О подписании Меморандума между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в области создания системы экстренного реагирования при авариях с использованием системы ЭРА-ГЛОНАСС и возможности развития на ее основе дополнительных навигационно-информационных услуг в сфере транспорта

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2012 года № 1610

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Одобрить прилагаемый проект Меморандума между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в области создания системы экстренного реагирования при авариях с использованием системы ЭРА-ГЛОНАСС и возможности развития на ее основе дополнительных навигационно-информационных услуг в сфере транспорта.
      2. Уполномочить Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Келимбетова К.Н. подписать от имени Правительства Республики Казахстан Меморандум между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в области создания системы экстренного реагирования при авариях с использованием системы ЭРА-ГЛОНАСС и возможности развития на ее основе дополнительных навигационно-информационных услуг в сфере транспорта.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Одобрен          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 15 декабря 2012 года № 1610

Проект

Меморандум
между Правительством Республики Казахстан
и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в
области создания системы экстренного реагирования при авариях с
использованием системы ЭРА-ГЛОНАСС и возможности развития на ее
основе дополнительных навигационно-информационных услуг
в сфере транспорта

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации (далее именуемые Сторонами) пришли к взаимопониманию о нижеследующем:
      1. Стороны намерены развивать на своих территориях рынок навигационно-информационных услуг и товаров на основе системы ЭРА-ГЛОНАСС.
      2. Стороны не накладывают ограничения на использование других глобальных навигационных спутниковых систем.
      3. Стороны заинтересованы в создании на своих территориях систем, функционирующих на основе системы ЭРА–ГЛОНАСС и обеспечивающих повышение уровня безопасности на автомобильных дорогах, эффективности деятельности служб экстренного реагирования при авариях и других чрезвычайных ситуациях на автомобильном транспорте.
      4. Стороны намерены осуществлять согласованные действия с целью внесения изменений в Технический регламент Таможенного союза о безопасности колесных транспортных средств, утвержденный решением Комиссии Таможенного союза от 9 декабря 2011 г. № 877, в части обязательности оснащения транспортных средств автомобильной системой (терминалом) вызова оперативных служб, с их вступлением в силу с 1 января 2015 г.
      5. Стороны сотрудничают в следующих направлениях:
      осуществление научно-исследовательских, технологических и экспериментальных программ, проектов по созданию и освоению инновационных технологий, предусматривающих использование ЭРА-ГЛОНАСС;
      оказание консультационных услуг в области создания навигационно-информационных услуг на основе системы ЭРА-ГЛОНАСС;
      развитие инфраструктуры рынка навигационных услуг, определение пилотных зон реализации соответствующих инвестиционных проектов на территориях Сторон;
      дополнительное рассмотрение возможных вариантов использования технологий ГЛОНАСС в транспортном комплексе;
      обмен информацией и техническими данными о навигационно-информационных системах и оборудовании, используемыми технологиями системы ЭРА-ГЛОНАСС;
      обмен опытом и знаниями, накопленными Сторонами в соответствующих сферах деятельности, посредством участия представителей сторон в научно-методических семинарах, научно-практических конференциях, организуемых любой из Сторон;
      любые другие виды сотрудничества, согласованные Сторонами.
      6. Компетентными органами, ответственными за осуществление сотрудничества, предусмотренного настоящим Меморандумом, являются:
      от Российской Стороны – Министерство транспорта Российской Федерации;
      от Казахстанской Стороны – Министерство транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.
      7. Для осуществления специализированных видов деятельности в рамках настоящего Меморандума Сторонами назначаются организации, являющиеся субъектами частного права Сторон (далее – назначенные организации). Назначенными организациями являются:
      от Российской Стороны – федеральный сетевой оператор в сфере навигационной деятельности – некоммерческое партнерство «Содействие развитию и использованию навигационных технологий» (НП «ГЛОНАСС»);
      от Казахстанской Стороны – акционерное общество «Казахтелеком».
      8. Настоящий Меморандум не влечет юридических и финансовых обязательств по совместной деятельности Сторон.
      9. Стороны также исходят из того, что никакие действия в рамках данного Меморандума не должны ущемлять какие-либо полномочия и права ни одной из Сторон.
      10. Настоящий Меморандум применяется с даты подписания обеими Сторонами и заключается на неопределенный срок.

      Совершено в городе Москве 19 декабря 2012 года в двух подлинных экземплярах, каждый на русском и казахском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.

За Правительство
Казахстан

За Правительство
Российской Федерации

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы ЭРА-ГЛОНАСС жүйесін пайдалана отырып, авария кезінде шұғыл ден қою жүйесін құру және оның негізінде көлік саласында қосымша навигациялық-ақпараттық қызметтерді дамыту мүмкіндігі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 желтоқсандағы № 1610 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы ЭРА-ГЛОНАСС жүйесін пайдалана отырып, авария кезінде шұғыл ден қою жүйесін құру және оның негізінде көлік саласында қосымша навигациялық-ақпараттық қызметтерді дамыту мүмкіндігі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетовке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы ЭРА-ГЛОНАСС жүйесін пайдалана отырып, авария кезінде шұғыл ден қою жүйесін құру және оның негізінде көлік саласында қосымша навигациялық-ақпараттық қызметтерді дамыту мүмкіндігі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2012 жылғы 15 желтоқсандағы 
№ 1610 қаулысымен      
мақұлдаған        
Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы ЭРА-ГЛОНАСС жүйесін пайдалана отырып, авария кезінде шұғыл ден қою жүйесін құру және оның негізінде көлік саласында қосымша навигациялық-ақпараттық қызметтерді дамыту мүмкіндігі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталатын) төмендегілер туралы өзара түсіністікке келді:
      1. Тараптар өз аумақтарында ЭРА-ГЛОНАСС жүйесі негізінде навигациялық-ақпараттық қызметтерді және тауарларды дамытуға ниеттеніп отыр.
      2. Тараптар басқа жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйелерді пайдалануға шектеу қоймайды.
      3. Тараптар өз аумақтарында ЭРА-ГЛОНАСС жүйесі негізінде жұмыс істейтін және автомобиль жолдарында жоғары қауіпсіздік деңгейін, автомобиль көлігінде авариялар және басқа да төтенше жағдайлар кезінде шұғыл ден қою қызметтері жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін жүйелерді құруға мүдделі.
      4. Тараптар Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы Кеден одағының Техникалық регламентіне көлік құралдарын жедел қызметтерді шақырудың автомобильдік жүйесімен (терминалымен) жарақтаудың міндеттілігі бөлігінде өзгерістер енгізу, оларды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізу мақсатында келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыруға ниеттеніп отыр.
      5. Тараптар мынадай бағыттарда ынтымақтасады:
      ЭРА-ГЛОНАСС пайдалануды көздейтін ғылыми-зерттеу, технологиялық және эксперименттік бағдарламаларды, инновациялық технологияларды жасау және игеру бойынша жобаларды жүзеге асыру;
      ЭРА-ГЛОНАСС жүйесі негізінде навигациялық-ақпараттық қызметтерді құру саласында консультациялық қызметтер көрсету;
      навигациялық қызметтер нарығының инфрақұрылымын дамыту, Тараптар аумағында тиісті инвестициялық жобаларды іске асырудың пилоттық аймағын айқындау;
      ЭРА-ГЛОНАСС технологияларын көлік кешенінде пайдаланудың ықтимал нұсқаларын қосымша қарау;
      ЭРА-ГЛОНАСС жүйесі технологияларын пайдаланатын навигациялық-ақпараттық жүйелер мен жабдықтар туралы ақпарат және техникалық деректер алмасу;
      Тараптардың кез келгені ұйымдастыратын ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға Тараптар өкілдерінің қатысуы арқылы тиісті қызмет салаларында Тараптар жинақтаған тәжірибе және білім алмасу;
      ынтымақтастықтың Тараптармен келісілген басқа да кез келген түрлері.
      6. Осы Меморандумда көзделген ынтымақтастықты жүзеге асыруға жауапты құзыретті органдар:
      Ресей Тарапынан – Ресей Федерациясы Көлік министрлігі;
      Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
      7. Тараптар осы Меморандумның шеңберінде қызметтің мамандандырылған түрлерін жүзеге асыру үшін Тараптардың жеке құқығының субъектілері болып табылатын ұйымдарды тағайындайды (бұдан әрі – тағайындалған ұйымдар). Тағайындалған ұйымдар:
      Ресей Тарапынан – навигациялық қызмет саласындағы федералды желі операторы «Содействие развитию и использованию навигационных технологий» коммерциялық емес әріптестігі («ГЛОНАСС» КеӘ);
      Қазақстан Тарапынан – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы болып табылады.
      8. Осы Меморандум Тараптардың бірлескен қызметі бойынша заңды және қаржылық міндеттемелерге әкелмейді.
      9. Тараптар сондай-ақ осы Меморандумның шеңберінде ешқандай іс-қимыл Тараптардың бір де біреуінің қандай да бір өкілеттілігі мен құқықтарына нұқсан келтірмейтінін негізге алады.
      10. Осы Меморандум екі Тарап қол қойған күнінен бастап қолданылады және белгіленбеген мерзімге жасалады.
      2012 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының          Ресей Федерациясының
            Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін