

      2) 1083-баптың 2-тармағында:
      екiншi бөлiк "бағалау" деген сөзден кейiн ", одан әрi пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiк "бағалау" деген сөзден кейiн ", одан әрi пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат):

      1) 146-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (eгep ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi немесе, егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi не бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен мәлiметтер, банк реквизиттерi мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      4) борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, оның жұмыс орны туралы мәлiметтер мен жұмыс орнының банк реквизиттерi (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), оның банк реквизиттерi мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi не бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен мәлiметтер (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса), банк реквизиттерi мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;";

      2) 150-баптың екiншi бөлiгiнде:
      2) тармақша "тұрғылықты жерi", "тұрған жерi" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер", ", салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жауапкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi және, егер талапкерге белгiлi болса, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi, жұмыс орны туралы мәлiметтер мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (eгep сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетiлген болса) немесе, егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi не, егер талапкерге бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен мәлiметтер белгiлi болса, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен банк реквизиттерi;";

      3) 232-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      "бойынша" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ сот орындаушысының өтiнiмi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Сот шешiмдi түсiндiру туралы өтiнiштi, өтiнiмдi өтiнiш қабылданған күннен бастап он күн мерзiмде қарауға мiндеттi.";
      екiншi бөлiк "адамдарға" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ қарау нысанасы оның түсiндiру туралы өтiнiмi болған жағдайларда сот орындаушысына" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 236-бапта:
      төртiншi бөлiкте:
      жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, немесе, егер өндiрiп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi не бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен мәлiметтер, банк реквизиттерi мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;";
      мынадай мазмұндағы сегiзiншi және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (eгep ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, оның жұмыс орны мен жұмыс орнының банк реквизиттерi туралы мәлiметтер (eгep iстiң материалдарында бар болса), оның банк реквизиттерi мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (eгep iстiң материалдарында бар болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жерi не бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмнен мәлiметтер (егер iстiң материалдарында бар болса), банк реквизиттерi мен салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетiлуге тиiс.
      Атқару парағының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.";
      бесiншi бөлiк мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Егер сот талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдаса, атқару құжатына талап қоюды қамтамасыз ету жөнiнде қабылданған шаралар туралы құжаттардың көшiрмелерi, егер оның iшiнде талапты қамтамасыз ету үшiн тыйым салынған мүлiктiң тұрған жерi және оның сақталуына жауапты тұлғалар туралы мәлiметтердi қамтитын құжаттардың көшiрмелерi iс материалдарында бар болса, қоса тiркеледi.";

      5) мынадай мазмұндағы 240-4, 240-5, 240-6-баптармен толықтырылсын:

      "240-4-бап. Сот орындаушысының атқару санкциясын өндiрiп алу
                  және атқарушылық iс-әрекеттер жасау жөнiндегi
                  шығыстарды өтеткiзу туралы ұсыныстарын қарау

      1. Судья сот орындаушысының атқару санкциясын өндiрiп алу және атқарушылық iс-әрекеттi жасау жөнiндегi шығыстарды өтеткiзу туралы ұсынысын сотқа келiп түскен күннен бастап он күн iшiнде шешедi. Сот борышкердi және өндiрiп алушыны сот орындаушысының ұсынысы келiп түскенi туралы хабардар етедi, сот отырысының өткiзiлетiн уақыты мен орнын хабарлайды. Сот отырысының өткiзiлетiн  уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабардар етiлген борышкердiң немесе өндiрiп алушының келмей қалуы iстi қарауға кедергi болмайды. Судья сот орындаушысының ұсынысын қарап, ұйғарым шығарады.
      Сот ұйғарымының көшiрмесi борышкер мен өндiрiп алушыға үш күн мерзiмде жiберiледi.
      2. Соттың атқару санкциясын өндiрiп алу және атқарушылық iс-әрекеттi жасау жөнiндегi шығыстарды өтеткiзу мәселесi жөнiндегi ұйғарымына жеке шағым жасалуы және наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
      3. Соттың атқару санкциясын өндiрiп алу және атқарушылық iс-әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарды өтеткiзу туралы ұйғарымы негiзiнде атқару парағы жазылады.
      4. Атқару санкциясын өндiрiп алу туралы және атқарушылық iс-әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарды өтеткiзу туралы ұйғарым сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген тәртiппен орындалатын болады.

      240-5-бап. Сот орындаушысының шешiмдi орындау кезiндегi
                 әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау

      1. Өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзу процесiндегi әрекетiне (әрекетсiздiгiне) не осындай iс-әрекеттер жасаудан бас тартуына шағым жасауы мүмкiн. Шағым iс-әрекет жасалған (iс-әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап немесе сот орындаушысының iс-әрекет жасау уақыты, орны туралы хабардар етiлмеген өндiрiп алушыға немесе борышкерге ол туралы белгiлi болған күннен бастап он күн iшiнде сот орындаушысы қызмет көрсететiн учаскедегi аудандық сотқа берiледi.
      Жоғары тұрған органдарға және жоғары тұрған лауазымды тұлғаға бағыныштылық тәртiбiмен алдын ала жүгiну сотқа шағымды беру мен оны соттың қарауға қабылдауы үшiн мiндеттi шарт болып табылмайды.
      2. Сот шағымды он күн мерзiмде қарайды. Сот өндiрiп алушыны, борышкердi және сот орындаушысын сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етедi, алайда олардың келмей қалуы шағымды шешу үшiн кедергi болып табылмайды.
      3. Сот шағымды негiздi деп тауып, сот орындаушысы iс-әрекетiнiң күшiн жою немесе оны жарамсыз деп тану туралы не сот орындаушысының жiберiлген қателiктi толық көлемде жоюға мiндеттiлiгi туралы не өндiрiп алушының немесе борышкердiң бұзылған құқықтары мен бостандықтарын өзгеше тәсiлмен қалпына келтiру туралы шешiм шығарады.
      Егер аталған iс-әрекеттердi тек қана сот орындаушысы жасай алатын болса, сот шешiмде мерзiм белгiлеуi мүмкiн, шешiм сол мерзiм iшiнде орындалуға тиiс. 
      4. Сот, егер шағым жасалған әрекет (әрекетсiздiк) сот орындаушысының өкiлеттiгi шегiнде заңға сәйкес жасалғанын және өндiрiп алушы мен борышкердiң құқықтарының, бостандықтарының және заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылмағанын анықтаса, шағымды қанағаттандырудан бас тартады.
      Соттың шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiмiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
      5. Егер сот шешiмде өзгеше мерзiм белгiлемесе, шешiмнiң орындалғаны туралы сотқа, өндiрiп алушыға немесе борышкерге сот шешiмiн алған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей хабарлануға тиiс.

      240-6-бап. Шешiмдi орындаған кезде басқа тұлғалардың
                 құқықтарын қорғау

      1. Сот орындаушысы мүлiкке тыйым салу iсiн жүргiзу кезiнде мүлiктiң борышкерге немесе басқа тұлғаларға тиесiлi болуына қарамастан тыйым салудың күшiн жоюға негiз болып табылатын заң бұзушылыққа жол берген жағдайда, сот борышкердiң немесе басқа тұлғалардың мүлiкке тыйым салудың күшiн жою туралы өтiнiшiн осы Кодекстiң 240-5-бабында көзделген тәртiппен қарайды. Осындай өтiнiш тыйым салынған мүлiктi сатқанға дейiн берiлуi мүмкiн.
      Сот өндiрiп алу қолданылған мүлiктiң тиесiлiгiне байланысты азаматтық құқық туралы басқа тұлғалар мәлiмдеген дауды талап қою бойынша iс жүргiзу ережелерi бойынша қарайды.
      2. Мүлiктiң меншiк иелерi немесе мүлiкке шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заңнамалық актiлерде немесе шартта көзделген өзге де негiз бойынша иелiк ететiн тұлғалар мүлiктi тыйым салудан босату туралы талаптар қоя алады.
      3. Мүлiктi тыйым салудан босату туралы талаптар борышкерге және өндiрiп алушыға қойылады.
      4. Егер мүлiкке тыйым салу мүлiктi тәркiлеуге байланысты жүргiзiлсе, сотталған адам және республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрi пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыруға уәкiлеттi тиiстi орган жауапкер ретiнде тартылады. Талап қою талаптары негiздi деп танылған жағдайда, егер тәркiленуге тиiс мүлiк республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға уәкiлеттi органда тұрған болса және ол оны сауда ұйымдарына, басқа ұйымдарға сату, қайта өңдеу үшiн не өтеусiз берген болса, онда ол мүлiк заттай түрде қайтарылуға тиiс. Бұл жағдайда республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және оны одан әрi пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыруға уәкiлеттi органнан басқа аталған ұйымдар iске қатысуға тартылады және оларға мүлiктi қайтару жөнiнде мiндет жүктеледi.
      Егер мүлiктi тәркiлеуге байланысты тыйым салу жүргiзiлген мүлiк сатылған немесе қайта өңдеуге жiберiлген болса, мүлiктi сатудан түскен сома талапкерге өтеледi.
      5. Судья осы баптың бiрiншi бөлiгiндегi аталған мүдделi тұлғалардың өтiнiшiне қарамастан, мән-жайды белгiлеп, мүлiкке тыйым салудың күшiн жоюға мiндеттi.";

      6) мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын:
                                                          "Қосымша

