1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шартына өзгерiс енгiзу туралы хаттама жасасу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 қазандағы N 1030 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 45 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.23.  N 45 Қаулысымен.

      2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ынтымақтастықты одан әрi дамыту туралы  меморандумның 1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру  шартына өзгерiс енгiзу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Зағипа Яхияқызы Балиеваға Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шартына өзгерiс енгiзу туралы хаттаманы жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.20. N  482 қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шартына өзгерiс енгiзу туралы хаттама

      1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру  шартының (бұдан әрi - Шарт) Тараптары болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi,
      Тараптар мемлекеттерi азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың конституциялық құқықтарын Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары қамтамасыз ету тиiстiгiн тани отырып,
      "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдалану бойынша өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамыту қажеттiгiн растай отырып,
      Тараптар мемлекеттерiнiң мүдделерiн өзара құрметтеу қағидатын негiзге ала отырып,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:
      1. Шарттың 6-бабы 6.12-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ресей Федерациясы мен оның азаматтарына қарсы олар заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда Ресей Федерациясының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және ведомстволық күзеттiң қарулы қарауылдарына, "Байқоңыр" кешенi шегiнен тыс қызметтiк мiндеттердi орындауға байланысты жасалған әскери қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қатысты заңи құзыретiн Ресей Федерациясы жүзеге асырады. Өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.".

      Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлiгі болып табылады және Шарттың 11-бабының 11.4-тармағында көзделген тәртiппен күшiне енедi.

      2004 жылғы ______ _________ қаласында екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар.

       Қазақстан Республикасының          Ресей Федерациясының
      Үкiметi үшiн                       Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады