Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот сараптамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі N 151 Заңы

      Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат):
      343-бапта:
      тақырыбы "адамға," деген сөзден кейiн "сарапшыға," деген сөзбен толықтырылсын;
      екiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы "жүргiзілумен", "адамға," деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", сот сараптамасы жүргiзiлуiмен", "сарапшыға," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22; 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 22-құжат; N 23, 139-құжат; N 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 21-22, 87-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 5-6, 31-құжат):
      1) бүкiл мәтiн бойынша "зерттеу үшiн үлгiлердi", "зерттеу үшiн үлгiлер", "зерттеу үшiн алынған үлгiлер", "Сараптамалық зерттеу үшiн үлгiлер", "Сараптамалық зерттеу үшiн үлгi", "caраптамалық зерттеу үшiн үлгiлер", "сараптамалық зерттеу үшiн үлгiлердi", "Сараптамалық зерттеу үшiн үлгiлердi", "сараптамалық зерттеудiң үлгiлерi", "Сараптамалық зерттеу үшiн дәрiгердiң немесе басқа маманның үлгiлер алуы", "сараптамалық зерттеу үшiн үлгi", "Сараптамалық зерттеу үшiн алынған үлгiлер", "сараптамалық зерттеуге үлгiлер" деген сөздер тиiсiнше "үлгiлердi", "үлгiлер", "Yлгілер", "Үлгi", "Yлгілердi", "Дәрiгердiң немесе басқа маманның үлгiлер алуы", "үлгi", "Алынған үлгілер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 84-бапта:
      екiншi бөлiкте:
      "тергеу немесе сот әрекетiне қатысушылардың" деген сөздер "олардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "заттарды немесе құжаттарды табу, бекiту және алу кезiнде," деген сөздер "дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдемдесу және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "аударуға;" деген сөзден кейiн "салыстырма зерттеулердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi бөлiктегi "дәлелдердi табу, бекiту және алу үшiн" деген сөздер "дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға көмек көрсету үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 242-бапта:
      төртiншi бөлiктегi "қылмыстық iске жатпайтын немесе сарапшының құзыретiне кiрмейтiн" деген сөздер "қылмыстық iске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы бөлiктегi "сарапшының құзыретiне" деген сөздер "сот сараптамасының нысанасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 244-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) сараптама жүргiзуге кедергi келтiретiн жағдайларды қоспағанда, тергеушiнiң рұқсатымен сараптама жүргiзу кезiнде қатысуға, сарапшыға түсiнiктемелер беруге құқығы бар. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сараптама жүргiзу кезiнде қатысу туралы өтінішті қанағаттандырған жағдайда жәбірленуші, күдікті, айыпталушы сараптама жүргізілу орны мен уақыты туралы хабардар етiледi. Бұл жағдайда қылмыстық процестi жүргiзушi органның қатысуы мiндеттi. Хабарландырылған адамның келмей қалуы сараптама жүргiзуге кедергi келтiрмейдi;".

      3. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53-құжат; N 24, 123-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      1) 41-бапта:
      үшiншi бөлiкте:
      "сарапшының," деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Сараптама қорытындысының дұрыстығына күмән туындауына орай ол қайталап жүргiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, сарапшының осы iстi алдыңғы қарау кезiнде сарапшы ретiнде қатысуы оған қарсылық бiлдiру үшiн негiз болып табылмайды.";

      2) 42-баптың бiрiншi бөлiгi "сарапшы," деген сөзден кейiн "маман," деген сөзбен толықтырылсын;

      3) 64-баптың екiншi бөлiгi "iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен" деген сөздерден кейiн ", iс жүргiзу әрекеттерiнiң барысын және нәтижелерiн көрсететiн сот отырыстары хаттамаларымен" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) мынадай мазмұндағы 91-1, 91-2, 91-3-баптармен толықтырылсын:

      " 91-1-бап. Үлгiлердi алу

      1. Судья, егер үлгiлердi зерттеудiң iс үшiн маңызы бар болса, оларды, оның iшiнде тiрi адамның, мәйiттiң, жануардың, заттың, нәрсенiң қасиеттерiн бейнелейтiн үлгілердi алуға құқылы.
      2. Үлгiлерге материалдардың, заттардың, шикiзаттардың, дайын өнiмнiң сынамалары да жатады.
      3. Үлгiлердi алу туралы дәлелдi ұйғарым шығарылады, онда: үлгiлердi алатын адам; үлгілер алынуы тиiс адам (ұйым); нақты қандай үлгiлер және қандай санда алынуы тиiс екенi; адам үлгiлердi алу үшiн қашан және кiмге келуi тиiс екенi; үлгiлер алынғаннан кейiн олардың қашан және кiмге табыс етілуi тиiс екенi көрсетілуi қажет.
      4. Үлгiлердi судьяның жеке өзi алуы, ал қажет болса, егер бұл әрекет үлгiлер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешiндiрумен байланысты болмаса және ерекше кәсiби дағдыны талап етпесе, дәрiгердiң немесе басқа маманның қатысуымен алуы мүмкiн. Өзге жағдайларда үлгілердi судьяның тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе басқа маман алуы мүмкiн.
      5. Үлгiлердi алу құқығы судьяда, сарапшыда, дәрiгерде немесе басқа маманда болады.
      6. Yлгiлердi алу сараптамалық зерттеудiң бiр бөлiгi болып табылатын жағдайларда, оны сарапшы жүргiзуi мүмкiн.
      7. Yлгiлер тараптардан, сондай-ақ үшiншi тұлғалардан алынуы мүмкiн.
      8. Судья адамды өзiне шақырады, оны, қолхат ала отырып, үлгiлердi алғаны туралы ұйғарыммен таныстырады, оған және осы iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi.
      9. Судьяның жеке өзi немесе маманның қатысуымен қажеттi әрекеттердi жүргiзедi, үлгiлердi алады, оларды орайды және мөр басады.
      10. Yлгiлердi алу нәтижелерi iс жүргiзу әрекеттерiнiң (сот отырысының) хаттамасында тiркеледi, онда жүргiзiлу ретiн сақтай отырып, үлгiлердi алу үшiн жасалған әрекеттер, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа да әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгiлердiң өздерi жазылады.

       91-2-бап. Дәрiгердiң немесе басқа маманның, сондай-ақ сарапшының үлгiлердi алуы

      1. Судья өзiнен үлгілер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ тиiстi тапсырмасы бар ұйғарымды дәрiгерге немесе басқа маманға жiбередi. Ұйғарымда осы iс жүргiзу әрекетiне барлық қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлуi тиiс.
      2. Дәрiгер немесе басқа маман судьяның тапсырмасы бойынша қажеттi әрекеттердi жүргiзедi және үлгілердi алады. Yлгiлер оралады және мөр басылады, одан кейiн дәрiгер немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бiрге судьяға жiберiледi.
      3. Сарапшы зерттеу процесiнде сынақ үлгiлер дайындауы мүмкiн, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды.
      4. Судья мұндай үлгiлердi дайындау кезiнде қатысуға құқылы, оны өзi жасайтын хаттамада көрсетедi.
      5. Сарапшы зерттеу жүргiзгеннен кейiн үлгiлердi оралған және мөр басылған түрде өзiнiң қорытындысына қоса тiркейдi.
      6. Егер үлгiлердi судьяның тапсырмасы бойынша маман немесе сарапшы алған болса, онда ол ресми құжат жасап, оған iс жүргiзу әрекетiне барлық қатысушылар қол қояды және iс материалдарына қоса тiркеу үшiн судьяға берiледi.
      7. Алынған үлгiлер оралған және мөр басылған түрде хаттамаға қоса тiркеледi.

       91-3-бап. Үлгiлердi алу кезiнде тұлғаның құқықтарын қорғау

      Үлгілердi алу әдiстерi мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуы тиіс. Қатты ауыру сезінуін тудыратын күрделi медициналық рәсiмдердi немесе әдiстердi қолдануға үлгiлер алынуға тиiстi адам жазбаша келiсiм бергенде ғана, ал егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық аурумен ауыратын болса, бұған қоса оның заңды өкiлдерiнiң де келiсiмiмен жол берiледi.";

      5) 92-баптың бiрiншi бөлiгi "ескертулер жасауға;" деген сөздерден кейiн "сараптаманы тағайындаған соттың келiсiмiмен," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 99-бапта:
      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сот ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға консультациялар (түсiндiрмелер) беру және көмектесу арқылы дәлелдемелердi жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету мақсатында сот отырысына немесе iс жүргiзу әрекеттерiне қатыстыру үшiн iстiң нәтижесiне мүдделi емес, арнаулы білiмi бар кәмелетке толған адамды маман ретiнде тартуы мүмкiн.
      Сот тараптың өтiнiмi бойынша да мамандарды тартуға құқылы. Iске қатысатын адамдар арнаулы бiлiмi бар нақты адамды маман ретiнде тарту туралы сотқа өтiнiш жасай алады.";
      үшiншi бөлiктегi "заттарды немесе құжаттарды табу, бекiту және алу" деген сөздер "дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдем көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 207-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Арнайы зерттеулер жүргiзу талап етiлмейтiн жағдайларда маман coтқa ауызша немесе жазбаша нысанда консультация (түсiндiрме) бередi.
      Маманның жазбаша нысанда берiлген консультациясы сот отырысының (тиiстi iс жүргiзу әрекетiнiң) хаттамасына қосымша түрiнде тiркеледi және сот отырысында жария етiледi. Ауызша консультация тiкелей сот отырысының (ic жүргiзу әрекетiнiң) хаттамасына енгiзiледi.".

      4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      1) 596-баптың екiншi бөлiгi "сұрақтар қоюға;" деген сөздерден кейiн "салыстырма зерттеулердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 612-1, 612-2, 612-3-баптармен толықтырылсын:

      " 612-1-бап. Yлгiлердi алу

      1. Судья, eгep үлгiлердi зерттеудiң iс үшiн маңызы бар болса, оларды, оның iшiнде адамның, жануардың, заттың, нәрсенiң қасиеттерiн бейнелейтiн үлгілердi алуға құқылы.
      2. Үлгiлерге материалдардың, заттардың, шикiзаттардың, дайын өнiмнiң сынамалары да жатады.
      3. Yлгiлердi алу туралы дәлелдi ұйғарым шығарылады, онда: үлгілердi алатын адам; үлгілер алынуы тиiс адам (ұйым); нақты қандай үлгiлер және қандай санда алынуы тиiс екенi; адам үлгiлердi алу үшiн қашан және кiмге келуi тиiс екенi; үлгілер алынғаннан кейiн олардың қашан және кiмге табыс етiлуi тиiс екенi көрсетiлуi қажет.
      4. Үлгiлердi судьяның жеке өзi алуы, ал қажет болса, егер бұл әрекет үлгiлер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешiндiрумен байланысты болмаса және ерекше кәсiби дағдыны талап етпесе, дәрiгердiң немесе басқа маманның қатысуымен алуы мүмкiн. Өзге жағдайларда үлгiлердi судьяның тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе басқа маман алуы мүмкiн.
      5. Үлгiлердi алу құқығы судьяда, сарапшыда, дәрiгерде немесе басқа маманда болады.
      6. Үлгiлердi алу сараптамалық зерттеудiң бiр бөлiгi болып табылатын жағдайларда, оны сарапшы жүргiзуi мүмкiн.
      7. Yлгiлер тараптардан, сондай-ақ үшiншi тұлғалардан алынуы мүмкiн.
      8. Судья адамды өзiне шақырады, оны, қолхат ала отырып, үлгiлердi алғаны туралы ұйғарыммен таныстырады, оған және осы iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi.
      9. Судьяның жеке өзi немесе маманның қатысуымен қажеттi әрекеттердi жүргiзедi, үлгiлердi алады, оларды орайды және мөр басады.
      10. Үлгiлердi алу нәтижелерi iс жүргізу әрекеттерiнiң (сот отырысының) хаттамасында тiркеледi, онда жүргiзiлу ретiнде сақтай отырып, үлгілердi алу үшiн жасалған әрекеттер, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа да әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгілердiң өздерi жазылады.

       612-2-бап. Дәрiгердiң немесе басқа маманның, сондай-ақ сарапшының үлгiлердi алуы

      1. Судья өзiнен үлгiлер алынуға тиiс адамды, сондай-ақ тиiстi тапсырмасы бар ұйғарымды дәрiгерге немесе басқа маманға жiбередi. Ұйғарымда осы iс жүргiзу әрекетiне барлық қатысушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілуі тиіс.
      2. Дәрiгер немесе басқа маман судьяның тапсырмасы бойынша қажеттi әрекеттердi жүргiзедi және үлгiлердi алады. Үлгiлер оралады және мөр басылады, одан кейiн дәрiгер немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бiрге судьяға жiберiледi.
      3. Сарапшы зерттеу процесiнде сынақ үлгiлер дайындауы мүмкiн, бұл туралы ол қорытындыда хабарлайды.
      4. Судья мұндай үлгiлердi дайындау кезiнде қатысуға құқылы, оны өзi жасайтын хаттамада көрсетедi.
      5. Сарапшы зерттеу жүргiзгеннен кейiн үлгiлердi оралған және мөр басылған түрде өзiнiң қорытындысына қоса тiркейдi.
      6. Егер үлгiлердi судьяның тапсырмасы бойынша маман немесе сарапшы алған болса, онда ол ресми құжат жасап, оған iс жүргiзу әрекетiне барлық қатысушылар қол қояды және iс материалдарына қоса тiркеу үшiн судьяға беріледi.
      7. Алынған үлгiлер оралған және мөр басылған түрде хаттамаға қоса тiркеледi.

       612-3-бап. Үлгiлердi алу кезiнде тұлғаның құқықтарын қорғау

      Үлгілердi алу әдiстерi мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз болуға тиiс. Қатты ауыру сезiнуiн тудыратын күрделi медициналық рәсiмдердi немесе әдiстердi қолдануға үлгiлер алынуға тиiстi адам жазбаша келiсiм бергенде ғана, ал егер ол кәмелетке толмаған немесе психикалық аурумен ауыратын болса, оның заңды өкілдерінің келісімімен ғана жол беріледi.".

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады