Об утверждении Правил осуществления контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства за деятельностью местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 2009 года № 1415. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 754

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 28.06.2012 № 864 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

            Примечание РЦПИ!
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 144.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства за деятельностью местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 28.06.2012 № 864 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      2. Настоящее постановление вводится в действие после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены          
постановлением Правительства 
Республики Казахстан     
от 21 сентября 2009 года № 1415

Правила
осуществления контроля и надзора уполномоченным государственным
органом по делам архитектуры, градостроительства и
строительства за деятельностью местных исполнительных органов в
сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 28.06.2012 № 864 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Правила осуществления контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства за деятельностью местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" и иными законодательными актами Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 28.06.2012 № 864 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      2. Настоящие Правила определяют порядок организации и проведения контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства (далее – уполномоченный орган) за деятельностью местных исполнительных органов по делам архитектуры, градостроительства и строительства (далее – местный орган).
      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правительства РК от 28.06.2012 № 864 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      3. Уполномоченный орган осуществляет контроль и надзор за деятельностью местных органов путем проведения проверок с выездом на место (далее - проверки).
      4. Целью осуществления проверок являются контроль и надзор за деятельностью местных органов, в том числе в части соблюдения градостроительной дисциплины и регламентов, порядка проведения экспертизы проектов, правил прохождения разрешительных процедур на строительство, а также правил приемки построенных объектов в эксплуатацию.
      Сноска. Пункт 4 в редакции постановления Правительства РК от 28.06.2012 № 864 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

2. Виды и порядок проведения проверок

      5. Виды проверок:
      1) плановая проверка - проверка, назначаемая уполномоченным органом в отношении местного органа на основании плана проверок, утвержденного уполномоченным органом, в соответствии с системой оценки рисков и с учетом установленных временных интервалов по отношению к предшествующим проверкам;
      2) внеплановая проверка - проверка, назначаемая уполномоченным органом в отношении местного органа с целью устранения непосредственной угрозы жизни и здоровью человека, окружающей среде, законным интересам физических и юридических лиц, государства.
      6. Основанием для проведения проверок является акт о назначении проверки уполномоченного органа (далее - акт), оформленный в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      7. В акте указываются:
      1) номер и дата акта;
      2) наименование уполномоченного органа;
      3) фамилия, имя, отчество (при его наличии) и должность лица (лиц), уполномоченного (ых) на проведение проверки;
      4) сведения о специалистах, консультантах и экспертах, привлекаемых для проведения проверки;
      5) наименование и местонахождение местного органа, фамилия, имя, отчество его руководителя;
      6) предмет назначенной проверки;
      7) права и обязанности проверяемого субъекта, предусмотренные статьей 27 Закона Республики Казахстан "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан";
      8) срок проведения проверки;
      9) правовые основания проведения проверки, в том числе нормативные правовые акты, обязательные требования которых подлежат проверке;
      10) проверяемый период;
      11) подпись лица, уполномоченного подписывать акты, и печать уполномоченного органа.
      8. Основанием для внеплановой проверки местных органов являются получение информации и обращений от физических и юридических лиц, государственных органов.
      9. Срок проведения проверок не должен превышать 30 календарных дней.
      10. Началом проведения проверок считается момент вручения местному органу акта.
      11. Уполномоченный орган уведомляет в письменном виде местный орган о начале проведения плановой проверки не менее чем за тридцать календарных дней до начала самой проверки с указанием сроков и предмета проведения проверки.
      При проведении внеплановой проверки, Уполномоченный орган уведомляет местный орган о начале проведения внеплановой проверки не менее чем за сутки до начала самой проверки с указанием предмета проведения проверки.
      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 28.06.2012 № 864 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      12. По результатам проверок местных органов оформляется акт о результатах проверки.
      13. Дата представления акта о результатах проверки в местный орган является завершением проверки.
      14. Контроль и надзор путем проведения иных форм контроля и надзора осуществляется в соответствии с законами Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" и от 6 января 2011 года "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан".

3. Принятие мер по результатам проверки

      15. При выявлении нарушений уполномоченный орган направляет предписание местному органу по устранению допущенных нарушений законодательства в области архитектуры, градостроительства и строительства.
      16. Решение, указанное в пункте 15 настоящих Правил, принимается в срок, не превышающий 10 рабочих дней с даты завершения проверки.
      17. Предписания уполномоченного органа обязательны для исполнения местными органами в установленные сроки (не более 30 календарных дней).
      18. В случае неисполнения местными органами предписаний, уполномоченный орган действует в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      19. Лица, виновные в нарушении настоящих Правил, несут ответственность, установленную законами Республики Казахстан.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 1415 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 864 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 864 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
N 1415 қаулысымен    
бекітілген      

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 864 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленген.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 864 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы Қағидалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – жергілікті орган) қызметіне сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 864 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Уәкілетті орган жергілікті жерге барып, тексеру жүргізу жолымен (бұдан әрі - тексерулер) жергілікті органдардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
      4. Тексеруді жүзеге асырудың мақсаты жергілікті органдардың, оның ішінде қала құрылысы тәртібі мен регламенттерін, жобаларға сараптама жүргізу тәртібін, құрылысқа рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын, сондай-ақ салынған объектілерді пайдалануға қабылдау қағидаларын сақтау бөлігінде қызметін бақылау мен қадағалау болып табылды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 864 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. Тексерулер жүргізу түрлері және тәртібі

      5. Тексерулердің түрлері:
      1) жоспарлы тексеру - уәкілетті орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып бекіткен тексерулердің жоспары негізінде жергілікті органға қатысты уәкілетті орган тағайындайтын тексеру;
      2) жоспардан тыс тексеру - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей төнген қатерді жою мақсатында жергілікті органға қатысты уәкілетті орган тағайындайтын тексеру.
      6. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген уәкілетті органның тексеруді тағайындау туралы актісі (бұдан әрі - акт) тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
      7. Актіде:
      1) актінің нөмірі мен күні;
      2) уәкілетті органның атауы;
      3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы;
      4) тексерулер жүргізуге тартылған мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
      5) жергілікті органның атауы және орналасқан жері, оның басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
      6) тағайындалған тексерудің мәні;
      7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабында көзделген тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;
      8) тексеру жүргізу мерзімі;
      9) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
      10) тексерілетін кезең;
      11) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және уәкілетті органның мөрі көрсетіледі.
      8. Жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан ақпарат және өтініштер алу жергілікті органдарды жоспардан тыс тексеру үшін негіз болып табылады.
      9. Тексерулерді жүргізу мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      10. Жергілікті органға акт берілген сәттен бастап тексеруді жүргізу басталды деп есептеледі.
      11. Уәкілетті орган тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жоспарлы тексерудің басталғаны туралы жергілікті органды жазбаша түрде хабардар етеді.
      Жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде уәкілетті орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы жергілікті органды хабардар етеді.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 864 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Жергілікті органдарды тексерулердің нәтижелері бойынша тексерулердің нәтижелері туралы акт ресімделеді.
      13. Жергілікті органға тексерулердің нәтижелері туралы акт берілген күні тексерудің аяқталуы болып табылады.
      14. Өзге де бақылау мен қадағалау түрлерін жүргізу арқылы бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Тексеру нәтижелері бойынша шаралар қабылдау

      15. Бұзушылықтар анықталған кезде уәкілетті орган жергілікті органға жол берілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама жібереді.
      16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шешім тексеру аяқталған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылданады.
      17. Уәкілетті органның нұсқамалары белгіленген мерзімде (30 күнтізбелік күннен аспайтын) жергілікті органдардың орындауы үшін міндетті.
      18. Жергілікті органдар нұсқамаларды орындамаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет етеді.
      19. Осы Қағидаларды бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгендей жауапты болады.