Атқару құжаттары бойынша өндiрiп алуды қолдануға болмайтын мүлiктердiң тiзбесi

      Борышкерге меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлестерi болып табылатын, борышкерге және оның асырауындағы тұлғаларға қажеттi мүлiктердiң мына түрлерiне атқару құжаттары бойынша өндiрiп алуды қолдануға болмайды:
      1. Yй жасауының заттары, аспаптар, киiм-кешектер:
      а) аң терiсi және басқа да бағалы киiм-кешектердi қоспағанда (eгep ең төмен күнкөрiс деңгейiн қамтамасыз ету үшiн оны алмастыра алатын өзге киiм-кешек бар болса), пайдаланылып жүрген киiм-кешек, аяқ киiм, iш киiм, төсек-орын жабдықтары, ас үй және асхана аспаптары, бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк құндылығы бар асхана сервиздерi, заттары;
      б) борышкерге және оның отбасы мүшелерiне қажеттiгi шамалы жиhаз (әрбiр адамға бiр төсек пен бiр орындықтан, отбасына бiр үстел, бiр шкаф және бiр сандық);
      в) балаларға арналған барлық керек-жарақтар.
      2. Егер борышкердiң негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болса, борышкер мен оның отбасы үшiн жаңа астыққа дейiн қажет көлемдегi тағам өнiмдерi, шаруашылық құрылыстары және борышкер мен оның отбасының қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға қажеттi сандағы үй малы, сондай-ақ малға арналған жем-шөп, ал басқа жағдайларда - тағам өнiмдерi және жалпы сомасы жалақының ең төменгi мөлшерiне тең немесе одан аз мөлшердегi ақша.
      3. Тамақ даярлауға және отбасының тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын.
      4. Борышкер соттың үкiмiмен белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе ол құрал-сайманды қылмыс жасау үшiн пайдаланған жағдайларды қоспағанда, борышкердiң кәсiби қызметiн жалғастыруына қажеттi құрал-сайман (оның iшiнде оқу құралдары мен кiтаптар).
      5. Мүгедектердiң жүрiп-тұруына әдейi арналған көлiк құралдары.
      6. Борышкер наградталған халықаралық, мемлекеттiк және өзге де жүлделер.".

      5. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат):

      1) 521-бапта:
      бiрiншi абзацтағы "соттардың және басқа органдардың қаулыларын" деген сөздер "сот актiлерiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзацтағы "азаматтарға", "үшке дейiнгi", "онға дейiнгi" деген сөздер тиiсiнше "жеке тұлғаларға", "бiрден үшке дейiнгi", "бестен онға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 522-баптың екiншi бөлiгiнде:
      бiрiншi абзац "анықтаушының" деген сөзден кейiн ", сот орындаушысының" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзацтағы "елуге дейiнгi" деген сөздер "оннан елуге дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 524-бапта:
      тақырыптағы "Соттардың және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi басқа да" деген сөздер "Сот актiлерiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi абзацтағы "Соттардың және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi басқа да" деген сөздер "Сот актiлерiн, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 525-бапта:
      бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      екiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      үшiншi бөлiктiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      5) 528-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден беске дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.";

      6) 620-баптың 12) тармақшасындағы "лауазымды адамдары жүзеге асыра алады." деген сөздер "лауазымды адамдары;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) сот отырысы кезiнде залда, сондай-ақ атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату барысында құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату туралы талаптар орындалмаған жағдайда - сот приставтары жүзеге асыра алады.";

      7) 635-баптың екiншi бөлiгiндегi "ic қозғалған адам туралы мәлiметтер" деген сөздер "ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, айы, жылы, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелу нөмiрi және тiркелген күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және банк реквизиттерi)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасы "сот орындаушылары" деген сөздерден кейiн ", сот приставтары" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 651-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) өзiне қатысты iс қаралған тұлға туралы мәлiметтер: жеке тұлғалар үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, айы, жылы, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелу нөмiрi және тiркелген күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және банк реквизиттерi;";

      10) 713-баптың екiншi бөлiгi "сату" деген сөзден кейiн "немесе одан әрi пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат;  N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж.,  N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар):

      1) 17-баптың 1-тармағының 11) тармақшасында:
      "сақтау, бағалау" деген сөзден кейiн ", одан әрi пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      "оны сатудан түскен" деген сөздер "ол сатылған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 518-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "соттарға;" деген сөзден кейiн "прокурордың санкциясымен атқару құжаттарын орындау кезiнде сот орындаушыларына;" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 550-бапта:
      тақырыбы "бағалау" деген сөзден кейiн ", одан әрi пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта:
      "бағалау" деген сөзден кейiн ", одан әрi пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      "оны сатудан бюджетке ақша түсiмдерiнiң" деген сөздер "ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ "бағалау" деген сөзден кейiн ", одан әрi пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Кеден  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):

      489-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарлар мен көлiк құралдарына билiк ету Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен оларды өткiзу, одан әрi пайдалану, кәдеге жарату немесе жою жолымен жүргiзiледі.".

      8. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):

      95-баптың үшiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi "сатылуы" деген сөзден кейiн "немесе одан әрi пайдаланылуы" деген сөздермен толықтырылсын.

      9. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат):

      1) 50-баптың 6-тармағының д-1) тармақшасындағы "бiрiншi басшы немесе сот орындаушысы қол қойып, iс жүргiзу органының мөрiмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал" деген сөздер "сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзу органының мөрiмен расталған және прокурор санкция берген қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 51-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Атқарушылық iс жүргiзу органдары атқару құжатының орындалуын қамтамасыз ету үшiн тыйым салуды қолданған жағдайда, тыйым салу қолданылатын ақша сомасы мен мүлiк құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеу үшiн қажеттi сомадан, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесiнде борышкерге салынған айыппұлдар мен атқару құжатын орындау жөнiндегi шығыстар сомасынан аспауға тиiс.".

      10. "Сот приставтары туралы" 1997 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 201-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағындағы "соттар қызметiнiң белгiленген тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiнде" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 2-бапта:
      1) тармақша "кезiнде" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) сот үйлерiн күзетудi қамтамасыз ету, судьяларды және процестiң басқа да қатысушыларын күзету, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттерiн жасау кезiнде сот орындаушылары мен осы iс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзету;";

      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Сот приставтарының қызметiн ұйымдастыру және оларды
              тағайындау тәртiбi

      1. Сот приставтарының бөлiмшелерiн:
      1) уәкiлеттi органның аудандардағы, қалалардағы және қалалар аудандарындағы аумақтық бөлiмдерiндегi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмдер), облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарындағы (бұдан әрi - аумақтық органдар) - атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
      2) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы құрады.
      2. Аумақтық бөлiмдерде сот приставтарының қызметiне ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылықты уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары мен аумақтық бөлiмдерi жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган:
      1) сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады;
      2) сот приставтары кадрларын оқытумен, олардың кәсiби даярлығын арттырумен айналысады;
      3) сот приставтары қызметiнiң тәжiрибесiн жинақтап қорытады, соның негiзiнде әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлейдi;
      4) сот приставтары қызметiнiң статистикалық есебiн жүргiзумен айналысады;
      5) басқа мемлекеттiк және құқық қорғау органдарымен атқару құжаттарының орындалуын және соттар қызметiнiң белгiленген тәртiбiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз етедi;
      6) сот приставтарының бөлiмшелерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында сот приставтарының қызметiне ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты жүзеге асырады.
      4. Аумақтық органдар мен аумақтық бөлiмдерде сот приставтарын тиiстi аумақтық органдардың басшылары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      5. Сот приставтары бөлiмшелерiнiң штат санын тиiсiнше уәкiлеттi органның басшысы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн штат саны шегiнде бекiтедi.";

      4) 7-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде азаматтардың белгiленген тәртiптi сақтауын және құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтатуын талап етуге;";
      2) тармақша "құқық бұзушыны" деген сөздердiң алдынан "және сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) судьяларды және сот процесiне қатысатын өзге де тұлғаларды, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттердi жасаған кезде осындай iс-әрекеттерге қатысатын тұлғаларды күзетудi жүзеге асыруға;";
      5) тармақша "үй-жайында" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттердi жасаған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 8-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерi қолданылған барлық жағдайларда сот приставы айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шаралар қолдануға, қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiнiң қолданылғаны туралы аумақтық бөлiмнiң басшысына хабарлауға мiндеттi, аумақтық бөлiм басшысы осындай жағдайлар жөнiнде аумақтық органның басшысына хабарлауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының приставы қарудың, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiнiң қолданылғаны туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппаратының басшысына хабарлауға мiндеттi.
      Қару, арнаулы құралдар мен ұрыс тәсiлдерiн қолданудың адамдар өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрбiр жағдайында дереу прокурорға хабарланады.";

      6-тармақта:
      "тiзбесi заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiледi" деген сөздер "тiзбесiн және оларды бөлу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппаратына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Сот приставтарының қызметiн бақылау

      1. Аумақтық бөлiмдерде сот приставтарының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары мен аумақтық бөлiмдерi жүзеге асырады.
      2. Уәкiлеттi орган сот приставтарының қызметiн бақылауды жүзеге асыру кезiнде аумақтық органдар мен аумақтық бөлiмдердегi сот приставтары қызметiнiң ұйымдастырылуына тексеру жүргiзедi.
      Уәкiлеттi органның аумақтық органдары мен аумақтық бөлiмдерi сот приставтарының қызметiн бақылауды жүзеге асыру кезiнде аумақтық бөлiмдердегi сот приставтары қызметiнiң ұйымдастырылуына тексеру жүргiзедi.
      3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында сот приставтарының қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты жүзеге асырады.".

      11. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 48-құжат; N 12, 86-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 3-баптың 6-тармағы "органдарының" деген сөзден кейiн ", өздерi жүргiзiп жатқан атқарушылық iс жүргiзу iстерi бойынша атқарушылық iс жүргiзу органдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 70-баптың 6-тармағында:
      бiрiншi бөлiк "бағалау" деген сөзден кейiн ", одан әрi пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiк "бағалау" деген сөзден кейiн ", одан әрi пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 10, 49, 51-құжаттар; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат):

      1) 14-баптың 3-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақша жөнелтушiнiң банк шотында ақша жеткiлiксiз болған кезде салық қызметi органдарының салық берешегiн өндiрiп алу туралы және атқарушылық iс жүргiзу органдарының атқару құжаттары бойынша инкассолық өкiмiн орындау мұндай шотқа ақшаның түсуiне қарай жүргiзiледi.";

      2) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Сот актiсiн және сот орындаушысының қаулысын орындау
               ерекшелiктерi

      1. Қазақстан Республикасы сотының ақша өндiрiп алу туралы сот актiсi, сондай-ақ сот орындаушысының заңды тұлғаның банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның ағымдағы шоттарының бар екендiгi және олардың нөмiрлерi жөнiндегi ақпаратты сұратып алу туралы және борышкердiң банктегi ақшасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкция берген қаулысы не оның атқарушылық iс жүргiзу органының аумақтық бөлiмiнiң мөрiмен расталған көшiрмесi, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық банктерге ұсынылады.
      2. Банктер аталған құжаттарды алған күннен кейiнгi операциялық екi күннен кешiктiрмей сотқа (сот орындаушысына) қажеттi мәлiметтердi жiберуге мiндеттi. Мәлiметтер ақша өндiрiп алу  жүргiзiлетiн тұлғалардың банк шоттарының бар екенi туралы не олардың жоқ екенi туралы деректердi қамтуға тиiс; банк шоттары бар болған кезде банк шоттарының барлық қажеттi реквизиттерi және осы банк шоттарында жатқан қалдықтардың мөлшерi көрсетiлуге тиiс. Сот орындаушысына жiберiлетiн мәлiметтерде тыйым салу қолданылған ақша сомасы да көрсетiлуге тиiс.
      3. Сот (сот орындаушысы) банктерден аталған мәлiметтердi алғаннан кейiн ақша өндiрiп алу туралы сот актiсiн орындау жөнiндегi мiндет жүктелетiн банктi (банктердi) анықтайды және сондай банкке (банктерге) тиiстi атқару құжатын не оның сот мөрiмен расталған көшiрмесiн қоса тiркей отырып нұсқау жiбередi.
      4. Егер сотта (сот орындаушысында) ақша өндiрiп алынуға тиiс тұлғаның банк шотында ақшаның бар екенi туралы мәлiмет бар болса, онда сот орындаушысының тиiстi атқару құжаты қоса тiркелген нұсқауы тiкелей тиiстi банкке орындау үшiн ұсынылады. 
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банктердiң тұрған жерi және олардың бiрiншi басшыларының деректерi көрсетiлген банктердiң тiзiмiн тоқсан сайын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның назарына жеткiзедi. Атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен алған тiзiмдi жергiлiктi соттар мен сот орындаушыларының назарына жеткiзедi.".

      13. "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 195-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 23, 922-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 24, 153-құжат):

      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкi жоқ немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөнiндегi тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндiрiп алу жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.";

      2) 4-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Атқарушылық iс жүргiзу органдары қызметкерiнiң қызметтiк iс-әрекетiне, заңнамалық актiлермен тiкелей уәкiлеттiк берiлген адамдардан басқа, ешкiмнiң араласуға құқығы жоқ. Атқарушылық iс жүргiзу органдары қызметкерiнiң іс-әрекетiне заңға қайшы араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      3) 6-бап "құжаты" деген сөзден кейiн "және сот орындаушысының осы заңның 10-бабына сәйкес ерiктi орындау үшiн белгiлеген мерзiмiнiң өтуi" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 10-баптың екiншi бөлiгiндегi "құжаттарын" деген сөз "құжаттарының орындалуын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мерзiмдi өндiрiп алу туралы атқару құжаттарын қоспағанда, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, атқару құжаттары бойынша орындау атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап екi ай мерзiмде аяқталуға тиiс.";

      6) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Атқарушылық iс жүргiзу тоқтатылған жағдайларда бұл туралы сот орындаушысы қаулы шығарады. Атқару құжаты не оның көшiрмесi тиiстi белгi соғылып, сотқа немесе құжатты берген басқа органға жiберiледi. Сонымен бiр мезгiлде орындауды қамтамасыз ету шараларының күшi жойылуға тиiс. Осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасы негiзiнде тоқтатылған, орындалғаннан кейiн атқару санкциясы өндiрiп алынуға тиiс атқару құжаттары бойынша орындауды қамтамасыз ету шараларының күшi санкцияны өндiрiп алғаннан кейiн ғана жойылуға тиiс. Атқару құжатының орындауға берiлу мерзiмiн сот қалпына келтiрген не сот орындаушысының ол бойынша iс жүргiзу тоқтатылған атқару құжатын орындау жөнiндегi iс-әрекетi заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық iс жүргiзудi қайта бастауға болмайды.";

      7) 21-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасы "жоқ болса" деген сөздерден кейiн "және оның мүлiктерiн немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бермеген кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Мемлекет өндiрiп алушы болып табылатын атқару құжаты сотқа қайтарылады.";

      8) мынадай мазмұндағы 28-1, 28-2, 28-3, 28-4, 28-5-баптармен толықтырылсын:

      "28-1-бап. Атқарушылық iс жүргiзудегi құқықтық мұрагерлiк

      Борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, талаптан бас тартылған, борыш ауысқан) жағдайда сот орындаушысы шешiм шығарған сотқа борышкердi оның құқықтық мұрагерiмен ауыстыру туралы ұйғарым шығару жөнiнде ұсыныс жiберуге құқылы. Құқықтық мұрагер үшiн ол атқарушылық iс жүргiзуге кiрiскенге дейiн жасалған барлық iс-әрекеттер борышкер үшiн мiндеттi болатындай дәрежеде мiндеттi болады.

      28-2-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге тараптар өкiлдерiнiң
                қатысуы

      1. Жеке тұлғалар атқарушылық iс жүргiзуге дербес немесе өкiлдерi арқылы қатыса алады. Атқарушылық iс жүргiзуге жеке тұлғаның өзiнiң қатысуы оны өз өкiлi болуы құқығынан айырмайды. Егер атқару құжаты бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер жүктелсе, онда борышкер оларды орындау кезiнде өкiл арқылы әрекет етуге құқылы емес.
      2. Ұйымдардың атқарушылық iс жүргiзуге қатысуы олардың өздерiне заңмен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен және құрылтай құжаттарымен берiлген өкiлеттiктер шегiнде әрекет ететiн органдары не аталған органдардың өкілдерi арқылы жүзеге асырылады.
      Ұйым атынан өкiлдiк ететiн адамдардың өз лауазымдық жағдайлары мен өкiлеттiктерiн растайтын құжаттары болуға тиiс.
      3. Өкiлдiң өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхатпен куәландырылады.

      28-3-бап. Өкiлдiң өкiлеттiктерi

      1. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысатын өкiл атқарушылық iс жүргiзумен байланысты барлық iс-әрекеттердi өкiлдiк берушiнiң атынан жасауға құқылы.
      2. Өкiлдiк берушi беретiн сенiмхатта өкiлдiң мынадай iс-әрекеттер жасауға:
      1) атқару құжатын ұсынуға және керi қайтарып алуға;
      2) өкiлеттiктердi басқа тұлғаға беруге (қайта сенiм бiлдiруге);
      3) сот орындаушысының iс-әрекеттерiне шағым жасауға;
      4) ұйғарылған мүлiктi (соның iшiнде ақшаны) алуға;
      5) бiтiмгершiлiк келiсiм жасасуға өкiлеттiктерi арнайы ескертiлуге тиiс.

      28-4-бап. Өкiл бола алмайтын адамдар

      1. Он сегiз жасқа толмаған немесе қорғаншылықта не қамқоршылықта болатын адамдар атқарушылық iс жүргiзуде өкiл бола алмайды.
      2. Судьялар, тергеушiлер, прокурорлар, өкiлдi органдардың депутаттары, атқарушылық iс жүргiзу органдарының және сот аппаратының қызметкерлерi, тиiстi ұйымдардың уәкiлi немесе заңды өкiлдерi ретiнде атқарушылық iс жүргiзуге олардың қатысу жағдайларын қоспағанда, атқарушылық iс жүргiзуде өкiл бола алмайды.
      Адам, егер мүдделерi өзi өкiлдiк ететiн адамның мүдделерiне қайшы келетiн адамдарға осы iс бойынша заң көмегiн көрсетiп жатса немесе бұрын көрсеткен болса, сондай-ақ егер ол атқарушылық iс жүргiзу органының қызметкерiмен туыстық қатынаста болса, өкiл бола алмайды.

      28-5-бап. Заңды өкiлдер

      1. Атқарушылық iс жүргiзуде кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған адамдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн заңды өкiлдерi - олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары немесе қамқоршылары қорғайды, олар өз өкiлеттiктерiн  куәландыратын құжаттарын табыс етедi.
      Заңды өкiлдер iс-әрекет жасау құқығына заңда көзделген шектеулерi бар өкiлдiк берушiге тиесiлi барлық сондай iс-әрекеттердi өкiлдiк берушiнiң атынан жасайды.
      2. Сот хабарсыз кеттi деп таныған адам қатысатын атқарушылық iс жүргiзуге оның өкiлi ретiнде, хабарсыз кеткеннiң мүлкi басқаруға берiлген және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен өкiл ретiнде тағайындалған адамдар қатысады.
      3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгiленген тәртiппен жарияланған адамның мұрагерi қатысуға тиiс атқарушылық iс жүргiзу бойынша, егер мұраны әлi ешкiм қабылдамаған болса, өсиеттi орындаушы немесе мұраны сенiмгерлiкпен басқарушы мұрагердiң өкiлi ретiнде қатысады.
      4. Заңды өкiлдер атқарушылық iс жүргiзуге қатысуды өздерi өкiл ретiнде таңдап алған басқа тұлғаға тапсыруы мүмкiн.";

      9) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Сот орындаушысынан бас тарту туралы мәселенi аумақтық бөлiм басшысы шешедi, бұл жөнiнде тиiстi дәлелдi қаулы шығарылады.
      Аудармашыдан немесе маманнан бас тарту туралы мәселенi сот орындаушысы шешедi, бұл жөнiнде аумақтық бөлiм басшысы бекiтетiн тиiстi дәлелдi қаулы шығарылады.";

      10) 35-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Борышкердiң қолма-қол ақша сомалары, соның iшiнде борышкер кассасының сейфiнде сақталатын және осы кассаның оқшауланған бөлмесiнде немесе борышкердiң өзге де бөлмелерiнде сақталатын ақша сомалары, егер олардың борышкерге тиесiлi екендiгi анық белгiлi болса, табылғаннан кейiн дереу алып қойылуға тиiс.";

      3-тармақ "сол қалпында" деген сөздердiң алдынан "сатпай" деген сөзбен толықтырылсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Борышкердiң басқа мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда, өндiрiп алу борышкердiң атқару құжаты бойынша құны өндiрiп алу мөлшерiнен асатын мүлкiне қолданылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда, мүлiктi сатқаннан кейiн түскен сома, атқару құжаты бойынша өндiрiп алынған сомалар мен орындау жөнiндегi шығыстар шегерiле отырып, борышкерге қайтарылады.";

      11) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-бап. Борышкердiң басқа тұлғалардағы ақшалай сомалары мен
               басқа мүлкiнен өндiрiп алу

      1. Борышкердiң басқа тұлғалардағы ақшалай сомаларынан, сондай-ақ басқа мүлкiнен өндiрiп алу кезiнде сот орындаушысы оларға  тыйым салады және мәжбүрлеп орындатуға шаралар қолданады.
      2. Борышкердiң банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшалай сомаларынан өндiрiп алуды сот орындаушысы инкассолық өкiм ұсыну арқылы жүзеге асырады. Инкассолық өкiмге атқару құжаттарының түпнұсқасы не олардың сот мөрiмен расталған көшiрмелерi қоса тiркеледi.
      3. Борышкердiң банк шотында теңге түрiндегi ақшалай сомалары болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлеген тәртiппен анықталған валюта айырбастаудың төлем жасалатын күнгi нарықтық бағамын қолдана отырып, сот орындаушысы теңгемен есептеп ұсынған инкассолық өкiмдер негiзiнде өндiрiп алу борышкердiң банк шоттарынан шетелдiк валютамен жүргiзiледi.
      4. Инкассолық өкiмдi керi қайтарып алу аумақтық атқарушылық iс жүргiзу органы басшысының жазбаша келiсiмiмен жүргiзiледi.";

      12) 40-бапта:
      1-тармақтағы "банк және өзге де несие мекемелерiндегi борышкердiң" деген сөздер "борышкердiң банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 41-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осы Заңның 35-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда, тiзiмделетiн мүлiктiң құны атқару құжаты бойынша өндiрiп алудың мөлшерiнен асып түсуi мүмкiн.";

      14) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мүлiкке өндiрiп алуды қолдану кезiнде сот орындаушысы оның борышкерге тиесiлi екендiгiн, шынайы құнын және ондағы ауыртпалықты анықтайды. Мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын мүлiктiң кiмге тиесiлi екенiн анықтау қиын болған және бұл мүлiк борышкерге тиесiлi деп жорамалдауға негiз болған жағдайда, сот орындаушысы оның тиесiлiгi анықталғанға дейiн мүлiкке уақытша тыйым салуға құқылы. Бұл ретте, борышкер, егер мүлiк оған тиесiлi болмаса, алып қойылған мүлiктiң тиесiлiгiн анықтайтын қажеттi дәлелдердi сот орындаушысына беруге мiндеттi.";

      15) 49-баптың 3-тармағында:
      "бағаланған сомасында" деген сөздер "соңғы жарияланған бағасы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте мүлiк тыйым салудан босатылады.";

      16) 50-бап "сатылады" деген сөзден кейiн "немесе пайдаланылады" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 57-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi еселенген мөлшерiнен аспайтын соманы өндiрiп алу кезiнде," деген сөздер "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi еселенген мөлшерiнен аспайтын соманы өндiрiп алу кезiнде, сондай-ақ басқа да өндiрiп алулар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 68-1-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Қоныс аударту атқару құжатында көрсетiлген үй-жайды қоныс аударушыдан (аударушылардан), оның (олардың) мүлiктерiнен, үй жануарларынан босатудан және қоныс аударушының (аударушылардың) босатылған үй-жайды пайдалануына тыйым салудан тұрады.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Борышкердiң мүлкiн сақтау үш жылдан аспайтын мерзiмге жүзеге асырылады, оның аяқталуына қарай аталған мүлiк иесiз мүлiктi сату үшiн белгiленген тәртiппен сатылады.";

      19) 75-баптың 1-тармағындағы "өндiрiп алушы немесе мемлекет" деген сөздер "шығын шеккен тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "77-бап. Атқару санкциясы

      1. Атқару құжаты толық орындалғаннан кейiн сот орындаушысы өндіріп алынған соманың немесе мүлiк құнының он процентi мөлшерiнде борышкерден немесе атқару құжаттары бойынша мүлiктiк емес сипаттағы он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жеке тұлғалардан және жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде заңды тұлғалардан атқару санкциясын өндiрiп алу туралы ұсыныс шығарып, оны сотқа жiбередi. Егер борышкер атқару құжатын өзiне сот орындаушысы осы Заңның 10-бабына сәйкес белгiлеген мерзiмде толық көлемде орындаса, сондай-ақ атқару құжаты бойынша өндiрiп алынған соманың он процентi мөлшерiнде өндiрiп алынуға тиiс атқару санкциясы бiр айлық есептiк көрсеткiштен аз болған жағдайда, атқару санкциясы өндiрiп алынбайды.
      2. Атқару санкциясы республикалық бюджетке аударылады.";

      21) 86-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) және 10-1) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "9-1) атқару құжаттарын орындаумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың басшыларының және басқа да лауазымды тұлғаларының қабылдауына кiдiрiссiз кiруге;";
      "10-1) мүлiкке оның кiмге тиесiлi екенiн анықтағанға дейiн осы Заңның 46-бабының 1-тармағында көзделген ережелердi сақтай отырып уақытша тыйым салуды қолдануға;";

      22) 86-1-баптың 1) және 4) тармақшалары "сот орындаушыларына", "сот орындаушыларының" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "және сот приставтарына", "және сот приставтарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      23) 87-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "87-бап. Сот орындаушысының шешiмiне және әрекеттерiне
               (әрекетсiздiгiне) шағым жасау

      Өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқару құжатын орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай iс-әрекет жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкiн. Шағым Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмде сотқа берiледi.";

      24) мынадай мазмұндағы 89-баппен толықтырылсын:

      "89-бап. Атқарушылық iс жүргiзу органдары қызметкерлерiн
               әлеуметтiк қорғау шаралары

      Атқарушылық iс жүргiзу органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқан адамдардың отбасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын-жай алуға құқылы.".

      14. "Микрокредиттiк ұйымдар туралы" 2003 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 4, 23-құжат):

      16-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "2-1) атқарушылық iс жүргiзу органдарына: сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзу органының мөрiмен расталған және прокурор санкция берген қаулысы негiзiнде олардың iс жүргiзуiнде жатқан атқарушылық iс жүргiзу iстерi бойынша;".

      15. "Кредиттiк серiктестiктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 5, 32-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат):

      21-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) атқарушылық iс жүргiзу органдарына: сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзу органының мөрiмен расталған және прокурор санкция берген қаулысы негiзiнде олардың iс жүргiзуiнде жатқан атқарушылық iс жүргiзу iстерi бойынша;".

      16. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат):

      43-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзу органының мөрiмен расталған және прокурор санкция берген қаулысы негiзiнде өздерi жүргiзiп жатқан атқарушылық iс жүргiзу бойынша атқарушылық iс жүргiзу органдарына;".

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады