О признании классификационного общества DET NORSKE VERITAS AS (DNV) в области торгового мореплавания

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 ноября 2008 года N 1057. Утратил силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 ноября 2017 года № 758

      Сноска. Утратил силу постановлением Правительства РК от 20.11.2017 № 758

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 2 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 17 января 2002 года "О торговом мореплавании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Признать классификационное общество DET NORSKE VERITAS AS (DNV), осуществляющее техническое освидетельствование и классификацию судов, совершающих международное плавание.

      2. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан принять необходимые меры по выполнению настоящего постановления.

      3. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить в установленном порядке Генерального секретаря Международной морской организации (IMO) о признании Республикой Казахстан классификационного общества DET NORSKE VERITAS AS (DNV) в соответствии с пунктом 1 настоящего постановления.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы DET NORSKE VERITAS AS (DNV) сыныптау қоғамын тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы N 1057 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.11.2017 № 758 қаулысымен.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықаралық жүзуге шығатын кемелерді техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын DET NORSKE VERITAS AS (DNV) сыныптау қоғамы танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағына сәйкес Халықаралық теңіз ұйымының (ІМО) Бас хатшысын белгіленген тәртіппен DET NORSKE VERITAS AS (DNV) сыныптау қоғамын Қазақстан Республикасы тануы туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов