Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау, лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 21 қыркүйектегi № 1415 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 383-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау, лицензиялау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – жергілікті орган) қызметіне сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тексеруді жүзеге асырудың мақсаты жергілікті органдардың, оның ішінде қала құрылысы тәртібі мен регламенттерін, жобаларға сараптама жүргізу тәртібін, құрылысқа рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын, сондай-ақ салынған объектілерді пайдалануға қабылдау қағидаларын сақтау бөлігінде қызметін бақылау мен қадағалау болып табылды.»;
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Уәкілетті орган тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жоспарлы тексерудің басталғаны туралы жергілікті органды жазбаша түрде хабардар етеді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов