О реструктуризации бюджетных кредитов, выданных из республиканского бюджета в 2010 и 2011 годах Южно-Казахстанской области на строительство жилья и теплиц

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2014 года № 1075

      В соответствии со статьей 193 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Реструктуризировать бюджетные кредиты, предоставленные местному исполнительному органу Южно-Казахстанской области:
      1) в соответствии с Законом Республики Казахстан от 7 декабря 2009 года «О республиканском бюджете на 2010 – 2012 годы» по бюджетной программе «Кредитование областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на строительство и (или) приобретение жилья» в сумме 5104143000 (пять миллиардов сто четыре миллиона сто сорок три тысячи) тенге и по бюджетной программе «Кредитование областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на обеспечение занятости участников Программы «Нұрлы көш» на 2009 – 2011 годы в области развития тепличного хозяйства» в сумме 850598000 (восемьсот пятьдесят миллионов пятьсот девяносто восемь тысяч) тенге в части изменения сроков погашения основного долга на 2020 год;
      2) в соответствии с Законом Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года «О республиканском бюджете на 2011 – 2013 годы» по бюджетной программе «Кредитование областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на строительство и (или) приобретение жилья» в сумме 3877967000 (три миллиарда восемьсот семьдесят семь миллионов девятьсот шестьдесят семь тысяч) тенге в части изменения сроков погашения основного долга на 2021 год.
      2. Министерствам финансов, национальной экономики, здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, акиму Южно-Казахстанской области обеспечить заключение соответствующих дополнительных соглашений к кредитным договорам.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство финансов Республики Казахстан.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Оңтүстік Қазақстан облысына 2010 және 2011 жылдары республикалық бюджеттен тұрғын үй мен жылыжай құрылысына берілген бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1075 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 193-бабына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына:
      1) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылға негізгі борышты өтеу мерзімін өзгерту бөлігінде «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 5104143000 (бес миллиард жүз төрт миллион жүз қырық үш мың) теңге сомасында және «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасының қатысушыларын жылыжай шаруашылығын дамыту саласында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 850598000 (сегіз жүз елу миллион бес жүз тоқсан сегіз мың) теңге сомасында;
      2) «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі борышты өтеу мерзімін 2021 жылға өзгерту бөлігінде «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3877967000 (үш миллиард сегіз жүз жетпіс жеті миллион тоғыз жүз алпыс жеті мың) теңге сомасында берілген бюджеттік кредиттер қайта құрылымдалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктері, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі кредиттік шарттарға тиісті қосымша келісімдер жасасуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
К. Мәсімов