О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 1997 года № 926 "О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Государственный центр по выплате пенсий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2012 года № 1577

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики от 4 июня 1997 года № 926 «О создании Республиканского государственного казенного предприятия «Государственный центр по выплате пенсий» (САПП Республики Казахстан, 1997 г., № 24, ст. 217) следующее изменение:
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Основными видами деятельности Предприятия определить:
      1) организацию и осуществление выплат пенсий, пособий, единовременных и иных выплат в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      2) присвоение социальных индивидуальных кодов;
      3) формирование базы данных вкладчиков (получателей) по обязательным пенсионным взносам и единого списка физических лиц, заключивших договор о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов, в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан;
      4) определение размера обязательных пенсионных взносов, фактически внесенных вкладчиком на момент приобретения права на пенсионные выплаты, с учетом прогнозного уровня инфляции на следующий финансовый год;
      5) персонифицированный учет обязательных пенсионных взносов;
      6) перевод обязательных пенсионных взносов и (или) пени от агентов в накопительные пенсионные фонды, возврат агентам излишне (ошибочно) уплаченных сумм пенсионных взносов и (или) пени по ним;
      7) возврат агенту обязательных пенсионных взносов лиц, не заключивших договора о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов и (или) не имеющих свидетельства о присвоении социального индивидуального кода, и (или) в реквизитах которых допущены ошибки;
      8) направление электронных уведомлений в накопительные пенсионные фонды о переводе пенсионных накоплений и осуществление перевода пенсионных накоплений вкладчиков (получателей), сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, из одного накопительного пенсионного фонда в другой;
      9) оформление отказов во внесении сведений в единый список физических лиц, заключивших договор о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов, в случае, если в течение года вкладчик (получатель) дважды заключал договор о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов, а также в случае, установленном пунктом 4-1 статьи 45-2 Закона Республики Казахстан от 20 июня 1997 года «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан»;
      10) взаиморасчеты по обязательствам накопительных пенсионных фондов, возникшим при переводе пенсионных накоплений вкладчиков (получателей), в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан;
      11) формирование и представление в уполномоченный орган, осуществляющий руководство в сфере обеспечения поступления налогов и других обязательных платежей в бюджет, реестров платежных документов агентов по перечисленным на счет Центра и возвращенным агенту из Центра суммам обязательных пенсионных взносов;
      12) формирование макета дел получателей пенсий, пособий, единовременных и иных выплат в соответствии с законодательством Республики Казахстан для назначения выплаты органом, назначающим пенсионные и социальные выплаты из Центра;
      13) формирование централизованной базы данных и персонифицированный учет получателей пенсий, пособий, единовременных и иных выплат;
      14) переводы обязательных пенсионных взносов и (или) пени за задержку переводов обязательных пенсионных взносов из накопительного пенсионного фонда в другой накопительный пенсионный фонд;
      15) взаимодействие с агентами и накопительными пенсионными фондами по вопросам учета, перевода, возврата обязательных пенсионных взносов и (или) пени по ним;
      16) организацию мероприятий по обеспечению работоспособности единой информационной системы центрального исполнительного органа;
      17) предоставление информационных услуг физическим и юридическим лицам по видам деятельности Центра с учетом требований законодательства Республики Казахстан по обеспечению сохранности тайны пенсионных накоплений;
      18) персонифицированный учет и формирование централизованной базы данных обязательных социальных отчислений и социальных выплат участников системы обязательного социального страхования;
      19) организацию социальных выплат из средств Государственного фонда социального страхования;
      20) взаимодействие с уполномоченным органом по назначению социальных выплат по вопросам приема документов, формирования макетов дел на назначение, перерасчетов социальных выплат из Государственного фонда социального страхования;
      21) предоставление информационных услуг участникам системы обязательного социального страхования в соответствии с видами деятельности Центра с учетом требований законодательства Республики Казахстан по обеспечению конфиденциальности информации о состоянии и движении социальных отчислений и социальных выплат;
      22) осуществление переводов обязательных социальных отчислений и (или) пени от плательщиков в Государственный фонд социального страхования, возвратов плательщикам излишне (ошибочно) уплаченных сумм социальных отчислений и (или) пени по ним;
      23) организацию и перечисление в накопительные пенсионные фонды сумм 10 % обязательных пенсионных взносов, удержанных из социальных выплат из средств Государственного фонда социального страхования;
      24) формирование и представление в уполномоченный орган, осуществляющий руководство в сфере обеспечения поступлений налогов и других обязательных платежей в бюджет, реестров поступивших и возвращенных социальных отчислений плательщиков;
      25) осуществление возвратов плательщику сумм социальных отчислений лиц, не имеющих свидетельства о присвоении социального индивидуального кода, и (или) в реквизитах которых допущены ошибки;
      26) иные виды деятельности, предусмотренные законами Республики Казахстан.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 1577 Қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 217-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақылар, жәрдемақылар төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      2) әлеуметтiк жеке кодтар беру;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлеген тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және міндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру;
      4) салымшының зейнетақы төлемдерін алу құқығына болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау;
      5) мiндеттi зейнетақы жарналарын дербестендірілген есепке алу;
      6) мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару, зейнетақы жарналарының артық (қате) төленген сомаларын және (немесе) олар бойынша өсімпұлды агенттерге қайтару;
      7) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған және (немесе) әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiгi жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын агентке қайтару;
      8) жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы жинақтарын аудару туралы электронды хабарламаларды жіберу және салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударуды жүзеге асыру;
      9) салымшы (алушы) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жылына екі рет жасасқан жағдайда, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 45-2-бабының 4-1-тармағында белгіленген жағдайда міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың мәліметтерін бірыңғай тізімге енгізуден бас тартуды ресімдеу;
      10) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аудару кезінде туындаған жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша өзара есеп айырысу;
      11) агенттердiң Орталық есебiне аударған және Орталықтан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары бойынша тiзілімдерін қалыптастыру және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға табыс ету;
      12) Орталықтан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын органның төлемдерді тағайындауы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақылар, жәрдемақылар, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар істерінің макеттерін қалыптастыру;
      13) зейнетақылар, жәрдемақылар, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру және оларды дербестендірілген есепке алу;
      14) міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын аударуды кешіктіргені үшін өсімпұлды бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;
      15) міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша агенттермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара іс-қимыл жасау;
      16) орталық атқарушы органның бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
      17) Қазақстан Республикасы заңнамасының зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Орталықтың қызмет түрлері бойынша ақпараттық қызметтер ұсыну;
      18) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың міндетті әлеуметтiк аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алу және олардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру;
      19) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру;
      20) құжаттар қабылдау, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындауға, қайта есептеуге арналған істер макеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара іс-қимыл жасау;
      21) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Орталықтың қызмет түрлеріне сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық қызметтер ұсыну;
      22) төлеушілерден түскен міндетті әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударуды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын және (немесе) олар бойынша өсімпұлды төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру;
      23) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражатынан төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталынған міндетті зейнетақы жарналарының 10 % сомасын ұйымдастыру және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару;
      24) төлеушілерден түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың тізілімдерін қалыптастыру және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсыну;
      25) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлігі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген тұлғалардың әлеуметтік аударымдарының сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асыру;
      26) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлері болып айқындалсын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов