О проведении V Форума женщин Казахстана

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 марта 2009 года № 278

      В соответствии с распоряжением Президента Республики Казахстан от 30 декабря 2008 года № 289 "О мерах по сокращению административных расходов в центральных и местных государственных органах, холдингах, национальных компаниях, социально-предпринимательских корпорациях" и в целях проведения в городе Астане V Форума женщин Казахстана (далее - Форум) Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Управлению делами Президента Республики Казахстан (по согласованию) обеспечить проведение торжественного приема с оформлением места проведения приема, приобретение подарков и цветов для участниц Форума за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2009 год по программе 001 "Обеспечение деятельности Главы государства, Премьер-Министра и других должностных лиц государственных органов".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан әйелдерінің V Форумын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 278 Қаулысы

      "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 289 өкіміне сәйкес және Астана қаласында Қазақстан әйелдерінің V Форумын (бұдан әрі - Форум) өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қабылдау өткізу орнын безендіре отырып, салтанатты қабылдау өткізуді, Форумға қатысушыларға сыйлықтар мен гүлдер сатып алуды қамтамасыз етсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов