Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 289 Өкімі

      Бюджеттік қаражатты үнемдеу режимін күшейту және әлемдік қаржылық дағдарыстың Қазақстан Республикасы экономикасына әсерін жұмсарту мақсатында:

      1. Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға 2009 жылы:

      1) көлік құралдарын сатып алуға;

      2) қызметтік ғимараттар мен үй-жайларға күрделі жөндеу жүргізуге;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалған іс-шараларды қоспағанда, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен іс-шаралар (мерейтойлар мен салтанатты жиындар) өткізуге;

      4) қымбат тұратын кеңселік жиһаздар сатып алуға;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша өткізілетіндерден басқа, Астана қаласында кеңестер, семинарлар өткізуге;

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалған іссапарларды қоспағанда, лауазымды адамдардың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен шетелге іссапарға шығуына тыйым салынсын.

      2. Әкімшілік шығыстарды қысқарту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен іс-шараларды жүзеге асырсын және мынадай сипатта шаралар қабылдасын:

      1) холдингтерге, ұлттық компаниялар мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға 2009 жылы осы өкімнің 1-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға тыйым салсын;

      2) мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар белгіленген нормаларға сәйкес алып отырған алаңдарға түгендеу жүргізіп, басы артық қызметтік алаңдарды қысқарту жөнінде шаралар қабылдасын;

      3) босаған автокөлікті одан әрі сатып, тапқан қаражатты мемлекеттік бюджеттің кірісіне аудара отырып, қызметтік автомобилдердің лимитін қайта қарасын;

      4) мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың кеңселік жиһаздар, жанар-жағар май материалдарын сатып алуына және автокөлікті күтіп ұстауына кететін шығыстарға арналған нормалар әзірлеп, белгілесін;

      5) бұрын шығарылған актілерді осы өкімге сәйкестендірсін;

      6) осы өкімнен туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады