Об условиях предоставления бюджетного кредита акционерному обществу "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" для предоставления предварительных и промежуточных жилищных займов в рамках Программы жилищного строительства в Республике Казахстан на 2011-2014 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2012 года № 709

      В соответствии с постановлениями Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1428 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2012-2014 годы», от 31 марта 2011 года № 329 «Об утверждении Программы жилищного строительства в Республике Казахстан на 2011-2014 годы» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые условия предоставления бюджетного кредита акционерному обществу «Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана» для предоставления предварительных и промежуточных жилищных займов в рамках Программы жилищного строительства в Республике Казахстан на 2011-2014 годы.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан (кредитор), Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства (администратор бюджетных программ) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) заключение кредитного договора с акционерным обществом «Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана»;
      2) контроль за целевым использованием бюджетного кредита.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 31 мая 2012 года № 709

Условия предоставления бюджетного кредита акционерному обществу
«Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана» для
предоставления предварительных и промежуточных жилищных займов
в рамках Программы жилищного строительства в Республике
Казахстан на 2011-2014 годы

      Для предоставления кредита акционерному обществу «Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана» (далее – заемщик) устанавливаются следующие условия:
      1) кредит предоставляется заемщику для предоставления предварительных и промежуточных жилищных займов в сумме 12200000000 (двенадцать миллиардов двести миллионов) тенге на условиях срочности, платности и возвратности сроком на 11 (одиннадцать) лет, по ставке вознаграждения, равной 1 (один) процент годовых;
      2) заемщик предоставляет предварительные и промежуточные жилищные займы участникам Программы жилищного строительства в Республике Казахстан на 2011–2014 годы за счет кредита и собственных средств в пропорции 1:1;
      3) конечные ставки вознаграждения для участников Программы по предварительным и промежуточным жилищным займам не должны превышать 9 (девять) процентов годовых и 8 (восемь) процентов годовых соответственно;
      4) выделение из республиканского бюджета кредита осуществляется путем единовременного перечисления всей суммы кредита на корреспондентский счет заемщика;
      5) период освоения составляет 3 (три) года со дня перечисления кредита на корреспондентский счет заемщика;
      6) выплата начисленного вознаграждения по кредиту осуществляется с полугодовой периодичностью. Первая выплата начисленного вознаграждения производится по истечении шести месяцев с даты перечисления кредита кредитором;
      7) погашение основного долга по кредиту осуществляется заемщиком единовременно по истечении срока кредита, представленного в подпункте 1) Условий предоставления бюджетного кредита акционерному обществу «Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана» для предоставления предварительных и промежуточных жилищных займов в рамках Программы жилищного строительства в Республике Казахстан на 2011-2014 годы.

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшiн "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 709 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428, «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшiн «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (кредитор), Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамымен кредит шартын жасасуды;
      2) бюджеттік кредиттің мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 709 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшiн «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттары

      «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
      1) алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшiн қарыз алушыға 12200000000 (он екі миллиард екі жүз миллион) теңге сомасындағы кредит мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шартымен 1 (бір) пайызға тең жылдық сыйақы ставкасы бойынша 11 (он бір) жыл мерзімге беріледі;
      2) қарыз алушы 1:1 пропорцияда кредит және меншікті қаражат есебінен Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасына қатысушыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын береді;
      3) Бағдарламаға қатысушылар үшін алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақының түпкілікті ставкасы тиісінше жылдық 9 (тоғыз) пайыздан және жылдық 8 (сегіз) пайыздан аспауы тиіс;
      4) республикалық бюджеттен кредит бөлу қарыз алушының корреспонденттік шотына кредиттің барлық сомасын біржолғы аудару арқылы жүзеге асырылады;
      5) кредитті игеру кезеңі қарыз алушының корреспонденттік шотына кредит аударылған күннен бастап 3 (үш) жылды құрайды;
      6) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жартыжылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғашқы төлеу кредитор кредитті аударған күннен бастап алты ай өткен соң жүргізіледі;
      7) кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшiн «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарының 1) тармақшасында ұсынылған кредиттің мерзімі өткен соң біржолы жүзеге асырады.