О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 50 "Об утверждении Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 2013 года № 919. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 октября 2015 года № 821

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 12.10.2015 № 821 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года № 50 «Об утверждении Правил информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций» (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 2, ст. 18) следующие дополнения:
      в Правилах информирования, пропаганды знаний, обучения населения и специалистов в области чрезвычайных ситуаций, утвержденных указанным постановлением:
      дополнить пунктами 4-1, 4-2 и 8-1 следующего содержания:
      «4-1. Службы наблюдения, контроля обстановки и прогнозирования чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера (сейсмологическая служба, системы селевого оповещения, контроля за радиационной безопасностью и другие) в целях предупреждения, при угрозе и/или возникновении чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера на территории Республики Казахстан и/или на приграничной территории сопредельных государств незамедлительно предоставляют необходимую информацию с указанием его характеристик оперативному дежурному соответствующего территориального подразделения уполномоченного органа в области чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, а также оперативному дежурному государственного учреждения «Республиканский кризисный центр» Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан по всем доступным видам связи.
      4-2. Оперативный дежурный территориального подразделения уполномоченного органа в области чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, государственного учреждения «Республиканский кризисный центр» Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан при получении информации об угрозе и/или возникновении чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера незамедлительно информирует население в соответствии с пунктами 5 и 6 настоящих Правил руководство уполномоченного органа, заинтересованные центральные, территориальные и местные исполнительные органы.»;
      «8-1. При несвоевременной передаче информации об угрозе и/или возникновении чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера ответственные должностные лица несут ответственность согласно законодательству Республики Казахстан.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

"Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 919 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 18-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлар саласында хабардар ету, білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету қағидалары
      мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2 және 8-1-тармақтармен толықтырылсын:
      «4-1. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау қызметі (сейсмологиялық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) алдын any мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және/немесе іргелес мемлекеттердің шекара маңындағы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және/немесе олардың туындауы кезінде оның сипаттарын көрсетіп, байланыстың барлық қолжетімді түрлері арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесінің жедел кезекшісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне қажетті ақпаратты дереу ұсынады.
      4-2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және/немесе олардың туындауы туралы ақпаратты алған кезде осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарына сәйкес халықты, уәкілетті органның басшылығын, мүдделі орталық, аумақтық және жергілікті атқарушы органдарды дереу хабардар етеді.»;
      «8-1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатері және/немесе олардың туындауы туралы ақпарат уақтылы ұсынылмаған кезде жауапты лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С.Ахметов