О подписании Протокола о внесении изменения в Договор аренды комплекса "Байконур" между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации от 10 декабря 1994 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года N 45

      Во исполнение пункта 1  Меморандума между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о дальнейшем развитии сотрудничества по вопросам обеспечения функционирования комплекса "Байконур" от 9 января 2004 года Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Одобрить прилагаемый проект Протокола о внесении изменения в Договор аренды комплекса "Байконур" между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации от 10 декабря 1994 года.

      2. Уполномочить Министра юстиции Республики Казахстан Балиеву Загипу Яхяновну подписать от имени Правительства Республики Казахстан Протокол о внесении изменения в Договор аренды комплекса "Байконур" между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации от 10 декабря 1994 года, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.

      3. Признать утратившими силу:
      1)  постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2004 года N 1030 "О заключении Протокола о внесении изменения в Договор аренды комплекса "Байконур" между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации от 10 декабря 1994 года;
      2)  постановление Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2005 года N 482 "О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2004 года N 1030 и от 7 октября 2004 года N 1036".

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
       Республики Казахстан

Одобрен           
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 23 января 2008 года N 45 

   Протокол
о внесении изменения в Договор аренды комплекса "Байконур"
между Правительством Республики Казахстан и
Правительством Российской Федерации
от 10 декабря 1994 года

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      руководствуясь положениями  Меморандума между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о дальнейшем развитии сотрудничества по вопросам обеспечения функционирования комплекса "Байконур" от 9 января 2004 года,
      желая внести изменения в  Договор аренды комплекса "Байконур" между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации от 10 декабря 1994 года (далее - Договор) по вопросам обеспечения конституционных прав и свобод граждан, проживающих на территории комплекса "Байконур",
      договорились о нижеследующем:

   Статья 1

      Абзацы второй и третий пункта 6.12 статьи 6 Договора изложить в следующей редакции:
      "В отношении граждан Российской Федерации из числа персонала космодрома, сотрудников правоохранительных органов и органов государственной власти и управления Российской Федерации, работающих на комплексе "Байконур", а также других граждан Российской Федерации, являющихся членами семей указанных лиц, в случае совершения ими противоправных действий против Российской Федерации и ее граждан, воинских преступлений и правонарушений, совершенных в связи с исполнением обязанностей военной службы, вне пределов комплекса "Байконур" на территории Республики Казахстан, осуществляется юрисдикция Российской Федерации. В иных случаях осуществляется юрисдикция Республики Казахстан.
      Вопросы юрисдикции и взаимодействия правоохранительных органов Сторон при применении их законодательства на территории комплекса "Байконур" определяются отдельным соглашением.".

   Статья 2

      Настоящий Протокол вступает в силу в порядке, предусмотренном пунктом 11.4 статьи 11 Договора, и действует до прекращения действия Договора.

      Совершено в г. _____________ "___" __________ 200__ году в двух подлинных экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.

       За Правительство                            За Правительство
       Республики Казахстан                        Российской Федерации

1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 45 Қаулысы

      2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумның 1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Зағипа Яхянқызы Балиеваға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қазандағы N 1030 қаулысы;
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қазандағы N 1030 және 2004 жылғы 7 қазандағы N 1036 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 мамырдағы N 482 қаулысы.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2008 жылғы 23 қаңтардағы
N 45 қаулысымен   
мақұлданған    

  1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр"
кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумның ережелерін басшылыққа ала отырып,
      1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына (бұдан әрі - Шарт) "Байқоңыр" кешенінің аумағында тұратын азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгеріс енгізуге ниет білдіре отырып,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

  1-бап

      Шарттың 6-бабы 6.12-тармағының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Байқоңыр" кешенінде жұмыс істейтін Ресей Федерациясы ғарыш айлағы персоналының, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік билік және басқару органдары қызметкерлерінің қатарынан Ресей Федерациясының азаматтарына, сондай-ақ көрсетілген адамдардың отбасы мүшелері болып табылатын Ресей Федерациясының басқа да азаматтарына қатысты, олар Ресей Федерациясы мен оның азаматтарына қарсы құқыққа қарсы әрекет жасаған, Қазақстан Республикасының аумағындағы "Байқоңыр" кешенінен тыс жерде әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты әскери қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Ресей Федерациясының заңды құзыры жүзеге асырылады. Өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының заңды құзыры жүзеге асырылады.
      "Байқоңыр" кешенінің аумағында Тараптардың заңнамасы қолданылған кезде олардың құқық қорғау органдарының заңды құзыры мен өзара іс-қимыл мәселелері жеке келісіммен айқындалады.".

  2-бап

      Осы Хаттама Шарттың 11-бабы 11.4-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді және Шарттың қолданылуы аяқталғанға дейін қолданылады.
      200_ жылғы "__" ____ ____________ қаласында екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде жасалды, әрі екі мәтіннің бірдей күші бар.

      Қазақстан Республикасының       Ресей Федерациясының
          Үкіметі үшін                   Үкіметі үшін