Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 758 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2017 жылғы 20 қарашадағы
№ 758 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы Lloyds Register Group (LR) сыныптау қоғамын тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 569 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 270-құжат).

      2. "Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы "Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі" сыныптау қоғамын тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 676 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 335-құжат).

      3. "Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы DET NORSKE VERITAS AS (DNV) сыныптау қоғамын тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1057 қаулысы.

      4. "Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы BUREAU VERITAS (BV) сыныптау қоғамын тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 1072 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 498-құжат).

      5. "Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы American Bureau of Shipping (ABS) сыныптау қоғамын тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 2061 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 501-құжат).

      6. "Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы "RINA S.p.a." сыныптау қоғамын тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 194 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 22, 273-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады