Об утверждении Правил использования приоритетного права покупки стратегического объекта

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2008 года № 312. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 1223

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.10.2011 № 1223 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 193-1 Гражданского кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, подпунктом 3-2) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 26 июня 1998 года "О национальной безопасности Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 19.05.2010 № 448.

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования приоритетного права покупки стратегического объекта.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                                      К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан 
от 2 апреля 2008 года N 312

Правила
использования приоритетного права покупки
стратегического объекта

1. Общие положения

      1. Правила использования приоритетного права покупки стратегического объекта (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 193-1 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Общая часть) от 27 декабря 1994 года, подпунктом 3-2) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 26 июня 1998 года "О национальной безопасности Республики Казахстан" и определяют порядок использования приоритетного права покупки стратегических объектов.
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 19.05.2010 № 448.

      2. Понятия и термины, используемые в Правилах:

      Комиссия - консультативно-совещательный орган по стратегическим объектам при Правительстве Республики Казахстан;

      уполномоченный орган - государственный орган, определенный Правительством в качестве рабочего органа Комиссии;

      собственник стратегического объекта - физическое или юридическое лицо, являющееся собственником стратегического объекта и намеренное совершить сделку по отчуждению данного стратегического объекта;

      покупатель - государственный орган, определенный Правительством Республики Казахстан, выступающий администратором бюджетной программы по покупке стратегического объекта либо юридическое лицо, уполномоченное Правительством Республики Казахстан;

      центральный уполномоченный орган по бюджетному планированию - центральный исполнительный орган, осуществляющий функции по планированию прогнозных показателей государственного бюджета на среднесрочный период и проекта республиканского бюджета на соответствующий финансовый год;

      залогодержатель - кредитор, который имеет право в случае неисполнения залогодателем обеспеченного залогом обязательства получить удовлетворение из стоимости заложенного имущества преимущественно перед другими кредиторами лица, которому принадлежит это имущество.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 19.05.2010 № 448.

2. Порядок использования приоритетного права
покупки стратегического объекта

      3. В случае нахождения стратегического объекта в частной собственности и намерения собственника продать данный объект, либо залогодержателя реализовать заложенное имущество во внесудебном порядке, либо обращения взыскания на стратегический объект на основании судебного акта Правительство Республики Казахстан через уполномоченный им орган обладает приоритетным правом покупки стратегического объекта по рыночной стоимости.

      Рыночная стоимость стратегического объекта определяется в соответствии с законодательством об оценочной деятельности.
      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 19.05.2010 № 448.

      4. Уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней с даты поступления документов, представленных для получения разрешения на отчуждение стратегического объекта в соответствии с Правилами обременения стратегических объектов правами третьих лиц и их отчуждения, утвержденными Правительством Республики Казахстан вносит на рассмотрение Комиссии материалы, необходимые для выработки предложений по использованию Правительством Республики Казахстан приоритетного права покупки стратегического объекта.

      5. Комиссия в течение двадцати рабочих дней рассматривает заявления и иные материалы, вырабатывает соответствующие предложения и рекомендации по вопросу использования Правительством Республики Казахстан приоритетного права покупки стратегического объекта, оформляемые протоколом, который направляется в Правительство Республики Казахстан.

      6. В случае выработки Комиссией предложения и рекомендации об использовании Правительством Республики Казахстан приоритетного права покупки стратегического объекта покупатель, если им выступает государственный орган в соответствии с действующим законодательством составляет бюджетную заявку с обоснованием выделения необходимых бюджетных средств и вносит ее в центральный уполномоченный орган по бюджетному планированию.

      Центральный уполномоченный орган по бюджетному планированию направляет бюджетную заявку и заключение по данной заявке на рассмотрение Республиканской бюджетной комиссии.

      7. Республиканская бюджетная комиссия принимает соответствующее решение после рассмотрения бюджетной заявки и заключения центрального уполномоченного органа по бюджетному планированию.

      8. Правительство Республики Казахстан на основании предложений и рекомендаций Комиссии и решения Республиканской бюджетной комиссии в срок, не превышающий тридцати рабочих дней с момента получения предложений, принимает решение об использовании Правительством Республики Казахстан приоритетного права покупки стратегического объекта.

      Решение Правительства Республики Казахстан должно быть мотивированным и объективно учитывать интересы обеспечения национальной безопасности Республики Казахстан.

      9. Об итогах принятого Правительством Республики Казахстан решения уполномоченный орган письменно уведомляет собственника стратегического объекта в срок не позднее пяти рабочих дней со дня вынесения решения.

      10. В случае использования Правительством Республики Казахстан приоритетного права покупки стратегического объекта, покупатель инициирует процесс переговоров с собственником, либо залогодержателем стратегического объекта.

      Собственник стратегического объекта, а также залогодержатель в случае возникновения у него права на отчуждение заложенного имущества (стратегического объекта) могут отказаться от отчуждения стратегического объекта в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 19.05.2010 № 448.

      11. Сроки выкупа стратегических объектов с учетом бюджетных процедур не должны превышать двух лет с момента принятия Правительством Республики Казахстан решения об использовании Правительством Республики Казахстан приоритетного права покупки стратегического объекта.

Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі N 312 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.28 № 1223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 11-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.19 № 448 Қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 2 сәуірдегі
N 312 қаулысымен  
бекітілген    

Стратегиялық объектіні сатып алудың басым
құқығын пайдалану ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 11-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығын пайдалану тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.19 № 448 Қаулысымен.
      2. Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер:
      Комиссия - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы стратегиялық объектілер бойынша консультативтік-кеңесші орган;
      уәкілетті орган - Комиссияның жұмыс органы ретінде Үкімет анықтайтын мемлекеттік орган;
      стратегиялық объектінің меншік иесі - стратегиялық объектінің меншік иесі болып табылатын және осы стратегиялық объектіні иеліктен айыру жөнінде мәміле жасауға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;
      сатып алушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған, стратегиялық объектіні сатып алу жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісін білдіретін мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға;
      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      кепіл ұстаушы - кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда кепілге алынған мүлік тиесілі тұлғаның басқа кредит берушілер алдында басым осы мүлкінің құнынан қанағаттануына құқығы бар кредит беруші.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.19 № 448 Қаулысымен.

2. Стратегиялық объектіні сатып алудың басым
құқығын пайдалану тәртібі

      3. Стратегиялық объект жеке меншікте болған және меншік иесі осы объектіні сатуға не кепіл ұстаушы кепілге алынған мүлікті соттан тыс тәртіппен сатуға, не сот актісінің негізінде стратегиялық объектіге өндіріп алуды айналдыруға ниет білдірген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі оған уәкілетті орган арқылы стратегиялық объектіні нарықтық құнымен сатып алуда басым құқыққа ие болады.
      Стратегиялық объектінің нарықтық құны бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес анықталады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.19 № 448 Қаулысымен.
      4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпашылық салу және оларды иеліктен айыру ережесіне сәйкес стратегиялық объектіні иеліктен айыруға рұқсат алу үшін берілген құжаттар түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалануы жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін қажетті материалдарды Комиссияның қарауына енгізеді.
      5. Комиссия жиырма жұмыс күні ішінде өтініштер мен өзге де материалдарды қарайды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалануы мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілетін хаттамамен ресімделетін тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді.
      6. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалануы туралы ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеген жағдайда сатып алушы, егер ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік орган болса, қажетті бюджет қаражатын бөлу негіздемесімен бірге бюджеттік өтінімді құрайды және оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға енгізеді.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік өтінім мен осы өтінім бойынша қорытындыны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      7. Республикалық бюджет комиссиясы бюджеттік өтінімді қарағаннан және бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысынан кейін тиісті шешім қабылдайды.
      8. Қазақстан Республикасының Үкіметі Комиссия ұсыныстары мен ұсынымдарының және Республикалық бюджет комиссиясы шешімдерінің негізінде ұсыныстарды алған сәттен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалануы туралы шешім қабылдайды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі дәлелді болуға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерін объективті түрде ескеруге тиіс.
      9. Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешімнің қорытындылары туралы уәкілетті орган шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде стратегиялық объектінің меншік иесін жазбаша түрде хабардар етеді.
      10. Қазақстан Республикасының Үкіметі стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдаланған жағдайда сатып алушы стратегиялық объектінің меншік иесімен не кепіл ұстаушымен келіссөздер процесіне бастамашылық етеді.
      Стратегиялық объектінің меншік иесі, сондай-ақ кепіл ұстаушы өзінде кепілге алынған мүлікті (стратегиялық объектіні) иеліктен шығаруға құқық туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тарта алады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.19 № 448 Қаулысымен.
      11. Бюджеттік рәсімдерді ескере отырып, стратегиялық объектілерді сатып алу мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалануы туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған сәттен бастап екі жылдан аспауға тиіс.