О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан отходов и лома черных металлов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2014 года № 711

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 1 июля 2014 года

      В соответствии со статьей 9 Соглашения о единых мерах нетарифного регулирования в отношении третьих стран от 25 января 2008 года и статьей 8 Соглашения о порядке введения и применения мер, затрагивающих внешнюю торговлю товарами, на единой таможенной территории в отношении третьих стран от 9 июня 2009 года, в целях предотвращения критического недостатка на внутреннем рынке отходов и лома черных металлов Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Ввести временный запрет сроком на шесть месяцев на вывоз отходов и лома черных металлов (код ТН ВЭД ТС 7204), за исключением отходов и лома легированной стали, в том числе коррозионностойкой стали (коды ТН ВЭД ТС 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) и прочей (код ТН ВЭД ТС 7204 29 000 0).
      2. Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить исполнение пункта 1 настоящего постановления.
      3. Акционерному обществу «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» (по согласованию) в установленном законодательством порядке принять меры по реализации пункта 1 настоящего постановления.
      4. Министерству экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан в установленном порядке:
      1) проинформировать Евразийскую экономическую комиссию о введении запрета, указанного в пункте 1 настоящего постановления;
      2) внести на рассмотрение Евразийской экономической комиссии предложения о применении мер, указанных в пункте 1 настоящего постановления, другими государствами-участниками Таможенного союза.
      5. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в течение четырнадцати календарных дней со дня введения в действие настоящего постановления уведомить Секретариат Интеграционного комитета Евразийского экономического сообщества о принимаемых Правительством Республики Казахстан мерах по регулированию внешнеторговой деятельности.
      6. Настоящее постановление вводится в действие c 1 июля 2014 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге уақытша тыйым салу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 711 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.

      2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлармен жасалатын сыртқы сауданы қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарының ішкі нарығындағы шектен тыс жетіспеушілікті болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатын (КО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және басқасын (КО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0) қоспағанда, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын (КО СЭҚ ТН коды 7204) әкетуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салу енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін;
      2) Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттердің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсыныстарды енгізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күннің ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.
      6. Осы қаулы 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов