О внесении дополнения и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года № 1036

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2008 года № 1234. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1598

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2013 № 1598 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2005 года № 1036 "О взимании таможенных пошлин при вывозе с таможенной территории Республики Казахстан сырой нефти и товаров, выработанных из нефти" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 38, ст. 533) следующие дополнение и изменение:
      в пункте 2 после слова "сырья" дополнить словами "(далее - мониторинг цен)";
       пункт 3-1 изложить в следующей редакции:
      "3-1. Ставки таможенных пошлин на вывозимую с таможенной территории Республики Казахстан сырую нефть, установленные настоящим постановлением, не применяются в отношении:
      1) вывоза недропользователями сырой нефти, добытой ими по соглашениям (контрактам) о разделе продукции, заключенным с Правительством Республики Казахстан или компетентным органом до 1 января 2009 года и прошедшим обязательную налоговую экспертизу, и по контрактам на недропользование, утвержденным Президентом Республики Казахстан, в которых предусмотрено освобождение от уплаты вывозных таможенных пошлин на сырую нефть;
      2) вывоза сырой нефти, подлежащей обложению рентным налогом на экспортируемую сырую нефть с 1 января 2009 года.".
      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в двухнедельный срок уведомить Секретариат Интеграционного Комитета Евразийского экономического сообщества о принимаемых Правительством Республики Казахстан мерах регулирования внешнеторговой деятельности.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1234 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1598 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 38, 533-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
       2-тармақтағы "мониторингінің" деген сөзден кейін "(бұдан әрі - бағалар мониторингі)" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-1. Осы қаулымен белгіленген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнайға кедендік баж ставкалары:
      1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті түрде салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімдер (келісім-шарттар) бойынша және шикі мұнайға кедендік әкету баждары төлемінен босатуды көздейтін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдаланушыларға арналған келісім-шарттар бойынша олар өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;
      2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортталатын шикі мұнайға ренттік салық салуға жататын шикі мұнайды әкетуге қатысты қолданылмайды.".
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов