О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 августа 2011 года № 914

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 4 августа 2011 года № 914

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.12.2014 № 1324 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 15.04.2015 № 238.
      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 2006 года № 329 "Вопросы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 15, ст. 145):
      в Положении о Министерстве туризма и спорта Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в пункте 14:
      абзац тридцать первый исключить;
      дополнить абзацами следующего содержания:
      "утверждает формы обязательной ведомственной отчетности, проверочных листов, критерии оценки степени риска, ежегодные планы проверок в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан";
      утверждает Правила организации деятельности субъектов физкультурного (физкультурно-спортивного) движения;
      по согласованию с уполномоченным органом в области здравоохранения утверждает Правила организации деятельности врачебно-физкультурных диспансеров и центров спортивной медицины и реабилитации;
      утверждает Правила соревнований по видам спорта;
      утверждает Правила перехода спортсмена из одной физкультурно-спортивной организации, физкультурно-спортивного общества (спортивного клуба) в другие физкультурно-спортивную организацию, физкультурно-спортивное общество (спортивный клуб);
      осуществляет контроль на предмет соблюдения стандартов, правил и норм по эксплуатации, техническому обслуживанию спортивных объектов;
      осуществляет реализацию гендерной политики;
      рассматривает жалобы, протест на постановление по делу об административном правонарушении и выносит решение.";
      в пункте 15:
      абзац двадцать третий изложить в следующей редакции:
      "аккредитацию республиканских общественных объединений, осуществляющих деятельность по видам спорта;";
      дополнить абзацами следующего содержания:
      "разработку форм обязательной ведомственной отчетности, проверочных листов, критерии оценки степени риска, ежегодные планы проверок в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О государственном контроле и надзоре в Республике Казахстан";
      назначение и освобождение от должности главных и государственных тренеров по видам спорта;
      утверждение учебно-тренировочных программ и этапов учебно-тренировочного процесса в физкультурно-спортивных и детско-юношеских спортивных организациях.";
      в пункте 20:
      в подпункте 6) слово "Министерства." заменить словом "Министерства;";
      дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      "7) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в Министерстве, и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер.".

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 4 августа 2011 года № 914

      Сноска. Приложение утратило силу постановлением Правительства РК от 15.04.2015 № 238.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 914 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2011 жылғы 4 тамыздағы
№ 914 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1324 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2015 № 238 қаулысымен.
      3. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақта:
      отыз бірінші абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын бекітеді;
      Дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорттық) қозғалысы субъектілерінің қызметін ұйымдастыру қағидасын бекітеді;
      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері мен спорттық медицина және оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру қағидасын бекітеді;
      Спорт түрлері бойынша жарыстар қағидасын бекітеді;
      Спортшының бір дене шынықтыру-спорттық ұйымынан, дене шынықтыру-спорттық қоғамынан (спорттық клубтан) басқа дене шынықтыру-спорттық ұйымына, дене шынықтыру-спорттық қоғамына (спорттық клубқа) өту қағидасын бекітеді;
      спорт объектілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету жөніндегі нормалардың, ережелер мен стандарттардың сақталу тұрғысына бақылауды жүзеге асырады;
      гендерлік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады;
      әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымдарды, наразылықты қарайды және шешімдер шығарады.»;
      15-тармақта:
      жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «спорт түрлері бойынша қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу;»;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу;
      спорт түрлері бойынша бас және мемлекеттік жаттықтырушыларды қызметке тағайындау және босату;
      дене шынықтыру-спорттық және балалар мен жасөспірімдер спорттық ұйымдарында оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесінің кезеңдерін бекіту.»;
      20-тармақта:
      6) тармақшада «бекітеді.» деген сөз «бекітеді;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға жеке жауапты болады.».

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 4 тамыздағы
№ 914 қаулысына  
қосымша   

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1288 қаулысымен  
бекiтiлген  

Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидаcы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидаcы (бұдан әрi - Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредитеуден өткізу:
      аккредиттеуді өткізу үшін құжаттарды беру, оларды қарау және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) аккредиттеу туралы куәлікті беру тәртібін айқындайды.
      2. Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктер (бұдан әрi - бiрлестiк) Қазақстан Республикасының атынан тиiстi халықаралық ұйымдарда қатысушы болу құқықтарын таныту мақсатында аккредиттеуден өтедi.
      3. Бірлестіктерді аккредиттеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      4. Аккредиттеудi тиiмдi жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi органның жанынан Аккредиттеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады.
      Комиссияның құрамына уәкiлеттi органның мамандары және дене-шынықтыру-спорт ұйымдарының өкiлдерi кіреді. Комиссияның құрамы уәкiлеттi органның бірінші басшысының немесе оның мiндеттерін атқарушы адамның бұйрығымен бекiтiледi.

2. Аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi

      5. Бiрлестiк аккредиттеу туралы куәлiк (бұдан әрі - куәлік) алу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеудi өткiзу мен куәлiк беруге арналған өтiнiш;
      2) бірлестіктің құрылтай құжаттары мен заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірлемелері (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылған кезде) немесе олардың нотариалды расталған көшiрмелерi (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған кезде);
      3) бірлестіктің Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің аумағында орналасқан филиалдарының ережелері мен оларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылған кезде) немесе олардың нотариалды расталған көшiрмелерi (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған кезде);
      4) спорт түрлері бойынша бағдарламаларды iске асыруға бiрлестiктiң қатысуы туралы ақпарат;
      5) дене шынықтыру және спорт салаласындағы мамандануы бойынша жоғарғы кәсіби немесе орта кәсіби білімі бар бiлiкті кадрлардың бар екендігі туралы дипломдардың көшірмелері;
      6) спорттық секциялар, клубтар, топтар саны және оларда осы спорт түрімен шұғылданатындар саны туралы ақпараттық анықтама.
      6. Уәкiлеттi органның құжаттарды қарау, куәлік беру немесе бас тарту туралы шешiмдер қабылдау мерзiмi өтініш берілген сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиiс.
      7. Бiрлестiк ұсынған құжаттарды қарау оның Ережесiне сәйкес Комиссияның отырысында жүзеге асырылады.
      8. Комиссия бiрлестiктiң құжаттарын зерделеу қорытындылары бойынша уәкілетті орган аккредиттеу (немесе аккредиттеуден бас тарту) туралы және куәлiк беру (беруден бac тарту) туралы шешім қабылдайды.
      9. Аккредиттеуден өткен бiрлестiкке уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша 4 жыл мерзiмге тиiстi куәлiк берiледi.
      10. Мынадай жағдайларда куәлiк беруден бас тартылады:
      1) осы Қағиданың 5-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса;
      2) куәлiк алу үшiн бiрлестік ұсынған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған ақпарат бар болса.

3. Куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату

      11. Уәкiлеттi орган өзінің бұйрығымен куәлiктiң қолданылуын аккредиттеу алу үшiн ұсынылған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тоқтата тұрады.
      12. Алты ай ішінде бiрлестiк уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды жояды. Аталған мерзім куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде айтылады.
      13. Куәлiктiң қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар уақтылы жойылған кезде, оның қолданылуы Комиссияның ұсынымы негізінде уәкілетті орган бұйрыққа қол қойылған күннен бастап қайтадан бастайды.
      14. Уәкiлеттi орган куәлiктің қолданылуын тоқтату туралы бұйрықты бес жұмыс күні ішінде мынадай жағдайларда шығарады:
      1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;
      2) куәлiктiң қолданылуы тоқтатылған осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес себептер жойылмағанда;
      3) бiрлестiк куәлiктiң қолданылуын тоқтату туралы өтiнiш бергенде;
      4) оның қолданылу мерзiмi аяқталғанда;
      5) бірлестіктің күнтізбелік жыл ішінде республикалық (чемпионаттар, біріншіліктер, Республика кубоктары) және халықаралық (Олимпиада, Азия ойындары, чемпионаттар, біріншіліктер, Әлем, Азия, Еуропа кубоктары) жарыстарға қатыспауы;
      6) бірлестіктердің құзыретсіздігі және әрекетсіздігі туралы дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық (Астана және Алматы қалалары) жергілікті атқарушы органдардың жартысының көбінен ұсынымдардың келіп түсуі.

4. Қорытынды ережелер

      15. Бiрлестiкте куәлiктiң қолданылу кезеңiнде қайта ұйымдастырылу жүргiзiлген кезде бірлестік, бiр ай мерзiмде уәкiлеттi органға енгізілген өзгерістерімен бірге құрылтай құжаттардың көшірмелерін және салық органына есепке қою туралы куәлікті (шынайылығын растау үшін түпнұсқа ұсынылған жағдайда) немесе олардың нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.
      16. Бiрлестiк өзiнiң атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, он бес жұмыс күні ішінде уәкiлеттi органға бұл туралы хабарлайды және осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, куәлiктi қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.
      17. Куәлiк жоғалған немесе бүлінген кезде уәкiлеттi орган өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтiнiш негiзiнде бiрлестiкке куәлiктiң телнұсқасын бередi.
      18. Уәкiлеттi орган куәлiктердiң бланкiлерiн жасауды, оларды есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етедi.
      19. Бiрлестiкті аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкін.