Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесін одан әрі ретке келтiру және оның тиiмділігiн арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 27 наурыздағы N 73 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған:
      1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.02.20 № 244 Қаулысымен.
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.02.20 № 244 Қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.02.20 № 244 Қаулысымен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетi құрылсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.26 № 846 Қаулысымен.
      5. Қоса берiліп отырған:
      1) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      2) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.02.20 № 244 Қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.02.20 № 244 Қаулысымен.
      6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      7. Мыналар:
      1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақтуринвест" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын;
      қоғам қызметінің негiзгi түрлері мыналар болып белгiленсiн:
      туризм инфрақұрылымының құрылысын, оның iшiнде туристердi, көлікті, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiн, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарын, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге мақсаттағы объектілердi орналастыру орындарын жоспарлау;
      туризм индустриясы объектiлерiн салу үшін қажеттi инженерлiк коммуникацияларды (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, байланыс) салу және жүргізу;
      2) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын;
      қоғам қызметінің негiзгi түрлері мыналар болып белгіленсiн:
      туризм және спорт объектiлерiн ұстау, оларға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу;
      туристiк қызметтер мен туристiк өнімдердің маркетингi;
      жарнамалық, анықтамалық, әдістемелік өнімдер шығару және өндiру;
      кәдесый және басқа да туристiк өнімдер жасау, спорттық жабдықпен, мүкәммалмен және киiммен қамтамасыз ету.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне заңнамада белгіленген тәртiппен қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға  арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлсiн.
      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне берсiн;
      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiмен бiрлесiп:
      1) қоғамдардың жарғылық капиталын осы қаулының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражаттан 200000000 (екi жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;
      2) қоғамдардың Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
      10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi белгiленген тәртiппен қоғамдардың директорлар кеңесiн қалыптастырсын.
      11. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi осы қаулының іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен  
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
туралы ереже

      Ескерту. Ереже  алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.02.20 № 244 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң      
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен  
бекiтiлген  

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.02.20 № 244 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен   
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi туралы ереже

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт
комитетінің құрылымы

      Ескерту. Құрылым алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
 


Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2006 жылғы 26 сәуiрдегі
N 329 қаулысымен    
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi
Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.02.20 № 244 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің қарамағындағы ұйымдардан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің қарамағына қайта ұйымдастырылатын ұйымдардың тiзбесi

1. Мемлекеттiк мекемелер

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесiне.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесiне.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің Риддер қаласындағы "Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің Риддер қаласындағы "Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесiне.

2. Мемлекеттiк кәсiпорындар

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Спорттың бұқаралық және қысқы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Спорттың бұқаралық және қысқы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Су спортының және спорттың қолданбалы түрлерi бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк  мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Су спортының және спорттың қолданбалы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлiк мектебi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Республикалық спорт колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Республикалық спорт колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      7. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      8. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Штаттық ұлттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Штаттық ұлттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      9. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнына.
      10. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      11. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      12. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      13. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      14. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің Алматы қаласындағы "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің Алматы қаласындағы "Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнына.
      15. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны, (шаруашылық жүргізу құқығындағы) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Олимп" спорт-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (шаруашылық жүргізу құқығындағы).

3. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер

      16. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетінің "Спорт & KS" газетiнiң редакциясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi Спорт комитетінің "Спорт  & КS" газетiнiң редакциясы" жауапкершілігi шектеулi серiктестiгiне.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен   
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетi туралы ереже

      Ескерту. Ереже алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2006 жылғы 26 сәуiрдегi
N 329 қаулысымен   
бекiтiлген      

      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің құрылымы

      Ескерту. Құрылым алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.22 N 974 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2006 жылғы 26 сәуірдегi
N 329 қаулысымен   
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 21-72, 21-73, 21-74-жолдармен толықтырылсын:
      "21-72. "Қазақтуринвест" АҚ;
      21-73. "Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" АҚ;
      21-74. "SPORT&ks" газетiнiң редакциясы" ЖШС".
      4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
      көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiмдермен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне
      297 "Қазақтуринвест" АҚ;
      298 "Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету" АҚ;
      Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетiне
      299 "SPORT&ks газетiнiң редакциясы" ЖШС".
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.04.15  N 339 Қаулысымен.
      6. "Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлердi жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 26, 327-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Туризм" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөніндегі жоспарда:
      реттiк нөмiрлерi 13, 15, 16, 26, 27, 36 және 37-жолдардың 3 және 4-бағандарындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ТСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      ескертпеде:
      "ККМ - Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "ТСМ - Туризм және спорт министрлiгi".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады