БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылғы 11 желтоқсанда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» (бұдан әрі - қаулысы) № 1577 қаулысын қабылдады.
Қаулы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 160 өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру үшін қабылдануға тиіс Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен басқа да актілері тізбесінің 23-тармағына сәйкес әзірленді.
Жоғарыда аталған қаулы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі заңдарында регламенттелген «ЗТМО» РМҚК қызметінің түрлерін нақтылайды.
Қаулыны қабылдау әлеуметтік - экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрлігі